Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы (2014.30.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 20 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 116-бабының 4-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О.Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесі
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Жалпы ереже
1. Осы Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібін белгілейді. 2. Мемлекеттік мекемелер бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті қалыптастыруды осы Ережеде көзделген есептің нақты модельдерін анықтайтын есеп саясатына сәйкес жүзеге асырады. ҚР Қаржы министрінің 2012.24.07. № 348 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) активтер - болашақта экономикалық пайда немесе сервистік әлеуетті қамтамасыз ете алатын, өткен оқиғалар нәтижесінде мемлекеттік мекеме бақылайтын ресурстар; 2) амортизация - пайдалы қолдану мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнының жүйелі бөлінуі; 3) аннуитет - белгілі жылдар саны ішінде жүйелі төлемдер арасындағы тең аралықтағы, бір бағыттағы төлемдердің ағымы; 4) аннуитеттің болашақ құны - аннуитетке енгізілген әрбір жеке төлемнің немесе түсімнің болашақ құндарының сомасы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|