|
|
|
Атырау облысының карантиндік шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы (2022.10.02. берілген өзгерістермен)
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 4 Қаулысымен күші жойылды
Атырау облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары мен пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішіндегі карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның тіркелуін ескере отырып, ҚАУЛЫ ETEМІH: 1. Атырау облысының тұрғындарына: 1) респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, қызба, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) медициналық ұйымдарға бармай, жедел медициналық көмектің 103 нөміріне қоңырау шалу арқылы үйден медициналық көмекке жүгіну; 2) қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану кезінде әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып және 5 (бес) жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, қоғамдық орындарда, тұрғындардың баруына және демалуына, қызмет көрсетуге арналған орындарда, қоғамдық көліктерде медициналық немесе мата бетперделерді кию міндетті; 3) 65 жастан асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды, қажетті тауарларды сатып алуды, сондай-ақ медициналық мекемелерге баруды қоспағанда аса қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен шықпауға ұсыныс беріледі; 4) барлық облыс тұрғындарына халық көп шоғырланатын жерлерге бармауға, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, бетперде кию тәртібін және жеке бас гигиенасын сақтауға ұсыныс беріледі; 5) облыс халқының алаңдарда, скверлерде, жағалауларда, саябақтарда және өзге де демалыс орындарында бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 3 адамнан астам топ болып адамдардың жиналуына тыйым салынсын; 6) ойын-сауық, салтанатты, еске алу, отбасылық іс-шаралар (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), оның ішінде үйде өткізілетін іс-шараларға және «Ashyq» жобасына қатысушыларды есептемегенде, адамдар көп жиналатын іс-шараларға тыйым салынсын; 7) барлық шетелден келген азаматтарда вакцинациялау статусына қарамастан, анықтама берілген күнінен бастап, 72 сағаттан ерте емес ПТР тестілеудің теріс нәтижесі болуы міндетті. 2. Вахталық әдіспен жұмыс жасайтын барлық компаниялар мен өнеркәсіптік кәсіпорындар қамтамасыз етсін: 1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысының талаптарына сәйкес шектеу және карантиндік шараларын қатаң түрде жүзеге асыруды: - шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорын қызметкерлерінің шығуына (кіруіне) қойылатын талаптарды сақтау. 2) Жылыой ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 9 қаулысына сәйкес Теңіз кен орнында карантиндік және шектеу шаралары Теңізде вахталық әдіспен жұмыс жасайтын жұмысшылардың шығуына (кіруіне) қойылатын талаптарды сақтаумен эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын. 3. Атырау қаласы және аудандар әкімдері, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), компаниялар, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар қамтамасыз етсін: 1) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 7 қаулысының 1 және 2-тармақтарына сәйкес объектілерде «Ashyq» жобасын енгізу; 2) «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын-алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысының 1-тармағы 1-тармақшасына (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19 ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) сәйкес көрсетілген ұйымдардың вакцинацияланбаған қызметкерлері үшін міндетті түрде ПТР-тестілеу (7 күнде 1 рет) болуын; 3) отырғызу орындарының саны бойынша салондарды толтыра отырып, қолданыстағы маршруттар бойынша қоғамдық көлік санын көбейту; 4) қоғамдық және такси көліктерінде, әуежайларда, балалардың ойын алаңдарында, азық-түлік, азық-түлік емес базарларда, басқа да қоғамдық орындарда санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізуді. 4. Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.10.02. № 3 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 5. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілерге келушілерде «бейтарап» («көк») немесе «қауіпсіз» («жасыл») мәртебе болған жағдайда рұқсат етіледі. 6. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметкерлері мен келушілерінде қауіпсіз («жасыл») мәртебе болған жағдайда (вакцинация немесе ревакцинация, сынамалар алынған кезден бастап 7 тәуліктен аспаған ПТР тесттің теріс нәтижесі бар, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар). 7. «Ashyq» жобасына қатыспайтын объектілердің қызметіне Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42 «Карантиндік және шектеу шаралары мен оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысында көзделген «қызыл» аймаққа арналған өлшемшарттарға сәйкес рұқсат етіледі. 8. Карантиндік және шектеу шараларының сақталуын бақылау жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысын жандандыру. 9. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қамтамасыз етсін: - облыс тұрғындары арасында вакцинация және ревакцинация жүргізуді; - медицина қызметкерлері және 60 жастан асқан адамдарды «Комирнати» (Пфайзер) вакцинасымен ревакцинациялауды; - «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысы талаптарының орындалуын; - облыс бойынша Үйлестіру орталықтарының жұмысын жандандыру, карантиндік шаралардың бұзылуы туралы шұғыл хабарламалардың уақтылы ұсынылуын. 10. Атырау облысының Полиция департаментіне: - шектеу шараларын сақтау мақсатында патрульдер ұйымдастырсын, егер жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталса, аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына дереу материалдар жіберу. 11. Атырау облысының Ішкі саясат басқармасына: - облыс тұрғындары арасында жұқтыру ошақтарын оқшаулау және оның таралу қаупін азайту бойынша қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық жариялаулар жүргізуді қамтамасыз етсін. 12. Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 1 «Атырау облысының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын-алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын. 13. Осы қаулының орындалуын бақылауды Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.А. Бекешеваға жүктеймін. 14. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап заңды күшіне енеді.
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы № 2 қаулысына 1-қосымша
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары
«+» - қызметке рұқсат етілген; «✓» - қызметке ішінара рұқсат етіледі (шектеулермен); * - келушілердің бейтарап («көк») немесе қауіпсіз («жасыл») мәртебесі болған кезде объектілерге кіру; ** - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес).
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы № 2 қаулысына 2-қосымша
Қауіпсіз «жасыл» мәртебе бар болған кезде «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік- экономикалық объектілер қызметінің өлшемшарттары
* - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |