<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1993 жылғы 21 қазан № 2463-XII (Қазақстан Республикасының 11.05.99 ж. № 381-I; 23.01.01 ж. № 151-I; 24.12.01 ж. № 276-II Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 1993 жылғы 21 қазан № 2463-XII
(Қазақстан Республикасының 11.05.99 ж. № 381-I; 23.01.01 ж. № 151-I;
24.12.01 ж. № 276-II Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен)

 

ҚР 09.07.04 ж. № 593-II Заңымен күші жойылды

 

  • Показать изменения

Жануарлар дүниесi - айналадағы табиғи ортаның негiзгi құраластарының (компаненттерiнiң) бiрi. Қазақстан Республикасы табиғи байлықтарының маңызды құрамдас бөлiгi.

  • Показать изменения

Осы заң жануарлар дүниесiн тиiмдi қорғауды, өсiмiн молайтуды және ұтымды пайдалануды, бүгiнгi және болашақ ұрпақты табиғатқа деген ықтияттылық пен адамгершiлiк көзқарас рухында тәрбиелеудi қамтамасыз етуге тиiс.

  • Показать изменения

I бөлiм. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

  • Показать изменения

1-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасы заңдарының мiндеттерi

  • Показать изменения

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасы заңдарының мiндеттерi жабайы жануарлардың табиғи еркiн тiршiлiк жағдайларын қамтамасыз ету, табиғи үйiрлердiң түр жағынан сан алуандылығы мен тұтастығын сақтау мақсатында оларды қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп отыру, сондай-ақ осы саладағы заңдылықты нығайту болып табылады.

  • Показать изменения

2-бап. Жануарлардың дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасы заңдары

  • Показать изменения

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастар осы Заңмен және осыған сәйкес шығарылатын Қазақстан Республикасының өзге де заң құжаттарымен реттелiп отырады.

  • Показать изменения

3-бап. Жануарлар дүниесi ұғымы

  • Показать изменения

Жануарлар дүниесiне құрғақта, суда, атмосферада және жер қыртысында табиғи еркiн жағдайда тұрақты немесе уақытша мекендейтiн барлық жабайы жануарлар (сүт қоректiлер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қос мекендiлер, балықтар, сондай-ақ ұлутектiлер (молюскалар), шыбын-шiркейлер (насекомдар) және басқалар) жатады.

  • Показать изменения

Ауыл шаруашылық және басқа да үй жануарларын, сондай-ақ шаруашылық, мәдени өзге де мақсаттар үшiн табиғи ортадан айырылып, ырықсыз немесе жартылай ырықсыз жағдайда ұсталатын жабайы жануарларды пайдалану, өсiмiн молайту және қорғау саласындағы қатынастар Қазақстан Республикасының тиiстi заңдарымен реттеледi.

  • Показать изменения

4-бап. Жануарлар дүниесiнiң мақсатты мiндетi

  • Показать изменения

Мақсатты мiндетiне сәйкес жануарлар дүниесi мынадай топтарға бөлiнедi:

  • Показать изменения

- жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген түрлерi;

  • Показать изменения

- жануарлардың аң аулау объектiлерi болып табылатын түрлерi;

  • Показать изменения

- жануарлардың балық аулау объектiлерi болып табылатын түрлерi;

  • Показать изменения

- жануарлардың (аң аулау мен балық аулаудан басқа) өзге де шаруашылық мақсатында пайдаланылатын түрлерi;

  • Показать изменения

- жануарлардың шаруашылық мақсаттарда пайдаланылмайтын, бiрақ экологиялық, мәдени және өзге де құндылығы бар түрлерi;

  • Показать изменения

- жануарлардың халық денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылығын және басқа да үй жануарларын аурудан алдын ала қорғау халық шаруашылығына нұқсан келтiрiлуiне жол бермеу мақсатында бас санын реттеп отыруға жататын түрлерi.

  • Показать изменения

5-бап. Жануарлар түрлерiн топтарға жатқызу және бiр топтан екiншi топқа аудару

  • Показать изменения

Жануарлардың түрлерiн осы заңның 4-бабында аталған топтарға жатқызу олардың негiзгi мақсатты мiндетiне сәйкес, ал жануарлар түрлерiн бiр топтан екiншi топқа аудару олардың негiзгi мақсатты мiндетi өзгерген реттерде жүргiзiледi.

  • Показать изменения

Жануарлар түрлерiн топтарға жатқызуды және бiр топтан екiншi топқа аударуды Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жануарлар дүниесiн мемлекеттік басқаруға арнайы уәкiлдiк берiлген органдар өз құзыретi шегiнде жүргiзедi.

  • Показать изменения

6-бап. Жануарлар дүниесiне меншiк

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасындағы жануарлар дүниесi республиканың айрықша меншiгiнде болады.

  • Показать изменения

Жануарлар дүниесiне иелiк етудi, билiк жүргiзудi және пайдалануды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi тiкелей немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы өкiмет органдары мен жануарлар дүниесiн мемлекеттік басқаруға арнайы уәкiлдiк берiлген органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретi шегiнде жүзеге асырады.

  • Показать изменения

Жануарлар дүниесiн пайдалануға беру және жануарлар дүниесiне меншiк құқығын iс жүзiне асыру жөнiнде басқа да iс-әрекеттер жасау жануарлар дүниесiн басқарудың мемлекеттік органының мiндеттi түрде қатысуымен жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

II бөлiм. АЗАМАТТАРДЫҢ, ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН БIРЛЕСТIКТЕРДIҢ

  • Показать изменения

ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСIН ҚОРҒАУ, ӨСIМIН МОЛАЙТУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ

  • Показать изменения

САЛАСЫНА ҚАТЫСУЫ

  • Показать изменения

7-бап. Азаматтардың жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құқықтары

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы азаматтарының және оның аумағында тұратын немесе мекендей тұратын басқа да адамдардың:

  • Показать изменения

- жануарлар дүниесi мәселелерi жөніндегі заң жобаларын және шараларды талқылауға қатысуға;

  • Показать изменения

- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiнде қоғамдық құрылымдарға бiрiгуге;

  • Показать изменения

- жануарлар дүниесiнiң жай-күйi туралы толық әрi анық-қанық ақпарат алуға;

  • Показать изменения

- жануарлар дүниесiн қорғау және өсiмiн молайту жөніндегі жұмыстар, сондай-ақ осы мәселелер бойынша қоғамдық сараптама жүргiзуге қатысуға;

  • Показать изменения

- жануарлар дүниесiн заңда белгiленген тәртiппен пайдалануға құқығы бар.

  • Показать изменения

Мемлекеттік органдар азаматтардың жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерi жөніндегі заңды және негiзделген ұсыныстарын ескеруге мiндеттi.

  • Показать изменения

8-бап. Азаматтардың жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мiндеттерi

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы азаматтары және оның аумағында тұратын немесе мекендей тұратын басқа да адамдар:

     - жануарлар дүниесiн сақтап, қорғауға;
  • Показать изменения

- осы Заңның және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерi жөніндегі Қазақстан Республикасының өзге де заң құжаттарының талаптарын қастерлеуге;

  • Показать изменения

- жануарлар дүниесiн қорғауға, өсiмiн молайтуға және пайдалануға бақылауды жүзеге асыратын органдардың заңды талаптарын бұлжытпай орындауға және де оларға көмек көрсетуге;

  • Показать изменения

- жануарлар дүниесiне және оның мекендеу ортасына келтiрiлген нұқсанның орнын толтыруға мiндеттi.

  • Показать изменения

9-бап. Қоғамдық ұйымдар мен бiрлестiктердiң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласына қатысуы

  • Показать изменения

Қоғамдық ұйымдар мен бiрлестiктердiң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қызметi олардың жарғылары мен қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

III бөлiм. ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСIН ҚОРҒАУ, ӨСIМIН МОЛАЙТУ

  • Показать изменения

ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК ӨКIМЕТ ПЕН

  • Показать изменения

БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ

Қазақстан Республикасының 24.12.01 ж. № 276-II Заңымен 10-бап өзгерді

  • Показать изменения

10-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң құзыретi

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына:

  • Показать изменения

- жануарлар дүниесiне меншiк құқығын жүзеге асыру;

  • Показать изменения

- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы заңдарды әзiрлеп, жетiлдiру;

  • Показать изменения

- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттік саясатты айқындау;

  • Показать изменения

- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында заңдардың орындалуына бақылау жасау;

  • Показать изменения

- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерi жөніндегі халықаралық шарттарды бекіту және оның күшiн жою жатады.

  • Показать изменения

11-бап. Жергiлiктi өкiлдi өкiмет органдарының құзыретi

  • Показать изменения

Жергiлiктi өкiлдi өкiмет органдарының қарауына:

  • Показать изменения

- жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және пайдалануды бақылау;

  • Показать изменения

- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық ұйымдар мен бiрлестiктердi дамытуға жәрдемдесу;

     - жануарлар дүниесiн пайдаланушылар құқығын қорғау жатады.
  • Показать изменения

12-бап. Жануарлар дүниесiн мемлекеттік басқару

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы аумағында жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергiлiктi атқарушы өкiмет органдары және жануарлар дүниесiн мемлекеттік басқаруға арнайы уәкiлдiк берiлген органдар жүзеге асырады.

  • Показать изменения

13-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi

     Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына:
  • Показать изменения

- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттік саясатты жүргiзу;

- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, аңшылық пен балық шаруашылығын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды бекіту;

  • Показать изменения

- облыстық атқарушы өкiмет органдарының, министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволардың жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі қызметiн үйлестiру, оған басшылық және бақылау жасау;

     - жануарлар дүниесiн пайдалану тәртібін белгiлеу;
  • Показать изменения

- жануарлар дүниесiн пайдаланудың лимиттерiн және квоталарын бекіту;

  • Показать изменения

- жануарларды сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлар түрлерiнiң, сондай-ақ аң аулау және балық аулау объектiлерi болып табылатын түрлерiнiң топтарына жатқызу;

  • Показать изменения

- жануарларды мемлекеттік есепке алу мен жануарлар дүниесiнiң мемлекеттік жиынтық мәліметін (кадастрын) жүргiзу тәртібін белгiлеу;

  • Показать изменения

- зоологиялық жүйелi жинақтар (коллекциялар) жасау және оларды мемлекеттік есепке алу тәртібін белгiлеу;

     - Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабы туралы Ереженi бекіту;
  • Показать изменения

- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру жатады.

  • Показать изменения

14-бап. Облыстық атқарушы өкiмет органының құзыретi

  • Показать изменения

Облыстық әкімішiлiк шекарасында облыстық атқарушы өкiмет органының қарауына:

  • Показать изменения

- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік саясатты жүргiзу;

  • Показать изменения

- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, аңшылық пен балық шаруашылығын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды iске асыру;

  • Показать изменения

- төменгi атқарушы өкiмет органдарының, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту, және пайдалану жөніндегі қызметiн үйлестiру, оған басшылық және бақылау жасау;

  • Показать изменения

- аңшылық шаруашылық жүргiзу құқығын беру және аңшылыққа пайдаланылатын жердi бекітіп беру туралы шешiмдер қабылдау;

  • Показать изменения

- балық пен басқа су жануарларын кәсiпшiлiк аулауға құқық беру және балық шаруашылығы суаттарын бекітіп беру туралы шешiмдер қабылдау;

  • Показать изменения

- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында халықаралық ынтымақтастыққа қатысу;

- жануарлар дүниесiн қорғауға, өсiмiн молайтуға және пайдалануға бақылау жасау жатады.

  • Показать изменения

15-бап. Аудандық, қалалық атқарушы өкiмет органдарының құзыретi

  • Показать изменения

Ауданның, қаланың әкiшiлiк шекарасында аудандық, қалалық атқарушы өкiмет органдарының қарауына:

  • Показать изменения

- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, аңшылық пен балық шаруашылығын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды келiсу;

  • Показать изменения

- кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі қызметтi үйлестiру, оған басшылық және бақылау жасау;

  • Показать изменения

- аңшылық шаруашылығын жүргiзуге және балықты, басқа да су жануарларын кәсiпшiлiк аулауға құқық беру, сондай-ақ аң аулайтын жерлер мен балық шаруашылығы суаттарын бекітіп беру жөніндегі ұсыныстарды келiсу;

  • Показать изменения

- жануарлар дүниесiн қорғауға, өсiмiн молайтуға және пайдалануға бақылау жасау жатады.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

16-бап. Жануарлар дүниесiн мемлекеттік басқаруға арнайы

уәкiлдiк берiлген органдардың құзыретi

  • Показать изменения

Жануарлар дүниесiн мемлекеттік басқаруға арнайы уәкiлдiк берiлген органдардың қарауына:

  • Показать изменения

- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттік саясат жүргiзу;

  • Показать изменения

- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, аңшылық пен балық шаруашылығын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеу және бекітуге ұсыну;

  • Показать изменения

- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, аңшылық пен балық шаруашылығын жүргiзу жөніндегі қалыпты құжаттарды әзiрлеу және бекіту;

  • Показать изменения

- жануарлар дүниесiн қорғауға, өсiмiн молайтуға және пайдалануға, аңшылық пен балық шаруашылығын жүргiзуге мемлекеттік бақылау жасау;

  • Показать изменения

- аңшылық шаруашылығын жүргiзу және аң аулайтын жерлердi бекітіп беру құқығын, балықты, басқа да су жануарларын кәсiпшiлiк аулау және балық шаруашылығы суаттарын бекітіп беру құқығын табыс ету туралы ұсыныстарды әзiрлеу және енгізу;

     - жануарлар дүниесiн пайдалануға шарттар жасау;
  • Показать изменения

- жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі биологиялық негiздемелердi қарау және бекіту;

  • Показать изменения

- берiлген лимиттер мен квоталарға сәйкес және белгiленген басқа да ережелердi сақтай отырып жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру;

  • Показать изменения

- жануарларды мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру және жануарлар дүниесiнiң мемлекеттік жиынтық мәліметін (кадастрын) жүргiзу;

  • Показать изменения

- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, аңшылық пен балық шаруашылығын жүргiзу саласында ғылыми-зерттеу және жобалау-iздестiру жұмыстарын ұйымдастыру;

  • Показать изменения

- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында халықаралық ынтымақтастық жөніндегі шараларды жүзеге асыру жатады.

  • Показать изменения

Жануарлар дүниесiн мемлекеттік басқаруға арнайы уәкiлдiк берiлген органдардың өз құзыретi шегiнде қабылданған шешiмдерiн барлық заңды ұйымдар мен нақты адамдар орындауға мiндеттi.

  • Показать изменения

IV бөлiм. ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСIН ҚОРҒАУ, ӨСIМIН МОЛАЙТУ

  • Показать изменения

ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ЖӨНIНДЕГI НЕГIЗГI ТАЛАПТАР

  • Показать изменения

17-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі негiзгi талаптар

  • Показать изменения

Жануарлардың мекендеу ортасы мен жануарлар дүниесiнiң жай-күйiне ықпал етуi мүмкiн шараларды жүзеге асырған кезде мынадай негiзгi талаптардың сақталуы қамтамасыз етiлуге тиiс:

     - жануарлардың табиғи үйiрлерiнiң тұтастығын сақтау;
  • Показать изменения

- жануарлардың түр жағынан сан алуандығын табиғи еркiндiк жағдайында сақтау;

  • Показать изменения

- жануарлардың мекендеу ортасын, көбею жағдайларын, қоныс аудару жолдарын және шоғырланған жерiн қорғау;

  • Показать изменения

- жануарлар дүниесiн ғылыми негiзделген түрде және ұтымды пайдалану;

  • Показать изменения

- жануарларды, әсiресе олардың сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген түрлерiн қолдан өсiрiп, кейiн оларды табиғи ортаға жiберудi қоса жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту;

  • Показать изменения

- халық денсаулығын сақтау, ауыл шаруашылық және басқа да үй жануарларын аурудан алдын ала қорғау, халық шаруашылығына нұқсан келтiрiлуiне жол бермеу мақсатында жануарлардың бас санын реттеп отыру.

  • Показать изменения

18-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі негiзгi талаптарды қамтамасыз ету

  • Показать изменения

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі негiзгi талаптарды қамтамасыз ету мақсатында экологиялық бағдарламаларда арнайы шаралар көзделедi, олардың орындалуы қаржымен, материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етiледi.

  • Показать изменения

Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі арнайы шараларды қаржыландыру экономикалық жағынан негiзделген нормативтер бойынша республикалық бюджет және өзге де қаражаттар есебiнен жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

V бөлiм. ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСIН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨСIМIН МОЛАЙТУ

Қазақстан Республикасының 11.05.99 ж. № 381-I; 23.01.01 ж. № 151-I Заңдарымен 19-бап өзгерді

  • Показать изменения

19-бап. Жануарлар дүниесiн қорғауды және өсiмiн молайтуды қамтамасыз ету

     Жануарлар дүниесiн қорғау және өсiмiн молайту:
  • Показать изменения

- жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі ережелер мен нормаларды белгiлеу;

  • Показать изменения

- жануарлар дүниесiн пайдалануда тыйым салу мен шектеулердi белгiлеу;

  • Показать изменения

- жануарлардың мекендеу ортасын, көбею жағдайларын, қоныс аудару жолдары мен шоғырланатын жерлерiн қорғау және сақтау;

  • Показать изменения

- қорықтар, қорғалымдар (заказниктер) құру және басқа қорғалатын аумақтар бөлу;

     - ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру;
  • Показать изменения

- өндiрiстiк процестердi жүзеге асырған кезде жануарлардың қырылуына жол бермеу;

  • Показать изменения

- өсiмдiктердi қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттар қолдану кезiнде жануарларды қорғау;

     - зоологиялық жүйелi жинақтар үшiн жануарларды айырып алуды
шектеу;
  • Показать изменения

- ауырған кезде, табиғи апат және басқа себептер салдарынан қырылу қатерi төнген ретте жабайы жануарларға көмек көрсету;

  • Показать изменения

- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жануарлар дүниесiн насихаттау;

- жануарлар дүниесiн қорғау және өсiмiн молайту жөніндегі шараларды негiздеуге бағытталған ғылыми зерттеулердi ұйымдастыру;

  • Показать изменения

- азаматтарды жануарлар дүниесiне деген адамгершiлiк рухында тәрбиелеу;

  • Показать изменения

- жануарлар дүниесiн қорғау жөнiнде басқа шараларды жүргiзу және өзге талаптарды белгiлеу жолымен қамтамасыз етiледi.

  • Показать изменения

20-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалануға тыйым салу және шек қою

  • Показать изменения

Жабайы жануарларды сақтау және өсiмiн молайту мақсатында облыстық атқарушы өкiмет органдары мен Қазақстан Республикасының Үкіметі жануарлар дүниесiн мемлекеттік басқаруға арнайы уәкiлдiк берiлген органдардың ұсынуы бойынша және ғылыми мекемелердiң ұсыныстары негiзiнде жануарлар дүниесiн пайдалануға белгiлi бiр аумақта және белгiлi бiр мерзiмге тыйым салуды немесе шек қоюды белгiлейдi.

  • Показать изменения

21-бап. Елдi мекендердi, кәсiпорындар мен басқа да объектiлердi орналастыру, салу және жобалау кезiнде жануарлардың мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, қоныс аудару жолдары мен шоғырланған жерiн қорғау жөніндегі шаралар

  • Показать изменения

Елдi мекендердi, кәсiпорындарды, құрылыстар мен басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау және салу, қазiргi бар технологиялық процестердi жетiлдiру және жаңаларын енгізу кезiнде, тың жерлердi, батпақты, жағалаулық және бұталы аумақтарды шаруашылық аумағына қосқан кезде, жердi мелиорациялау, орман және су пайдалануды жүзеге асыру, геологиялық барлау жұмыстарын жүргiзу, пайдалы қазбалар өндiру, ауыл шаруашылық жануарларын жаятын және айдайтын жерлердi белгiлеу, туристiк маршруттар жасау және халықтың жаппай демалатын орындарын ұйымдастыру кезiнде жануарлардың мекендеу ортасын және көбею жағдайларын сақтау жөніндегі шаралар көзделуге әрi жүзеге асырылуға, сондай-ақ жануарлардың мекендеу ортасы ретiнде ерекше құнды учаскелерге ешкiмнiң тимеуi қамтамасыз етiлуге тиiс.

  • Показать изменения

Темір жол, тас жол, құбыр жүргiзу және басқа тасымал тораптарын, электр және байланыс желiлерiн, арналарды, бөгеттердi және өзге де гидротехникалық құрылыстарды орналастыру, жобалау және салу кезiнде жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырланған жерiнiң сақталуын қамтамасыз ететiн шаралар әзiрленiп, жүзеге асырылуға тиiс.

  • Показать изменения

22-бап. Сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлар түрлерiн қорғау мен ырықсыз және жартылай ырықсыз жағдайда өсiру

  • Показать изменения

Сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлар түрлерi Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына жазылады.

  • Показать изменения

Сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлар түрлерiнiң қырылуына, санының қысқаруына немесе мекендеу ортасының бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкiн әрекеттерге тыйым салынады.

  • Показать изменения

Табиғи жағдайда ұдайы өсiру қиын немесе мүмкiн емес сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлар түрлерiн сақтау мақсатында жануарлар дүниесiн басқарудың мемлекеттік органдары бұл жануарларды ырықсыз және жартылай ырықсыз жағдайда өсiрiп, кейiннен табиғи ортаға жiберу жөнiнде шаралар қолдауға мiндеттi.

  • Показать изменения

Айрықша реттерде Қазақстан Республикасының Үкіметі жануарлар дүниесiн мемлекеттік басқаруға арнайы өкiлеттiк берiлген органдар мен ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң ұсынуы бойынша сирек кездесетiн және құрып кету қатерi төнген жануарлар түрлерiн арнайы жасалған жағдайларда өсiрiп, кейiннен табиғи ортаға жiберуге, ғылыми және өзге де мақсаттар үшiн аулауға рұқсат бередi.

Қазақстан Республикасының 11.05.99 ж. № 381-I Заңымен 23-бап жаңа редакцияда

  • Показать изменения

23-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану

  • Показать изменения

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану Қазақстан Республикасының Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

24-бап. Өндiрiстiк процестердi жүзеге асыру және көлiк құралдарын пайдалану кездерiнде жануарлардың қырылуын болдырмау

  • Показать изменения

Өндiрiстiк процестердi жүзеге асыру және көлiк құралдарын пайдалану кезiнде жануарлардың қырылуын болдырмау жөнiнде шаралар қолданылуға тиiс.

  • Показать изменения

Жануарлардың қырылуын болдырмау жөнiнде белгiленген шаралар қабылданбайынша материалдарды және өндiрiс қалдықтарын сақтауға, қамыс оруға және құрғақ өсiмдiктi өртеуге, томарлардан тазартып, өзеннен ағаш ағызуға, уылдырық шашу кезiнде маңызы бар өзен арналарын жөндеуге тыйым салынады.

  • Показать изменения

25-бап. Өсiмдiк қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа препараттарды қолдану кезiнде жануарларды қорғау

  • Показать изменения

Өсiмдiк қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және халық шаруашылығында пайдаланылатын басқа да препараттарды қолдану кезiнде жануарлар дүниесi мен жануарлардың мекендеу ортасын қорғау талаптары орындалуға тиiс.

  • Показать изменения

Жануарлардың қырылуын және олардың мекендеу ортасының нашарлауын болырмау мақсатында кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар мен жекелеген адамдар аталған препараттарды тасымалдау, сақтау және қолдану ережелерiн сақтауға мiндеттi.

  • Показать изменения

Жаңа препараттарды жасаған кезде олардың айналадағы ортада шоғырлануының жол берiлер шегiнiң жануарларды және олардың мекендеу ортасын қорғауды қамтамасыз ететiндей нормативтерiн әзiрлеуге тиiс.

  • Показать изменения

Өсiмдiк қорғау құралдарын, материалдық тыңайтқыштар және халық шаруашылығында пайдаланылатын басқа да препараттарды қолдану ережелерi, сондай-ақ аталған препараттардың тiзбесi жануарлар дүниесiн басқару жөніндегі мемлекеттік органдармен келісілуге тиiс.

  • Показать изменения

26-бап. Жабайы жануарлар ауырған кезде, табиғи апат және басқа себептер салдарынан қырылу қатерi төнген ретте оларға көмек көрсету

  • Показать изменения

Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы өкiмет органдары және барлық табиғатты пайдаланушылар жабайы жануарлар ауырған кезде, табиғи апат және басқа себептер салдарынан қырылу қатерi төнген ретте оларға көмек көрсетуге мiндеттi.

  • Показать изменения

27-бап. Жабайы жануарларды көшiру, жерсiндiру, қайта жерсiндiру және будандастыру, оларды әкелу және Қазақстан Республикасы шегiнен әкету

  • Показать изменения

Жабайы жануарларды жаңа мекендеу орнына көшiруге, фауна үшiн жануарлардың жаңа түрлерiн жерсiндiруге, жануарларды қайта жерсiндiру мен будандастыруға, оларды әкелуге және Қазақстан Республикасы шегiнен әкетуге тиiстi ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң қорытындылары ескерiле отырып жануарлар дүниесiн мемлекеттік басқаруға аранйы уәкiлдiк берiлген органдардың берген рұқсаты бойынша ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсатта жол берiледi.

  • Показать изменения

28-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі ғылыми зерттеулер

  • Показать изменения

Жануарлар дүниесiн мемлекеттік басқаруға мүдделi ғылыми-зерттеу мекемелерiн қатыстыра отырып, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiнде ғылыми зерттеулер ұйымдастырылады.

  • Показать изменения

Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы өкiмет органдары, жануарлар дүниесiн пайдаланушылар ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану ғылыми-зерттеулер жүргiзiлуiне жәрдемдесуге мiндеттi.

  • Показать изменения

29-бап. Жануарлар дүниесiн қорғаудың және өсiмiн молайтудың өзге де шаралары

  • Показать изменения

Жануарлар дүниесiн қорғау және өсiмiн молайту мақсатында табиғат пайдаланушылардың құқықтары, оларға Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тәртiппен тиiстi мiндеттер жүктеле отырып, шектелуi мүмкiн.

  • Показать изменения

VI бөлiм. ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСIН ПАЙДАЛАНУ

  • Показать изменения

30-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану

  • Показать изменения

Жануарлар дүниесi кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, Қазақстан Республикасы азаматтарының және оның аумағында тұратын немесе мекендей тұратын басқа да адамдардың пайдаланылуына берiледi.

  • Показать изменения

31-бап. Жаруарлар дүниесiн пайдалану түрлерi

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы аумағында жануарлар дүниесiн пайдаланудың мынадай түрлерiне жол берiледi:

     - аң аулау;
  • Показать изменения

- судағы омыртқасыздар мен теңiз сүт қоректiлерiн аулауды қоса балық аулау;

  • Показать изменения

- аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалану;

- жануарлардың тiршiлiгіндегі пайдалы қасиеттер мен өнiмдердi пайдалану.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы задарымен жануарлар дүниесiн пайдаланудың басқа да түрлерi көзделуi мүмкiн.

  • Показать изменения

Жануарлар дүниесiн биологиялық қару ретiнде пайдалануға тыйым салынады.

  • Показать изменения

32-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану мерзiмдерi

  • Показать изменения

Жануарлар дүниесi тұрақты немесе уақытша пайдалануға берiледi.

  • Показать изменения

Жануарлар дүниесiн алдын ала белгiленбеген мерзiммен пайдалану тұрақты пайдалану деп танылады.

Жануарлар дүниесiн тұрақты пайдалану мерзiмдерi тиiстi шарттармен белгiленедi.

Қазақстан Республикасының 24.12.01 ж. № 276-II Заңымен 33-бап өзгерді

  • Показать изменения

33-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалануды ресiмдеу тәртібі

  • Показать изменения

Жалпы табиғатты пайдалану тәртібімен жануарлар дүниесiн пайдалануды жүзеге асыру қандай бiр рұқсатты талап етпейдi.