Қазақстан Республикасының (2016.08.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасы 3-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің негізгі міндеттері мен қағидаттары 4-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік белгілері 5-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары 6-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қолданылу аясы 7-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері 8-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық және жергілікті жобалары 10-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру 11-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының операторы 13-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдаланудың негізгі ережелері мен қағидаттары 14-бап. Мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасында тәуекелдерді бөлу 15-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі 2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 16-бап. Жекеше әріптестің құқықтары мен міндеттері 17-бап. Мемлекеттік әріптестің құқықтары мен міндеттері 3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 19-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті 26-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы 27-бап. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестікке қатысу нысандары 28-бап. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мемлекеттік-жекешелік әріптестікке қатысу нысандары 29-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік-жекешелік әріптестікке қатысу нысандары 30-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік- жекешелік әріптестікке қатысу нысандары 5-тарау. ЖЕКЕШЕ ӘРІПТЕСТІ АЙҚЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 31-бап. Жекеше әріптесті айқындау 32-бап. Әлеуетті жекеше әріптеске қойылатын біліктілік талаптары 35-бап. Жекеше әріптесті конкурс тәсілімен айқындау 36-бап. Конкурсты өткізу туралы хабарлама 37-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасы 39-бап. Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету 40-бап. Конкурстық өтінімдерді қарау 41-бап. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурс өткізудің ерекшеліктері 44-бап. Тікелей келіссөздер негізінде жекеше әріптесті айқындау 45-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты 46-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының мазмұны 47-бап. Жекеше әріптестің кредиторымен тікелей келісім 48-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының мерзімі 49-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын бұзу негіздері 51-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша кепіл нысанасы 6-тарау. ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІКТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 52-бап. Институционалдық мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы жалпы ережелер 53-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының жарғысы 54-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясын құқықтық реттеу 55-бап. Инновациялардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік 56-бап. Арнайы экономикалық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік 59-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің құқықтық жағдайларын, оның жүзеге асырылу тәсілдерін айқындайды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын дайындау мен іске асыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу, орындау және тоқтату процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) әлеуетті жекеше әріптес - жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа не тікелей келіссөздерге қатысуға үміткер жекеше әріптес; 2) жекеше әріптес - осы Заңға сәйкес мемлекеттік әріптестер ретінде әрекет ететін тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға; 3) конкурсты не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы - осы Заңда белгіленген құзыретіне сәйкес конкурсты не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы орталық мемлекеттік орган не облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары болғанда мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну және (немесе) мемлекеттік бюджеттен төлемдерді жүзеге асыру көзделетін жағдайларды қоспағанда, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты не тікелей келіссөздерді ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын мемлекеттік әріптес; 4) қолжетімділік үшін төлемақы - мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің пайдаланылу және сапалық сипаттамаларын, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің жеке-дара техникалық-экономикалық өлшемдерін негізге ала отырып, көрсетілген объектінің тұтынушыларға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ақшалай төлем; 5) мемлекеттік әріптес - мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан Қазақстан Республикасы, оның атынан әрекет ететін Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органы, сондай-ақ олар уәкілеттік берген өзге де мемлекеттік органдар мен дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тікелей немесе жанама түрде тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілері; 6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік - мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы осы Заңда айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны; 7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау - Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғалар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдау бойынша көрсететiн, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын әзiрлеудi, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері арасындағы келiссөз процесінде консультациялық қызметтер көрсетудi қамтитын көрсетілетін қызметтер; 8) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы - осы Заңға және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес шектеулі уақыт кезеңі iшiнде iске асырылатын және аяқталған сипатқа ие, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру жөнiндегi реттілікпен болатын iс-шаралар жиынтығы; 9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы - мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес инвестициялық шығындардың белгілі бір көлемін өтеуге бағытталған, бюджет қаражаты есебінен төленетін ақшалай төлемдер; 10) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша операциялық шығындардың өтемақысы - мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалануға байланысты жекеше әріптестің шығыстарын өтеуге бағытталған, бюджет қаражаты есебінен төленетін ақшалай төлемдер; 11) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасы - мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы қызметінің мақсаттарын, міндеттерін, негізгі бағыттарын, шығындарды өтеу және кірістер алу көздерін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудан пайда алушыларды, мемлекеттік қолдау шараларын сипаттау, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін сипаттау көзделетін құжат; 12) мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясы - айрықша мақсаты мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру болып табылатын, мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес бірлесіп құрған заңды тұлға не бірден бір қатысушылары мемлекеттік әріптес және (немесе) жекеше әріптес болып табылатын жұмыс істеп тұрған заңды тұлға; 13) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері - жобалануы, салынуы, құрылуы, реконструкциялануы, жаңғыртылуы және пайдаланылуы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын мүлік, мүліктік кешендер. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында ендірілуге жататын жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) мен инновациялар да жатады; 14) мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері - мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес, сондай-ақ осы Заңда көзделген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға қатысатын өзге де тұлғалар; 15) Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы - мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға; 16) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты - мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiгi, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының өзге де талаптары айқындалатын жазбаша келiсiм; 17) оператор - қажет болған кезде мемлекеттік әріптеспен келісу бойынша жекеше әріптес айқындаған, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тарапы болып табылмайтын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын орындаумен байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға; 18) өмірлік цикл келісімшарты - мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының бүкіл қолданылу мерзімі ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін жобалау, салу, құру, реконструкциялау, жаңғырту және пайдалану (жөндеу мен күтіп-ұстауды қоса алғанда), өндірілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі жұмыстардың толық циклі, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің белгіленген техникалық-пайдалану көрсеткіштеріне сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер көзделетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты; 19) сала операторы - жүйелі оператор, жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компания, Ұлттық инфрақұрылым операторы, Ұлттық теміржол компаниясы, Ұлттық жүк тасымалдаушы, Ұлттық жолаушылар тасымалдаушы, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес экономиканың белгілі бір саласында (аясында) ұлттық оператордың не оператордың функцияларын орындайтын өзге де заңды тұлғалар; 20) сервистік келісімшарт - мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне қызмет көрсету жөнінде қызметтер көрсету көзделетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты; 21) тікелей келісім - ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін мемлекеттік әріптес, жекеше әріптес пен жекеше әріптестің кредиторы арасында жасалатын жазбаша келісім.
2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. 3. Экономиканың жекелеген салаларында (аясында) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті құқықтық реттеудің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді. 4. Жекеше әріптесті айқындау, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу, орындау және тоқтату, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну рәсімдері «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары қолданылмастан, осы Заңға және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жекелеген түрлерін регламенттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады. 5. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікке салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. 6. Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруға байланысты қатынастар осы Заңмен және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
3-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің негізгі міндеттері мен қағидаттары 1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің негізгі міндеттері: 1) Қазақстан Республикасының орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің тиімді өзара іс-қимылы үшін жағдайлар жасау; 2) инфрақұрылымды және халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерін дамыту үшін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің ресурстарын біріктіру арқылы мемлекет экономикасына инвестициялар тарту; 3) халықтың, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі деңгейін және сапасын арттыру; 4) Қазақстан Республикасындағы жалпы инновациялық белсенділікті арттыру, оның ішінде жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамытуға жәрдемдесу болып табылады. 2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қағидаттары: 1) реттілік қағидаты - мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері арасындағы өзара қарым-қатынастарды кезең-кезеңмен орнату; 2) конкурстық қағидаты - осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, жекеше әріптесті конкурстық негізде айқындау; 3) теңгерiмдiлiк қағидаты - мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру процесінде мемлекеттiк әрiптес пен жекеше әріптес арасында мiндеттердi, кепiлдiктерді, тәуекелдер мен кірістерді өзара тиiмдi бөлу; 4) нәтижелiлiк қағидаты - мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiктiң нәтижелерiне қол жеткiзудi бағалауға мүмкiндiк беретiн өлшемшарттар мен көрсеткiштердi белгiлеу болып табылады.
4-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік белгілері Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің айрықша белгілеріне мыналар: 1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу арқылы мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің қатынастарын орнату; 2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңі (мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ерекшеліктеріне қарай үш жылдан отыз жылға дейін); 3) мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға бірлесіп қатысуы; 4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің ресурстарын біріктіру жатады.
5-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары 1. Мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары болып табылады. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында бірнеше мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес тараптар бола алады. 2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары мыналар да бола алады: 1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыруды ұсынатын қаржылық және өзге де ұйымдар;
6-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қолданылу аясы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік экономиканың барлық салаларында (аясында) жүзеге асырылады. Бұл ретте тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын объектілер мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін берілмейді.
7-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері 1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жүзеге асырылу тәсілі бойынша институционалдық және келісімшарттық болып бөлінеді. 2. Институционалдық мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiкті мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк шартына сәйкес мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк компаниясы iске асырады. 3. Өзге жағдайларда мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк келісімшарттық мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк тәсілі бойынша жүзеге асырылады. Келісімшарттық мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк шартын, оның ішінде мынадай түрлерін: 2) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару; 3) мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу); 5) технологиялар әзірлеуге, тәжірибелік үлгі дайындауға, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынауға және аз сериялы өндіріске жасалатын шарттар; 8) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің белгілеріне сәйкес келетін өзге де шарттар жасасу арқылы іске асырылады. Келісімшарттық мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жекелеген түрлерін іске асыру кезінде осы Заңмен реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының тиісті заңдарының ережелері, оның ішінде «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер қолданылады.
8-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық және жергілікті жобалары 1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары республикалық және жергілікті болып бөлінеді. 1) меншiк түрi бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру нәтижесiнде алынған мүлiкке туындайтын меншiк (республикалық немесе коммуналдық) құқығына қарай республикалық немесе жергiлiктi ретiнде; 2) пайда алушылар бойынша, егер пайда алушылар екi және одан көп облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың субъектiлерi болып табылса - республикалық ретінде және егер пайда алушылар бiр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың субъектiлерi болып табылса, жергiлiктi ретiнде мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық және жергiлiктi жобаларын айқындау өлшемшарттары болып табылады.
9-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің шығындарын өтеу және мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің кіріс алу көздері 1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыру: 1) жекеше әріптестің меншікті қаражаты; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарызға алынған қаражат; 3) мемлекеттік бюджет қаражаты; 4) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты; 5) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылуы мүмкін. 2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің шығындарын өтеу және мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің кіріс алу көздері мыналар болып табылады: 1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалану процесінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мемлекеттен берілетін субсидиялар; 3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы; 4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша операциялық шығындардың өтемақысы; 5) мемлекеттік меншіктегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысы; 6) қолжетімділік үшін төлемақы. 3. Жобалық қаржыландыруды пайдалана отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыру осы Заңның ережелері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілеріне шығындарды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалады.
10-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру 1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мынадай реттіліктегі сатыларды қамтиды: 1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын әзірлеуі; 2) осы Заңның 31-бабына сәйкес жекеше әріптесті айқындау; 3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу; 4) тараптардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын орындауы. 2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары өздеріне алған барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін аяқталды деп есептеледі.
11-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының операторы 1. Жекеше әріптес қажет болған кезде мемлекеттік әріптеспен келісу бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының бір немесе бірнеше операторын айқындауға құқылы, олар туралы мәліметтер мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына енгізіледі. 2. Институционалдық мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының операторын мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясы айқындайды. 3. Жекеше әріптес мемлекеттік әріптес алдында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы операторының әрекеттері үшін заңдарда көзделген жауаптылықта болады.
12-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін қажетті өзге де мүліктің құқықтық режимі 1. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін қажетті өзге де мүлікті пайдалануы Қазақстан Республикасының заңнамасына және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тарапы Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген тәртіппен екінші тараптың келісімімен мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін қажетті өзге де мүлікті үшінші тұлғаларға мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша беруші тараптың міндеттемелерін үшінші тұлғалар сақтаған жағдайда беруге құқылы. Бұл ретте мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының беруші тарапы үшінші тұлғалардың әрекеттері үшін заңда белгіленген жауаптылықта болады. 3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша мемлекеттік әріптес жекеше әріптеске берген мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін қажетті өзге де мүлік жекеше әріптестің балансына берілуге жататын жағдайларда, олар жекеше әріптестің мүлкінен оқшауландырылады және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттемелердің орындалуына байланысты жүзеге асырылатын жеке есепте көрсетіледі. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 4. Егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі бойынша инвестициялық шығындарды өтеу жүзеге асырылатын жағдайда, онда мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі мемлекеттік меншікке берілуге жатады. Бұл ретте мұндай мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін кепілге беруге жол берілмейді.
13-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдаланудың негізгі ережелері мен қағидаттары 1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына қайшы келмейтін көлемде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдаланудың мынадай қағидаттарын сақтауға міндетті: 1) тауарларды ұсыну, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету өлшемдерін осы тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге сұранысты қанағаттандыру мақсатында бейімдеу; 2) тауарларды ұсынудың, жұмыстарды орындаудың және қызметтерді көрсетудің үздіксіздігін қамтамасыз ету. 2. Жекеше әріптес мемлекеттік әріптеспен келісу бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалану тәртібін белгілейді және оның сақталуын қамтамасыз етеді. 3. Жекеше әріптес Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа кезде, қызметтер көрсетуге қатысты бір тұлғаға басқалар алдында артықшылық жасауға құқылы емес.
14-бап. Мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасында тәуекелдерді бөлу 1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің түрлі кезеңдерінде туындайтын тәуекелдер тізбесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды. |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасы3-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің негізгі міндеттері мен қағидаттары4-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік белгілері5-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары6-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қолданылу аясы7-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері8-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық және жергілікті жобалары9-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің шығындарын өтеу және мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің кіріс алу көздері10-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру11-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының операторы12-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін қажетті өзге де мүліктің құқықтық режимі13-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдаланудың негізгі ережелері мен қағидаттары14-бап. Мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасында тәуекелдерді бөлу15-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі 2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ16-бап. Жекеше әріптестің құқықтары мен міндеттері17-бап. Мемлекеттік әріптестің құқықтары мен міндеттері18-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға қатысатын өзге де тұлғалардың құқықтары мен міндеттері 3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ19-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті20-бап. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті21-бап. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті22-бап. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті23-бап. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті24-бап. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті25-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы құзыреті26-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы 4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ, КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОР СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІККЕ ҚАТЫСУ НЫСАНДАРЫ27-бап. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестікке қатысу нысандары28-бап. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мемлекеттік-жекешелік әріптестікке қатысу нысандары29-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік-жекешелік әріптестікке қатысу нысандары30-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік- жекешелік әріптестікке қатысу нысандары 5-тарау. ЖЕКЕШЕ ӘРІПТЕСТІ АЙҚЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР31-бап. Жекеше әріптесті айқындау32-бап. Әлеуетті жекеше әріптеске қойылатын біліктілік талаптары33-бап. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа не тікелей келіссөздерге қатысуға байланысты шектеулер34-бап. Біліктілік іріктеу35-бап. Жекеше әріптесті конкурс тәсілімен айқындау36-бап. Конкурсты өткізу туралы хабарлама37-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасы38-бап. Конкурстық өтінім39-бап. Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету40-бап. Конкурстық өтінімдерді қарау41-бап. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурс өткізудің ерекшеліктері42-бап. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізудің ерекшеліктері43-бап. Оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс өткізудің ерекшеліктері44-бап. Тікелей келіссөздер негізінде жекеше әріптесті айқындау45-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты46-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының мазмұны47-бап. Жекеше әріптестің кредиторымен тікелей келісім48-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының мерзімі49-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын бұзу негіздері50-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша талап етуді біреуге беру және жекеше әріптестің борышын аудару51-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша кепіл нысанасы 6-тарау. ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІКТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ52-бап. Институционалдық мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы жалпы ережелер53-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының жарғысы54-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясын құқықтық реттеу 7-тарау. ИННОВАЦИЯЛАРДАҒЫ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІКТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ55-бап. Инновациялардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік56-бап. Арнайы экономикалық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік 8-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР |