Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 105 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1286 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 47, 531-құжат). 2. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жануарлар дүниесін, соның ішінде аңшылық шаруашылығының қажеттері үшін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 желтоқсандағы № 1303 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 48, 542-құжат). 3. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 1317 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 48, 547-құжат). 4. «Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 32 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 1, 17-құжат). 5. «Су объектісін ауыз сумен жабдықтау көзіне жатқызу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 75 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 2, 39-құжат). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|