|
|
|
Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн, соның iшiнде аңшылық шаруашылығының қажеттерi үшiн пайдалану ережесін бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 105 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде жануарлар дүниесін, оның ішінде аңшылық шаруашылығының мұқтаждығы үшін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 қазандағы № 18-02/891 бұйрығын қараңыз
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 100-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн, соның iшiнде аңшылық шаруашылығының қажеттерi үшiн пайдалану ережесi бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2003 жылғы 23 желтоқсандағы № 1303 қаулысымен бекітілген
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Орман кодексiне және «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн, соның iшiнде аңшылық шаруашылығының қажеттерi үшiн пайдалану тәртібін айқындайды. 2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалану жалпы немесе арнайы табиғат пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады. 3. Жалпы табиғат пайдалану тәртібімен мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалану жануарлар дүниесi объектiлерiн табиғи ортадан алмай-ақ ғылыми, мәдени-ағарту тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда жүзеге асырылады. 4. Арнайы табиғат пайдалану тәртібімен мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалану жануарлар дүниесi объектілерiн табиғи тiршiлiк ортасынан белгiленген тәртiппен ғылыми және мәдени-ағарту мақсаттарында аң аулау кезiнде, сондай-ақ жануарлар тiршiлiгiнiң пайдалы қасиеттерi мен өнiмдерiн пайдалану үшiн алу арқылы жүзеге асырылады. 5. Арнайы табиғат пайдалану тәртібімен жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға бекітілiп берiлген мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалану жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi органның рұқсаты болған кезде мемлекеттік орман иеленушi мен орман пайдаланушы арасындағы шартқа сәйкес жүзеге асырылады. 6. Жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға бекітілiп берілмеген мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалану жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган беретiн рұқсатқа сәйкес жүзеге асырылады. 7. Аң аулау объектiлерiне жатпайтын жануарлар дүниесiн шаруашылық мақсаттарда, сондай-ақ олардың тiршiлiгiнiң пайдалы қасиеттерi мен өнiмдерiн пайдалану (тасталған мүйiздердi, мумие жинау, жабайы араларды, құмырсқаларды және басқаларды пайдалану) үшiн мемлекеттік орман қорының учаскелерi орман пайдаланушыға 1 жылға дейiнгi қысқа мерзiмге беріледi. 8. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде аң аулау объектiлерiне жатпайтын жануарлар дүниесi объектiлерiн шаруашылық мақсаттарда пайдалануды жүзеге асыру үшiн мемлекеттік орман иеленушi беретiн орман билетi және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi органның рұқсаты негiздеме болып табылады. 9. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалану жануарлар дүниесi мен орман ресурстарына нұқсан келтiру мүмкiндiгiне жол бермейтiн тәсiлдермен жүзеге асырылуға тиiс. 10. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға мынадай: 1) оларға орман пайдалану үшiн бөлiнген мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтау өртке қарсы iс-шаралар жүргiзу, ал орман өртi шыққан жағдайда оны сөндiрудi қамтамасыз ету; 2) орман пайдалану үшiн бөлiнген мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орманды заңсыз кесуге және Қазақстан Республикасы орман заңнамасының, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану заңнамасының өзге де бұзушылықтарына жол бермеу; 3) мемлекеттік орман иеленушілерге оларға орман пайдалану үшiн бөлiнген мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман зиянкестерi мен ауруларының пайда болғаны туралы хабарлау; 4) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартында, рұқсаттама құжаттарда белгіленген шарттарды орындау; 5) мемлекеттік орман қоры учаскесiн 10 жылға және одан да астам ұзақ мерзiмдi пайдалануға бекітіп беру туралы мемлекеттік орман иеленушi мен орман пайдаланушы арасындағы шартқа қол қойылғаннан кейiн 2 жылдан аспайтын мерзiмде мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен iшкi шаруашылық аңшылықты жоспарлау жобасын мемлекеттік орман иеленушiге беру; 6) орман шаруашылығы саласындағы, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органдарға жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға ұзақ мерзiмдi пайдалануға бекiтілiп берілген мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жануарлар дүниесiнiң мемлекеттік есебiн, жануарлар дүниесiнiң кадастрын, мемлекеттік орман мониторингiн және жануарлар дүниесiнiң мониторингiн жүргiзу үшiн қажеттi ақпаратты беру талаптары қойылады. 11. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалану ақысы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртіппен айқындалады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |