|
|
|
Ақмола облысының аумағында карантиндік шараларды жеңілдету туралы
Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирус инфекциясы (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 07 шілдедегі Кодексінің 9-, 36-, 102-, 104- және 107-баптарына, «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығына және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» (бұдан әрі - ҚР БМСД-нің қаулысы) 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38, «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42, ««Ashyq» жобасын енгізу туралы» 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 44, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 20 қазандағы № 47, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 44 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 55 қаулыларына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Ақмола облысы аумағында шаруашылық және өзге де қызмет пен халықтың өмір сүруінің ерекше жағдайларын эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін Ақмола облысы аумағында шектеу іс-шараларының жүргізілуі қамтамасыз етілсін. 2. Жеке және заңды тұлғалар: 1) ҚР БМСД-нің № 38 қаулыға № 4-қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарын (бір рет және бірнеше рет қолданылатын бетперделерді) қолдану және кәдеге жарату алгоритмін және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтауды қамтамасыз етсін; 2) ҚР БМСД-нің № 47 қаулысын сақтай отырып, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілерінде, үйде, сонымен қатар ашық ауада отбасылық, ас беру (банкет, үйлену той, мерейтой) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын; 3) қоғамдық тамақтану объектілерінде және үйде (отбасылық, естелік іс-шаралары (банкет, үйлену той, мерейтой, мерекелік корпоратив, лотерея ұтыс ойыны) ұйымдастырылған көпшілік жиналатын іс-шараларға, сондай-ақ қызметі ҚР және Ақмола облысы БМСД-нің қолданыстағы қаулыларымен шектелген объектілерге барудан бас тарту ұсынылсын; 4) әлеуметтік қашықтықты және жеке қорғаныш құралдарын (бір рет және бірнеше рет қолданылатын бетперделерді) қолдану мен кәдеге жаратуды сақтай отырып, ойын-сауық орындарсыз саябақтарға, алаңдарға, скверлерге және өзге де демалыс орындарына топта 3 адамнан артық болмауы керек немесе бір отбасы мүшелеріне баруға рұқсат берілсін. 3. Аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері, «Атамекен» ӨКП: 1) InfoKazakhstan.kz сайтында тіркелу негізінде объектілердің қызметін қайта бастауды; 2) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізілген кезде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін InfoKazakhstan.kz сайтында объектінің жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды хабардар етуді; 3) бұзушылықтарды жою үшін кәсіпкерлер дер кезінде шара қабылдау мақсатында шағымдарды және карантин режимін бұзу фактілерін орналастыру үшін InfoKazakhstan.kz сайтты пайдалануды; 4) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге асыратын инспекторлар мен аудитор ұйымдарының тізімін InfoKazakhstan.kz сайтына орналастыруды; 5) InfoKazakhstan.kz сайтындағы объектінің паспортына келушілердің үй-жайлардың жоспарланған толтырылуы туралы мәліметтерді кәсіпкерлік субъектісінің енгізуін (шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі объектілердің қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес, ҚР БМСД-нің № 38 қаулысының қосымшаларында айқындалатын 1 адамға белгіленген алаң ескеріле отырып айқындалады және енгізіледі) қамтамасыз етсін. 4. Аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері: 1) ҚР БМСД-нің № 47 қаулысын сақтай отырып, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, көпшілік іс-шараларын (мерекелік, діни, көпшілік спорт, ойын-сауық мәдени-көпшілік іс-шараларды, форум, конференция және т.б. өткізуге), отбасылық іс-шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтой, мерекелік корпоратив) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде, сонымен қатар ашық ауада өткізуге тыйым салуды; 2) ойын-сауық мекемелері (түнгі, ойын клубтар және т.б.) және ересектер мен балаларға арналған өзге де ойын-сауық, кальян орындары (сондағы қоғамдық тамақтану объектілеріндегі) қызметіне тыйым салуды; 3) мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге тыйым салуды; 4) көрме өткізуге тыйым салуды; 5) (ашық ауада) марафон өткізуге тыйым салуды; 6) жабық жағажайлар мен аквапарктардың қызметін тоқтата тұруды; 7) караоке қызметін тоқтата тұруды; 8) лотерея клубтар, букмекерлік кеңселер қызметін тоқтата тұруды; 9) толтырылуы 30%-дан артық емес, бірақ 50 адамнан асырмай еске алу өткізуге рұқсат беруді; 10) толтырылуы 20%-дан артық емес көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізуге рұқсат беруді; 11) 50 адамға дейін мәдени объектілер (дайындық), 30%-дан асырмай толтыру кезде кинотеатр, театр, концерт залдары, филармония қызметіне рұқсат беруді; 12) толтырылуы 30%-дан артық емес, бірақ 50 адамнан аспайтын, жұмыс режимі сағат 9-дан 02-ге дейін банкет залдарының (мейрамханалардың, дәмханалардың типі бойынша ас беру және келушілерге қызмет көрсету үшін) қызметіне рұқсат беруді; 13) толтырылуы 30%-дан артық емес, жұмыс режимі сағат 07-ден 00-ге дейін бильярд қызметіне рұқсат беруді; 14) толтырылуы 30%-дан артық емес, жұмыс режимі сағат 07-ден 00-ге дейін компьютерлік клубтардың қызметіне рұқсат беруді; 15) толтырылуы 30%-дан артық емес, жұмыс режимі сағат 07-ден 00-ге дейін боулинг клубтарының қызметіне рұқсат беруді; 16) толтырылуы 30%-дан артық емес, бірақ 50 адамнан аспайтын кезде балалар ойын-сауық орталықтарының (жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары, аттракцион мен батут) қызметіне рұқсат беруді; 17) қалааралық/облысаралық, тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысын жандандыруды; 18) 75%-дан асырмай, бірақ 25 адамнан артық емес толтырылған кезде облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымал қозғалысын жандандыруды; 19) 75%-дан асырмай, бірақ 25 адамнан артық емес толтырылған кезде облысаралық, қалалық тұрақты емес тасымал қозғалысын жандандыруды; 20) қала маңындағы жолаушылар поездарының/электр пойыздарының, жолаушылар поездарының жалпы вагондарсыз қозғалысына рұқсат беруді; 21) Ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға рұқсат беруді (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру); 22) өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» РМҚК қызметіне рұқсат беруді; 23) ҚР БМСД-нің № 36, 42 қаулыларының талаптарын сақтаған кезде балалар сауықтыру ұйымдары қызметіне рұқсат беруді; 24) ҚР БМСД-нің № 36, 42 қаулыларының талаптарын сақтаған кезде мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне рұқсат беруді; 25) ҚР БМСД № 42 қаулыға 3-қосымшаға сәйкес алгоритмді сақтай отырып, (қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде) кеңестерді (отырыс) бетпе-бет режимде өткізуге рұқсат беруді; 26) № 38 ҚР БМСДҚ талаптарын сақталған, оларда орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілері жұмысына тыйым салып, бір адамға жеке кемінде 4 ш.м., діни объектілер (мешіт, шіркеу, собор, синагог және т.б.) қызметіне рұқсат беру. Толтырылуын 50%-дан асырмай, бір адамға кемінде 4 ш.м. алаң қамтамасыз ету кезінде, бетперде режимі мен әлеуметтік қашықтық сақталып, қызметкерлер мен келушілерде (вакцина салдырған, сынамаларды іріктеу сәтінен бастап 7 тәуліктен аспаған теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы, КВИ-ға қарсы вакцинацияға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар немесе соңғы 3 ай ішінде КВИ-мен ауырып жазылған адамдар) қауіпсіз «жасыл мәртебесі» болған жағдайда, ұжымдық діни іс-шараларды, оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православие дұғалары және басқаларын жүргізуге рұқсат беруді; 27) гүлдер дүкені, фотосалон, кітапхана, мұражай қызметіне рұқсат беруді; 28) сауда аймақтарында (бутиктерде) ҚР БМСД-нің № 38 қаулыға 5-қосымшаға сәйкес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 1 адамға 4 ш.м. орын болған жағдайда ашық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар қызметіне рұқсат беруді; 29) ҚР БМСД-нің № 38 қаулы талаптарын сақтай отырып, толтырылуы 30%-дан артық емес және бір келушіге кемінде 4 ш.м. орын сақталған, (базар үлгісіндегі сауда үйлері, сауда орталықтары, павильон, дүкен және т.б.) жабық азық-түлік емес және азық-түлік базарлары қызметіне рұқсат беруді; 30) ҚР БМСД-нің № 42 қаулы талаптарын сақтай отырып, толтырылуы 30%-дан артық емес бір келушіге кемінде 4 ш.м. супермаркет пен гипермаркет қызметіне рұқсат беруді; 31) № 38 ҚР БМСДҚ талаптарын, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, сағат 18-ге дейін жұмыс режимімен, 30%-дан асырмай, бір келушіге 4 ш.м. сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының, азық-түлік емес дүкендердің, аралас тауарлар дүкендерінің, павильондардың қызметіне рұқсат беруді; 32) ҚР БМСД-нің № 38 қаулы талаптарын сақтай отырып, көпшілік жиналатын салтанатты, отбасылық, ас беру, ұжымдық және т.б. іс-шараларды өткізбей, үстел арасындағы қашықтық 2 метрден кем емес және келушілер арасында 1 м. кем емес қашықтық сақталған, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан артық емес, режимі сағат 9-дан 02-ге дейін дәмхана, мейрамхана типі бойынша, дүкендердегі және (жайлардағы) барлар және жазғы алаңдар, стрит-фуд (отыратын орынсыз бөлек тұратын палатка/ларек, дүңгіршек) т.б қоғамдық тамақтандыру объектілері қызметіне рұқсат берілсін. Сағат 02-ден 09-ға дейін өнім жеткізіліп қана сатылады; 33) (өнімді тек жеткізу арқылы сатып, жұмыс режимін сағат 10-нан 18-ге дейін шектеп) сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлеріндегі фуд-корт қызметіне рұқсат беруді; 34) ҚР БМСД-нің № 38, № 42 қаулылардың талаптарын сақтай отырып, салтанатты, отбасылық, ас беру, ұжымдық іс-шараларды және көпшілік жиналатын т.б. да іс-шараларды өткізбей, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ орын саны 50 орыннан артық емес алкоголь ішімдіктері сатылмайтын асхана типі бойынша (үй-жайдағы) қоғамдық тамақтандыру объектілері қызметіне рұқсат беруді; 35) ҚР БМСД-нің № 38, № 42 қаулылардың талаптарын сақтай отырып, санитариялық нормаларға сай келетін Сәйкестік актісі болған жағдайда клиент залында (4 ш.м. 1 адам және оңтайлы жұмыс аймақтарының шекараларын белгілей отырып, кресло арасында кемінде 2 метр қашықтық) әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда сұлулық салондары, шаштараздар, маникюр және педикюр қызметтері, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер қызметіне рұқсат беруді; 36) ҚР БМСД-нің № 42 қаулы талаптарын сақтай отырып балалар кабинеттерінің/түзету орталықтары, балалар мен ересектер білім орталық қызметіне рұқсат беруді; 37) ҚР БМСД-нің № 38 қаулы талаптарын сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша, жұмыс режимі сағат 07-ден 00-ге дейін, толтырылуы 50%-дан асырмай және бір адамға 5 ш.м. кем емес орынды қамтамасыз етіп фитнес орталықтары, йога орталықтары, тренажер залдары мен спорт-сауықтыру орталықтары қызметіне рұқсат беруді; 38) ҚР БМСД-нің № 42 қаулы талаптарын сақтай отырып, бір келушіге кемінде 4 ш.м. алаң қамтамасыз етілген жағдайда қоғамдық монша қызметіне рұқсат беруді; 39) ҚР БМСД-нің № 38 қаулы талаптарын сақтай отырып, бір келушіге кемінде 4 ш.м. алаңмен қамтамасыз етілген кезде, толымдылығы 50%-дан аспайтын жұмыс режимімен сағат 07-ден 00-ге дейін сауна қызметіне рұқсат беруді; 40) ҚР БМСД-нің № 38 қаулы талаптарын сақтай отырып, клиент залында бір келушіге 4 ш.м. кем емес әлеуметтік қашықтық сақтай отырып, жұмыс режимімен сағат 07-ден 00-ге дейін СПА орталықтары қызметіне рұқсат беруді; 41) ҚР БМСД-нің № 38 қаулы талаптарын сақтай отырып, жұмыс режимімен сағат 07-ден 00-ге дейін бір адамға су ауданы 5 ш.м. жеке форматта бассейн қызметіне рұқсат беруді; 42) ҚР БМСД-нің № 42 қаулы талаптарын сақтай отырып, туризм объектілері мен адамдар орналасып тұратын салада қызмет көрсететін ұйымдар (қонақ үй, отель, демалыс үй, туристік база және т.б.) қызметіне рұқсат беруді; 43) ҚР БМСД-нің № 42 қаулы талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік органдар (ұйымдар мен кәсіпорындар), квазимемлекеттік сектор органдары, ұлттық кампаниялар, өзге де ұйымдар, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері қызметіне рұқсат берілсін. Бұл ретте, штаттық кестеде 70-дан артық қызметкер болғанда, қызметкерлердің кемінде 30%-ы қашықтықтан жұмыс атқарады. COVID-19-ға қарсы толық вакцинация курсын алған және соңғы 3 айда COVID-19-бен ауырған барлық қызметкерлерге мекемеде жұмыс атқаруға рұқсат беріледі; 44) ҚР БМСД-нің № 42 қаулы талаптарын сақтай отырып, аймақтарға бөлу талаптарын және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим сақталған, алдын ала жазылу бойынша медицина орталықтары, стоматология клиникалары мен кабинеттері қызметіне рұқсат беруді; 45) ҚР БМСД-нің № 42 қаулы талаптарын сақтай отырып, дәріхана қызметіне рұқсат беруді; 46) ҚР БМСД-нің № 42 қаулы талаптарын сақтай отырып, үздіксіз өндірістік циклі бар өнеркәсіп кәсіпорындары қызметіне, ашық ауадағы құрылыс жұмыстарына, ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы мен мал шаруашылығына рұқсат беруді; 47) ҚР БМСД-нің № 42 қаулы талаптарын, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша көлік салонында 2 клиенттен артық, ТҚС-да 3 клиенттен артық болмауы керек, тұрақты жұмыс орындары арасында кемінде 2 метр қашықтық болуы, келушілерге жанаспайтын қызмет түрлерін көрсету объектілері (көлік жуу, көлік жөндеу, тұрмыстық техника, сағат, телефон, компьютер, аяқ-киім жөндеу, тігін ательесі, кір жуатын орындар, химиялық тазалау, кілт дайындау, тұрмыстық үй принципі бойынша және т.б.) рұқсат беруді; 48) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актілері негізінде уақыты мен санын шектей отырып, қаржы нарығы субъектілері қызметіне рұқсат беруді; 49) арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернат, дарынды балаларға арналған мектеп-интернат қызметіне рұқсат беруді; 50) бетперде режимін және кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 15 адамнан артық емес жеке және ұйымдасқан топтар үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік ұлттық табиғи парк, қорық, резерват және т.б.) баруға рұқсат беруді; 51) спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы COVID-19-ға қарсы толық вакцинация курсын алғаны туралы құжат түрінде расталған жағдайда облыстық команда дайындау үшін оқу-жаттығуларын жандандыруға рұқсат беруді; 52) ҚР БМСД-нің № 42 қаулыға 1-қосымшаға сәйкес бизнес-орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттік, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары қызметтері және т.б.) жұмысын 1 адамға кемінде 4 шаршы метр әлеуметтік қашықтық сақталып ұйымдастыруды; 53) ҚР БМСД-нің № 42 қаулы талаптарын сақтай отырып, туристік компаниялар, айырбастау пункттері, ломбард жұмысын ұйымдастыруды; 54) ҚР БМСД-нің № 42 қаулы талаптарын сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 09-дан 18-ге дейін, сенбі күндері сағат 09-дан 14-ке дейін шектей, барынша онлайн форматта қызмет көрсетіп, «Қазпочта» АҚ жұмысына рұқсат беруді; 55) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚКО), оның ішінде мамандандырылған ХҚКО-ның жұмысын сенбі және жексенбі күндері тоқтата тұрып, жұмыс күндері (дүйсенбі - жұма) сағат 9-дан 18-ге дейін ұйымдастырылсын. Көкшетау қаласында жұмыс режимі сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ХҚКО кезекші бөлімшелерін ұйымдастыруға жол беріледі. Азаматтар «Ashyq» қосымшасы арқылы қабылдансын; 56) ҚР БМСД-нің № 42 қаулы талаптарын сақтай отырып (қарбалас сәтте автобус санын ұлғайту, күллі есіктерді ашу, толтырылуы орын саны бойынша) қоғамдық көлік жұмыс істеуіне рұқсат беруді; 57) ҚР БМСД-нің № 36 қаулы талаптарын сақтай отырып жоғары оқу орындары мен колледждер қызметіне рұқсат беруді; 58) «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің қызметі осы қаулыға қосымшаға сәйкес әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарына сәйкес келуге тиіс; 59) «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері ҚР БМСД-нің № 47 қаулысына 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларына сәйкес «Ashyq» жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етсін; 60) 12 жастан асқан балаларға ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен, «Ashyq» қосымшасында, оның ішінде басқа да платформаларда (мысалы, eGOV mobile, Aitu платформасына ұқсас, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, сайт www.ashyq.kz) ерікті тіркеумен компьютерлік клубқа, циркке, кинотеатрға, балаларды сауықтыру орталығына кіруге, облысаралық және қала аралық туристік тасымалдарға рұқсат беруді; 61) қоғамдық көлікті, такси, өнеркәсіптік аумақтарды, әуежайларды, балалар аула алаңдарын, азық-түлік және азық-түлік емес базарларды және басқа да қоғамдық орындарды санитариялық және дезинфекциялық өңдеуді; 62) заңды және жеке тұлғалардың коронавирустық инфекцияның таралу қаупі туындауының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық, шектеу іс-шараларын сақтауына мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін; 63) карантиндік шараларды жеңілдету «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа көшкеннен кейін 7 күннен ерте жүргізілмейді. 5. «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша) «Ashyq» жобаға қатысушылардың арасында бұзушылықтардың алдын алуды жүргізуді қамтамасыз етсін. 6. Меншік түріне қарамастан, кәсіпорындар басшылары қарбалас сәтте қоғамдық көліктерде көп адамның жиналуына жол бермеу мақсатында жұмыс уақыты басталуын сағат 8-ден, 9-дан, 10-нан ауыстыру арқылы жұмыс істейтін адамдар үшін сараланған жұмыс әдісі қарастырылсын. 7. Мемлекеттік органдардың, өнеркәсіп кәсіпорындарының, агроөнеркәсіп секторының басшылары: 1) COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды алмаған (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) жұмыскерлерді күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектеу; 2) ұйымдардың вакцинацияланбаған жұмыскерлері (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) үшін міндетті түрде ПТР-тестілеуді (7 күнде 1 рет) қамтамасыз етсін. 8. Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқарма басшысы Қазақстан Республикасы және Ақмола облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қолданыстағы қаулылары талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін. 9. Ақмола облысы Полиция департаменті бастығы: 1) қызметі рұқсат етілген объектілерде карантин шараларының, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін. Бұзушылықтар анықталған кезде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс талаптарына сәйкес тиісті әкімшілік шараларды қолданылсын; 2) COVID-19 байланыста болғандарды карантинге және ауруханаға жатқызылған орындарын күзетуді; 3) COVID-19 байланыста болғандарды, сондай-ақ COVID-19 зертханалық сараптама нәтижесі оң болып анықталған тұлғаларды іздестіру және карантинге орналастыру жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін. 10. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшылары: 1) Қазақстан Республикасы және Ақмола облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын орындауды; 2) COVID-19-бен ауыратын науқастан сауал алуды; 3) эпидемиологиялық тергеп-тексеру картасын ресімдей отырып, COVID-19 жағдайларын эпидемиологиялық тергеп-тексеруді қамтамасыз етсін. COVID-19 жағдайларын эпидемиологиялық тергеп-тексеруді мынадай басымдықта жүргізсін: симптомдары бар COVID-19 жағдайларының ошақтары; симптомсыз ағымы бар COVID-19 жағдайларының ошақтары; өзге де ошақтар. Пациент туралы деректер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 Веб-қосымшасына енгізіледі; 4) ҚР БМСД-нің № 38 қаулыға 37-қосымшаға сәйкес рейс келгеннен кейін екі сағат ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Веб-қосымшасына сауалнамаларды бере отырып, оларды тану жүйесімен деректерді өңдеуді; 5) байланыста болған адамдарды оқшаулауды, сондай-ақ карантин жағдайында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды; 6) инфекциялық стационарларда және өзге де денсаулық сақтау ұйымдарында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды; 7) халықты COVID-19-дың таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірлерде қолданылатын шаралар туралы хабардар етуді; 8) ҚР азаматтары, шетел азаматтарының жалпы саны бойынша бөле отырып, COVID-19-бен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз елдерден келген шетелдік азаматтарды бөлек есепке ала отырып, ҚР шекарасын кесіп өтетін адамдар туралы күнделікті мониторингті және өткен тәулік ішіндегі ақпаратты Департаментке сағат 02-00-ге дейін беруді; 9) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (оның ішінде ҰҚК Шекара қызметінің) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы (оның ішінде азаматтық персонал) арасында COVID-19 жағдайлары анықталған кезде аталған ведомстволардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерін 2 сағат ішінде хабардар етуді; 10) ҚР БМСД-нің № 47 қаулыға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарының және қауіпсіз «жасыл мәртебе» болған кезде «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарының сақталуын бақылауды; 11) «Ashyq» жобасын ұйымдастыруға және енгізуге қойылатын талаптарды бұзу фактілері бойынша жобаға қатысушыларға қатысты және шектеу және карантиндік шараларды бұзуға жол берген адамдарға қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз етсін. 11. Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы, аудандар және Көкшетау, Степногорск қалалары әкімдері: 1) бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы 2 күн ішінде қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы халыққа хабардар етуді; 2) халық үшін қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы жаднамалар, оның ішінде шұғыл және апат қызметтерінің барлық қажетті байланыстарын көрсете отырып, шектеу іс-шаралары кезінде көшелерде қауіпсіздік шараларын, жүріс-тұрыс ережелерін сақтау туралы азаматтарға арналған нұсқаулықтар әзірлеуді; 3) облыс тұрғындары арасында жұқтыру ошақтарын оқшаулау және оның таралу қаупін азайту бойынша қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат жариялау жүргізуді қамтамасыз етсін. 12. «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ-ндағы РМК-нің Ақмола облысы бойынша филиалы Қазақстан Республикасы мен Ақмола облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулы талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін. 13. Ақмола облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шаралары туралы» 2021 жылғы 29 қазандағы № 39, «Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шаралары туралы» Ақмола облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 қазандағы № 39 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 15 қарашадағы № 40 қаулылардың күші жойылды деп танылсын. 14. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қызметті жүзеге асыратын Ақмола облысы қалалары мен аудандардағы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы. 15. Меншік нысанына қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалар Қаулыны орындауға міндетті.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |