«Күзет қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегі шаралар туралы (2020.31.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2022 жылғы 2 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Күзет қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2009.13.10. № 1589 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.01.07. № 751 Қаулысымен (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2015.17.06. № 454 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған күзет қызметі субъектілері жұмыскерлерінің пайдалануына арналған арнаулы құралдардың тізбесі бекітілсін. 2. ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2009.13.10. № 1589 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 751 Қаулысымен 3-трмақ өзгертілді (2012 жылғы 22 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Жеке күзет ұйымының қызметкерлері санының мынадай нормативтері: 1) стационарлық объектілерді күзету кезінде: бір тәуліктік күзет постына 4,5 күзетшісі аспайтын штат бірліктен; он екі сағаттық бір күзет постына 2,25-тен аспайтын штат күзет бірлігі; сегіз сағаттық бір күзет постына 1,5-тен аспайтын штат күзет бірлігі; күзетілетін объектілерден түсетін шақыруларға қызмет көрсететін жеке күзет ұйымының бір тәуліктік ұтқыр тобына (жедел ден қою тобына) 13,5-тен аспайтын штат күзет бірлігі; 2) магистральдық құбырларды күзету кезінде: айланып өтетін жолдарды, жер бедерінің күрделілігін, трасса жолының бойын, елді мекендерден алыстықты, желілік бөлігін техникалық құралдармен қорғауды, ауданға төнетін қауіп пен криминалдық қауіп-қатерді талдауды ескере отырып, магистральдық мұнай құбырының желілік бөлігінің 40 - 80 километріне бір тәуліктік ұтқыр топ; күзетілетін магистральді газ құбырының желілік бөлігі трассасының 100 - 160 километріне бір тәуліктік ұтқыр топ бекітілсін; 3) темір жол және автомобиль көлігімен тасымалданатын жүктерді күзету кезінде күзетшілердің саны стационарлық объектілерді күзету үшін орнатылған нормативтер шегінде шарт талаптарымен белгіленеді. 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
ҚР Үкіметінің 2015.17.06. № 454 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 қаулысымен бекітілген Күзет қызметі субъектілері жұмыскерлерінің пайдалануына арналған арнаулы құралдардың тізбесі
1. Резеңке таяқшалар. 2. Инкассация мен құндылықтарды тасымалдауға арналған броньды машиналар. 3.1- 5-қорғау сыныптарындағы қорғау кеудешелері. 4. 1 - 3-қорғау сыныптарындағы қорғау шлемдері. 5. Қол кісендері. 6. Қаруларды, жарылғыш заттар мен құрылғыларды анықтайтын детекторлар. 7. Радиоактивті, химиялық және өзге де улағыш заттарды анықтайтын детекторлар. 8. Күзет, дабыл сигнализациясы жүйелері. 9. Өтуді бақылау жүйесі. 10. Қосарлы қолданылатын техникаға жатпайтын телевизиялық бейнебақылау және бейнекүзет жүйелері. 11. Хабар беру, оның ішінде радиоарналар арқылы хабар беру жүйелері.
Ескертпелер: 1. Резеңке таяқшаларды қолдану кезінде олармен құқық бұзушылардың басына, мойнына және бұғана тұсына, іші мен жыныс органдарына соққы беруге тыйым салынады. 2. Тізбе жеке күзет ұйымдарына ғана қолданылады.
Күзетші құжатының нысаны мен үлгісі. ҚР Үкіметінің 2015.17.06. № 454 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Жеке күзет ұйымдарының басшыларын және күзетшілерін мамандандырылған оқу орталықтарында арнайы даярлау мазмұны, бағдарламасы және біліктілік талаптары. ҚР Үкіметінің 2015.17.06. № 454 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 5 сәуірдегі № 407 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізiлетiн өзгертулер және толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2007.10.08. № 686 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2. ҚР Үкіметінің 2020.31.12. № 960 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. ҚР Үкіметінің 2005.20.04. № 367 Қаулысымен күші жойылды (күшіне енетін мерзімін қара)
|