|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік қауіпсіздік, индустриялық аймақтар, жануарлар дүниесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, энергетика, табиғи монополиялар және ішкі істер органдары қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 24 сәуірдегі № 86-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 1. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 11, 29-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 9-10, 52-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-I, 119-құжат; № 24-II, 122-құжат; 2020 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 39-құжат; № 13, 67-құжат; № 19-20, 81-құжат; № 21-22, 91-құжат; 2021 ж., № 1, 1-құжат): 1) 1-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы «арнаулы мемлекеттік органдардың,» деген сөздерден кейін «ішкі істер органдарының,» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 2-бапта: 7-1) тармақша «арнаулы мемлекеттік органдардың,» деген сөздерден кейін «ішкі істер органдарының,» деген сөздермен толықтырылсын; 44-3) тармақша «арнаулы мемлекеттік органдардың,» деген сөздерден кейін «ішкі істер органдарының,» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 13-1-тараудың тақырыбы «Арнаулы мемлекеттік органдардың,» деген сөздерден кейін «ішкі істер органдарының,» деген сөздермен толықтырылсын; 4) 101-3-бапта: тақырып «Арнаулы мемлекеттік органдардың,» деген сөздерден кейін «ішкі істер органдарының,» деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақта: бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «қызметкерлері (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын қоспағанда),» деген сөздер «(арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын қоспағанда), ішкі істер органдарының қызметкерлері,» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші және үшінші бөліктер «арнаулы мемлекеттік органдардың,» деген сөздерден кейін «ішкі істер органдарының,» деген сөздермен толықтырылсын; төртінші бөлік «Арнаулы мемлекеттік орган,», «арнаулы мемлекеттік органның,» деген сөздерден кейін тиісінше «ішкі істер органы,», «ішкі істер органының,» деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақ «арнаулы мемлекеттік органдардың,» деген сөздерден кейін «ішкі істер органдарының,» деген сөздермен толықтырылсын; 5) 101-4-бапта: 1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын: «Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне бұрын тағайындалған тұрғын үй төлемдері мынадай жағдайларда: 1) тұрғын үй төлемдері алғаш рет ресімделген, кейіннен сатып алатын жалға алу немесе ипотекалық кредит сомасын өтеуге пайдаланылған жағдайда, тұрғын үй төлемдерін алу құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдары санаттарына жататын лауазымдарға қайта тағайындалғанда осы Заңның 101-11-бабына сәйкес - көрсетілген лауазымдарға тағайындалған күннен бастап; 2) қарамағына қабылданғанға дейін ішкі істер органдары жүйесінде тұрғын үй төлемдерін алушылар болып табылған, қарамағында болғаннан кейін тұрғын үй төлемдерін алу құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдары санаттарына жататын лауазымдарға қайта тағайындалғанда - қарамағына қабылданған күннен бастап қайта басталады. Қарамағында болу мерзімі «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептеледі. Тағайындалған тұрғын үй төлемдері ішкі істер органы қызметкерінің жүктілігіне және босануына байланысты демалыста, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыста, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыста болған кезеңіне, оның ішінде тиісті органның қарамағына қабылдана отырып сақталады.»; 2-тармақта: 1) тармақша «арнаулы мемлекеттік органнан» деген сөздерден кейін «, ішкі істер органынан» деген сөздермен толықтырылсын; 2), 3) және 4) тармақшалар «арнаулы мемлекеттік органның,» деген сөздерден кейін «ішкі істер органының,» деген сөздермен толықтырылсын; 4) тармақшадағы «тартқан жағдайларда тоқтатылады.» деген сөздер «тартқан;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: «5) ішкі істер органының қызметкері тұрғын үй төлемдерін алу құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдары санатына жататын лауазымынан босатылған жағдайларда тоқтатылады.»; 6) 101-6-бапта: 1) тармақша «арнаулы мемлекеттік органнан,» деген сөздерден кейін «ішкі істер органынан,» деген сөздермен толықтырылсын; 4) тармақша «арнаулы мемлекеттік органның,» деген сөздерден кейін «ішкі істер органының,» деген сөздермен толықтырылсын; 7) 101-7-бапта: 1) және 2) тармақшалар «арнаулы мемлекеттік органды,» деген сөздерден кейін «ішкі істер органын,» деген сөздермен толықтырылсын; 3) тармақша: «арнаулы мемлекеттік органның қызметкері» деген сөзден кейін «, ішкі істер органы, ішкі істер органының қызметкері» деген сөздермен толықтырылсын; «және арнаулы мемлекеттік орган,» деген сөздерден кейін «ішкі істер органы,» деген сөздермен толықтырылсын; 8) 101-9-бапта: тақырып «арнаулы мемлекеттік органдар,» деген сөздерден кейін «ішкі істер органдары,» деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақ «Арнаулы мемлекеттік органның,» деген сөздерден кейін «ішкі істер органының,» деген сөздермен толықтырылсын; 9) 101-10-баптың тақырыбы және бірінші абзацы «Арнаулы мемлекеттік органдар,» және «арнаулы мемлекеттік органдар,» деген сөздерден кейін тиісінше «ішкі істер органдары,» деген сөздермен толықтырылсын; 10) мынадай мазмұндағы 101-11-баппен толықтырылсын: «101-11-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің тұрғынжай құқығын іске асыруы 1. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің тұрғынжай құқығын іске асыруы осы тарауда белгіленген тәртіппен олар тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күннен бастап тұрғын үй төлемдерін алу құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдары санатына жататын қызметкерлерге қызметтік тұрғынжай беру немесе жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады. Осы баптың 5 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларда тұрғынжай құқығын іске асыру қызметтік тұрғынжай беру және олардың жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады. Тұрғын үй төлемдерінің мөлшері Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі тұрғынжайдың бір шаршы метрін жалға алу құнын тұрғынжай алаңына көбейту арқылы айқындалады. Тұрғынжай алаңы ішкі істер органы қызметкерінің өзін қоса алғанда, отбасының әрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы алаң есебінен айқындалады. Қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алу құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлерінің лауазымдары санаттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 2. Тұрғын үй төлемдері ішкі істер органы қызметкерінің таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банктердің бірінде ашылған оның жеке арнайы шотына аудару арқылы ай сайынғы негізде жүргізіледі. Ішкі істер органының әрбір қызметкері жеке арнайы шотты өз бетінше ашады және оған қызмет көрсетеді. 3. Тұрғын үй төлемдерін ішкі істер органдарының мемлекеттік мекемесі олар тағайындалған күннен бастап бір ай мерзімде жүргізеді. 4. Қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілген ішкі істер органдары қызметкерлерінің осы тұрғынжайда тұру және осы Заңда белгіленген тәртіппен оны жекешелендіру құқығы сақталады. 5. Жатақханамен қамтамасыз етілген ішкі істер органдары қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері осы тарауға сәйкес айқындалған тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүргізіледі. 6. Ішкі істер органдарында қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) ішкі істер органы қызметкерінің отбасы мүшелері өтеусіз негізде басқа тұрғынжай берілмей, тұрып жатқан тұрғынжайынан шығарылмайды. Ішкі істер органдарының қызметкері қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) және оның осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарға, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелері болған жағдайда жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тағайындалған тұрғын үй төлемдерін алу құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді. Бұл ретте тұрғын үй төлемдерінің мөлшері ішкі істер органдары қызметкері қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) кезде алатын тағайындалған тұрғын үй төлемдерінің мөлшерінен төмен болмайды. Қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшелерінің, егер ішкі істер органдары қызметкерінің қаза табуы (қайтыс болуы): 1) өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізген жағдайларды қоспағанда, өз-өзіне қол жұмсауы салдарынан; 2) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде; 3) алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық күйді туындататын заттарды (сол тектестерді) тұтыну салдарынан; 4) қызметтен жалтару мақсатында қасақана өзіне қандай да бір дене зақымын (өзінің дене мүшесін зақымдау) немесе денсаулығына өзге де зиян келтіру салдарынан; 5) қызметкердің ішкі істер органдарында қызмет өткеру шарттарын бұзған әрекеттерінің салдарынан болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, тұрғын үй төлемдеріне құқықтары болмайды. 7. Шетелге қызмет өткеру үшін жіберілген ішкі істер органдары қызметкерлерінің тұрып жатқан тұрғынжайлары және (немесе) тағайындалған тұрғын үй төлемдері шетелде болатын барлық уақытына сақталады. 8. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алу құқығы бір рет жүзеге асырылады. 9. Ішкі істер органдарының қызметкеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, әскери-дәрігерлік комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы қорытындысы шығарылған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы себебінен қызметтен шығарылған кезде тағайындалған тұрғын үй төлемдері ол осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарға, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерін орындағанға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен сақталады. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдері, егер мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы ішкі істер органдарының қызметкері құқыққа қайшы әрекеттер жасаған кезде немесе алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық (сол тектестерден) масаңдануы немесе өзіне қандай да бір дене зақымын (өзінің дене мүшесіне зақым келтіру) немесе өз денсаулығына өзге де зиян келтіру себебінен болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, төленбейді.». 2. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 99, 101-құжаттар; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 14, 51-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-I, 119-құжат; 2020 ж., № 10, 48-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 68, 71-құжаттар; № 21-22, 91-құжат; № 24-ІІ, 114-құжат; 2021 ж., № 1, 1-құжат; 2021 жылғы 27 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 1-бапта: 9-1) және 9-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «9-1) ерекше индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымы - сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аккредиттелген және ерекше индустриялық аймақ аумағында құрылыс салуға арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын, ерекше индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы; 9-2) жалпыға ортақ пайдаланылатын орындар - халық үшін қолжетімді немесе ашық болатын аумақтар, объектілер;»; мынадай мазмұндағы 9-3) тармақшамен толықтырылсын: «9-3) жергілікті сараптамалық қорытынды - сараптаманы аяқтайтын кезеңді қоспағанда, тиісті жоба бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптамалық қолдаудың әрбір кезеңінде ресімделетін және тапсырыс берушіге берілетін, жобалар сараптамасының қорытындысы;»; 2) 27-1-баптың екінші бөлігі «Арнайы экономикалық аймақтардың» деген сөздерден кейін «, ерекше индустриялық аймақтардың» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 60-бапта: 2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) бір тоғанның және (немесе) бассейннің су бетінің алаңы 0,15 гектардан аспайтын балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын (балық өсіру тоғанын, балық өсіру бассейнін) орналастыруды;»; 9-тармақтың бірінші бөлігі «арнайы экономикалық аймақтардың» деген сөздерден кейін «, ерекше индустриялық аймақтардың» деген сөздермен толықтырылсын; 4) 64-4-баптың 3-тармағындағы «көрме» деген сөз «көрменің және ерекше индустриялық аймақтардың» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 64-5-бапта: мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Ерекше индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымы ерекше индустриялық аймақтың аумағында объектілер салуға арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) міндетті ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізеді. Ерекше индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымы аккредиттелген сараптама ұйымдарының кәсіби бірлестігінің мүшесі (қауымдастырылған мүшесі) болып табылмайды.»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Ерекше индустриялық аймақтың аккредиттелген сараптама ұйымдарын қоспағанда, аккредиттелген сараптама ұйымдары осы Заңда көзделген сараптама қызметінен басқа қандай да бір өзге қызметпен айналысуға құқылы емес.»; 6) 64-6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын: «Аттестаттау рәсімі ағылшын тілінде өткізілуі мүмкін.»; 7) 64-10-бап мынадай мазмұндағы 1-1 және 2-1-тармақтармен толықтырылсын: «1-1. Ерекше индустриялық аймақтың сараптама ұйымының құрамында жобаның негізгі бөлімдеріне сәйкес келетін мамандандыру бойынша аттестатталған кемінде жеті сарапшы болуға тиіс.»; «2-1. Ерекше индустриялық аймақтың сараптама ұйымы: 1) сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларына сәйкес аккредиттеуден өтуге; 2) іс қағаздарын жүргізу шеңберінде құжаттар сараптамаға келіп түскен күн мен сараптама қорытындылары берілген күннен бастап есепке алуды жүргізуге міндетті.». 3. «Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 94-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 9, 44-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; 2021 ж., № 1, 1-құжат): 1) 1-баптың бірінші бөлігінде: 2) тармақшадағы «қауіпті», «технологиялық процестердің режимнен ауытқуы, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы» деген сөздер тиісінше «аварияға алып келмеген, қауіпті», «технологиялық процесті жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін параметрлерден ауытқу» деген сөздермен ауыстырылсын; 14) тармақшадағы «азаматтық қорғау саласындағы» деген сөздер «өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 5-бапта: 1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациялары тіркелген объектілер туралы мәліметтер уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Егер объект иесінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде объект уәкілетті орган бекіткен, қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатындарға жатқызу өлшемшарттарына сәйкес келмесе, онда сақтанушы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне объектідегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы ақпарат береді. Объектінің осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келмеуі объект иесіне объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын мерзімімен бұрын тоқтату құқығын береді. Бұл ретте сақтандырушының сақтандыру қолданылған мерзім ішіндегі уақытқа пропорционал сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігіне құқығы бар.». 4. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2021 ж., № 1, 1-құжат; 2021 жылғы 5 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2021 жылғы 24 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 23 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1-бап мынадай мазмұндағы 63-1) тармақшамен толықтырылсын: «63-1) күріш атызы - су жіберілген күріш немесе басқа да дақылдарды өсіруге арналған, балық өсіру үшін пайдаланылуы мүмкін жер учаскесі;». 5. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 114-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 23-ІІ, 172-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 19-20, 86-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат; № 17-18, 78-құжат; 2021 ж., № 1, 1-құжат): 1) 46-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелері туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін бес жылға дейінгі мерзімге қысқа мерзімді пайдалануға және жиырма бес жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді пайдалануға беріледі. Осы учаскелерді беру мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелері туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан жекеше әріптеске де қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді пайдалануға беріледі.»; 2) 46-1-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктер учаскелерінде объектілерді салу жеке, заңды тұлғалар немесе жекеше әріптестер мемлекеттік ұлттық табиғи паркпен жасасқан ұзақ мерзімді пайдалану шартына сәйкес және эскизге (эскиз жобасына) орай әзірленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша жүргізіледі.»; 3-тармақтағы «Жеке немесе заңды тұлғалардың» деген сөздер «Жеке, заңды тұлғаның немесе жекеше әріптестің» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтағы «жеке және заңды тұлғаларға» деген сөздер «жеке, заңды тұлғаларға немесе жекеше әріптестерге» деген сөздермен ауыстырылсын. 6. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 13-14, 61-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-II, 72-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 14, 54-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 24, 93-құжат; 2020 ж., № 21-22, 89-құжат; № 23, 96-құжат; 2021 жылғы 5 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) кіріспе «кәдеге жаратуды қолдау» деген сөздерден кейін «және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану» деген сөздермен толықтырылсын; 2) 1-бапта: 1-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1-3) басым шартты тұтынушылар - жұмыс істеп тұрған (2018 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және уәкілетті орган Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне енгізбеген) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін және (немесе) жұмыс істеп тұрған (2021 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілерін меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде иеленетін, өндіріп шығарған электр энергиясын осы тұлға немесе тұлғалар тобы толық көлемде тұтынатын не жасалған екіжақты шарттарға сәйкес уағдаласқан бағалар бойынша тұтынушыларға өткізетін тұлға немесе құрамына шартты тұтынушылар және энергия өндіруші ұйымдар кіретін тұлғалар тобы;»;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |