Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 1 шілдедегі № 202 қаулысына 6-қосымша
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2021 жылғы 11 ақпандағы № 34 Қаулысымен күші жойылды
санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті (2018.06.06. берілген өзгерістермен)
Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2018.06.06. № 163 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі- мемлекеттік көрсетілетін қызмет) білім беру ұйымдары, Оңтүстік Қазақстан облысының аудандары мен облыстық маңызы бар қалаларының білім беру, отбасы және балалар саласындағы функцияларын жүзеге асыратын атқарушы органдарымен (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) ұсынылады. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электронды және қағаз түрінде. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2018.06.06. № 163 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жалпы білім беретін мектепте тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну туралы анықтама не Стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|