Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 222 бұйрығына 5-қосымша
«Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру» мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары (2023.17.01. берілген өзгерістермен)
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің осы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды. 2. «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023.10.01. № 9 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 17 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша аванс беру үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қойылатын талаптар тізбесінде (бұдан әрі - Тізбе) көзделген құжаттарды қосымшасымен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті тікелей көрсетілетін қызмет берушіге не «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жолдайды. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, ұсыну нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де ақпарат мемлекеттік қызметтер тізбесінде белгіленеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|