Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында жанар және жағармай материалдары қызметінің табельдік техникалық құралдарымен және мүлкімен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 421 бұйрығы (2024.01.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2019.29.05. № 484 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 4-тармағына және «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы 2015 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Ішкі істер министрінің 2019.29.05. № 484 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында жанар және жағармай материалдары қызметінің табельдік техникалық құралдарымен және мүлкімен жабдықтаудың заттай нормалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы (Р.Ф, Жақсылықов) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына (Р.Ф. Жақсылықов) жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|