Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бөліністерін техникалық құралдармен жабдықтау нормаларын бекіту туралы
Осы редакция 2019 жылғы 29 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 4-тармағына және «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы 2015 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланын және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бөліністерін техникалық құралдармен жабдықтау нормалары бекітілсін. Бекітілген нормалар бойынша сатып алу тиісті жылдарға республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде, кезең-кезеңімен жүзеге асырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы (Р.Ф, Жақсылықов) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына (Р.Ф. Жақсылықов) жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 421 бұйрығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|