Қостанай облысының аумағындағы «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағын белгілеу туралы (2020.29.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 6 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қостанай облысы әкімдігінің 2020.29.04. № 157 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қостанай облысы әкімдігінің 2017.05.10. № 498 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 123-бабына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және 18, 48, 53-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Қостанай облысы әкімдігінің 2017.05.10. № 498 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); Қостанай облысы әкімдігінің 2020.29.04. № 157 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - табиғи резерват) шекарасының айналасындағы Қостанай облысының аумағында ені екі километрден кем емес, жалпы ауданы 180 929 гектар, оның ішінде: жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай және жер санаттарын өзгертпей Ұлы-Жыланшық учаскесінде 78 972 гектар, Тосынқұм учаскесінде 74 457 гектар және Сарықопа учаскесінде 27 500 гектар күзет аймағы; 2) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес табиғи резерваты шекарасының периметрі бойынша күзет аймағының шекарасы; 3) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес табиғи резерваттың күзет аймағының аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі белгіленсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|