Алматы облысының 2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы
Алматы облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 51-287 шешімі
(2016.27.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 16 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 8-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2016 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Алматы облыстық мәслихатының 2016.27.01. № 54-298 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. 2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2016 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 288 893 391 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсiмдер бойынша 33 378 609 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша 608 860 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетін түсiмдер бойынша 20 000 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша 254 885 922 мың теңге;
2) шығындар 279 931 568 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 3 165 422 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 4 564 484 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 1 399 062 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 7 085 563 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу 7 085 563 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 1 298 162 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 1 298 162 мың теңге.