Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығы
(2024.21.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2021.07.06. № 540 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 69-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдарды телефон байланысымен қамтамасыз етудің заттай нормалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдарды кеңсе жиһазымен қамтамасыз етудің заттай нормалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
ҚР Қаржы министрінің 2021.25.02. № 150 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қызметтік және кезекші автомобильдерді пайдалану белгіленген жүру лимитінің шегінде орталық атқарушы органның аппарат басшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның аппарат басшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адамның), ал мұндайлар болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қызметтік автомобиль - мемлекеттік органдардың көліктік қызмет көрсетуі үшін қызметтік және кезекші автомобильдердің тиістілік нормативте көзделген лауазымды тұлғаға жеке көліктік қызмет көрсетуге арналған жеңіл автомобиль.
Кезекші автомобиль - мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне көліктік қызмет көрсетуге арналған жеңіл автомобиль не микроавтобус не автобус, сондай-ақ делегацияларға және басқа да адамдарға көліктік қызмет көрсету үшін қонақтарға арналған жеңіл автомобиль не микроавтобус не автобус.
3. Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен: