|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 20 ақпандағы № 17-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне: 12-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;». 2-тармақ 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 2. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне: 3-баптың 28) тармағы «; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін немесе лауазымдық міндеттері мемлекеттік қызметтерді көрсетуге байланысты болатын не жеке тұлғалардың қолжетімділігі шектеулі дербес деректеріне және (немесе) қолжетімділігі шектеулі өзге де ақпаратқа қол жеткізе алатын қызметкерлері» деген сөздермен толықтырылсын. 3-тармақ 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне: 1) 443-1-баптың бірінші бөлігі алып тасталсын; 2) 685-баптың бірінші бөлігіндегі «443-1 (бірінші және үшінші бөліктерінде)» деген сөздер «443-1 (үшінші бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 919-1-баптың екінші абзацындағы «бірінші және екінші бөліктерінің» деген сөздер «екінші бөлігінің» деген сөздермен ауыстырылсын. 4-тармақ 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 4. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне: 7-бап мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын: «10-1) дактилоскопиялық тіркеуден өтуден босатуға негіз болатын аурулардың тізбесін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;». 5. 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне: 1-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша» деген сөздер «көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге» деген сөздермен ауыстырылсын. 6. «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;». 7. «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»; мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган - халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі;»; 4) тармақша алып тасталсын. 8. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына: 9-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру олар Қазақстан Республикасының аумағында болған кезде және тіркеу органдарына тек жеке өзі жүгінген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке басын сәйкестендіру мақсатында жүзеге асырылады.». 9. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына: 198-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: «5-1) мемлекетке тиесілі ақпараттандыру объектілері;». 10-тармақ 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 10. «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына: 7-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2-1. Осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 1) - 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттар «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда құжат иесінің қол саусақтарының іздерін қамтиды.». 11. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-бапта: 1) және 1-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»; «1-2) әріптестік келісім - мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін талаптарға сәйкес келетін және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның іріктеуінен өткен кәсіпкерлік субъектілерімен Мемлекеттік корпорация жасаған келісім;»; мынадай мазмұндағы 1-3), 1-4), 2-1), 4-2), және 5-1) тармақшалармен толықтырылсын: «1-3) әріптестік ұйым - осы Заңға сәйкес әріптестік келісім жасаған кәсіпкерлік субъектісі; 1-4) «бір өтініш» қағидаты - бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтің жиынтығы көзделетін мемлекеттік қызмет көрсету нысаны;»; «2-1) жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызмет - мемлекеттік көрсетілетін қызметтің өлшемшарттарына сай келетін, бірақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілмеген мемлекеттік функция;»; «4-2) Мемлекеттік корпорацияның мобильдік қосымшасы - Мемлекеттік корпорациямен бейнебайланыс арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған ақпараттандыру объектісі;»; «5-1) мемлекеттік көрсетілетін қызметке қосымша сервис - көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметке қосымша түрде жеке тәртіппен көрсетілетін қызмет;»; 2) 8-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын; 3) 10-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «13) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты олар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға береді;»; 4) 11-1-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мемлекеттік корпорация «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету бойынша қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы провайдер болып табылады.»; 4-тармақта: мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметін Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы хабардар етеді;»; 6) және 6-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жеке және (немесе) заңды тұлғаларға «бір терезе» қағидаты бойынша, оның ішінде электрондық нысанда және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның мобильдік қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетеді және (немесе) көрсетуді ұйымдастырады; 6-1) Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынылатын немесе Мемлекеттік корпорация ұсынатын мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат береді;»; мынадай мазмұндағы 6-4) тармақшамен толықтырылсын: «6-4) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың әкімшілік органдарға, лауазымды адамдарға жолданымдарын қабылдауды және өтініш берушілердің сұрау салуы бойынша оларға жауаптардың берілуін ұйымдастырады;»; 5) 2-тарау мынадай мазмұндағы 11-2-баппен толықтырылсын: «11-2-бап. Әріптестік ұйым 1. Мынадай: 1) Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген; 2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша айқындаған талаптарға, оның ішінде ақпараттық қауіпсіздікті және дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарға сәйкес келетін; 3) әріптестік келісім жасасқан кәсіпкерлік субъектісі осы Заңға сәйкес әріптестік ұйым бола алады. 2. Әріптестік келісім жасасу үшін кәсіпкерлік субъектілерін іріктеуді мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган жүргізеді. Шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарын және (немесе) өкілдіктерін қоспағанда, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша айқындаған талаптарға сәйкес келетін кәсіпкерлік субъектілері іріктеуге жіберіледі. 3. Үлгілік әріптестік келісімді мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.»; 6) 12 және 18-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «12-бап. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімі 1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне енгізілуге жатады. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді. 3. Жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау және оларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне енгізу тәртібін мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 4. Әріптестік ұйымдар мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдауды және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беруді жүзеге асыра алатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімінен іріктеуді мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.»; «18-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету 1. Мемлекеттік қызметтерді көрсетілетін қызметті берушілер көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушілер арқылы; 2) Мемлекеттік корпорация арқылы; 3) әріптестік ұйымдар арқылы; 4) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы; 5) стационарлық абоненттік құрылғы арқылы; 6) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы; 7) орталық мемлекеттік органдар айқындаған ақпараттандыру объектілері арқылы жүзеге асырылады.»; 7) 21-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Мемлекеттік қызметті электрондық нысанда көрсету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының жеке басын биометриялық сәйкестендіру жүргізілуі де мүмкін.»; 8) 23-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын: «7. Әріптестік ұйым мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдауды және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесі туралы ақпарат, сондай-ақ әріптестік ұйымдардың атауы мен байланыс деректері Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында және мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру орындарында орналастырылады.»; 9) 24-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Мемлекеттік корпорация мемлекеттік көрсетілетін қызметке қосымша сервис үшін ақы белгілей алады.». 12. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;». 13. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»; мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) аударымдар - жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлейтін, өздері үшін аударымдар төлеу жүзеге асырылған медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша;»; 17) тармақша алып тасталсын. 2-тармақ 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 14. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1-баптың 4) тармақшасы «; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін немесе лауазымдық міндеттері мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты болатын не жеке тұлғалардың қолжетімділігі шектеулі дербес деректеріне және (немесе) қолжетімділігі шектеулі өзге де ақпаратқа қол жеткізе алатын қызметкерлері» деген сөздермен толықтырылсын. 15-тармақ 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 15. «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына: 13-1-баптың 6-тармағының үшінші бөлігі алып тасталсын. 16-тармақ 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 16. «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 7-бапта: 1-тармақтың 1) тармақшасы «және (немесе) осындай ақпаратты алуға» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңда белгіленген жағдайларда дактилоскопиялау және (немесе) биологиялық материалды іріктеу рәсімінен өтуіне құқығы бар.»; 2) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын: «10-бап. Дактилоскопиялық тіркеуге жататын адамдар 1. Бірінші рет Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін және (немесе) паспортын алу үшін, сондай-ақ оларды қалпына келтіру не ауыстыру үшін жүгінген Қазақстан Республикасының азаматтары өздерінің келісімімен дактилоскопиялық тіркелуге жатады. 2. Міндетті дактилоскопиялық тіркеуге он алты жасқа толған: 1) өздеріне қатысты Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру туралы шешім қабылданған Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар; 2) Қазақстан Республикасында уақытша немесе тұрақты тұруға рұқсатты ресімдеу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар; 3) бірінші рет шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін алу үшін немесе оны қалпына келтіру, ауыстыру үшін жүгінген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар; 4) пана іздеген адам мәртебесін алу туралы өтінішхат берген, бірінші рет босқын куәлігін және (немесе) жол жүру құжатын алу үшін немесе оларды қалпына келтіру, ауыстыру үшін жүгінген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар; 5) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге шығарып жіберілуге жататын не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардың күші қолданылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар; 6) Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жатады. 3. Дактилоскопиялық тіркеуден өткен адамдар осы баптың 1-тармағында, 2-тармағының 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша қайта жүгінген кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен верификациялау рәсімінен өтеді. 4. Он екі жастан он алты жасқа дейінгі балалар Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алу кезінде осы Заңның 11-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен ерікті негізде дактилоскопиялық тіркелуге жатады. Он екі жасқа толмаған балалар дактилоскопиялық тіркелуге жатпайды. 5. Дактилоскопиялауға мүмкіндік бермейтін дене кемістіктері бар адамдар жеке басын куәландыратын құжаттарды ресімдеу кезінде дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы негізінде міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өтуден босатылады. Дактилоскопиялық тіркеуден өтуден босатуға негіз болатын аурулардың тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісу бойынша бекітеді. Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге шығарып жіберілуге жататын не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардың күші қолданылатын, дене кемістіктері бар (екі қолының барлық саусағының болмауы немесе екі қолының барлық саусағының тырнақ фалангаларында папиллярлық бедерлердің болмауы) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қолдарының алақандары бойынша дактилоскопиялық тіркелуге жатады. Егер адамның екі қолының барлық саусағы немесе қолбасы болмаған жағдайда, ол: 1) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, дактилоскопиялық тіркеуден өтуден; 2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке басын растау рәсімінен босатылады.»; 3) 11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Дактилоскопиялық тіркеуді: 1) осы Заңның 10-бабының 1-тармағында аталған адамдарға қатысты - ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде ресімдеген жағдайда - сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган; 2) осы Заңның 10-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдарға қатысты - көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган; 3) осы Заңның 10-бабы 2-тармағының 2) - 4) тармақшаларында аталған адамдарға қатысты - ішкі істер органдары; 4) осы Заңның 10-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында аталған адамдарға қатысты - өз құзыретіне сәйкес ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары; 5) осы Заңның 10-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында аталған адамдарға қатысты - өз құзыретіне сәйкес сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган, ішкі істер органдары жүргізеді.»; 4) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын: «12-бап. Дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіштердегі мәліметтер Жеке басты куәландыратын құжаттарды, Қазақстан Республикасының визаларын ресімдеу, Қазақстан Республикасында тұрақты немесе уақытша тұруға рұқсат беру кезінде дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіштерде қамтылатын мәліметтердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге шығарып жіберілуге жататын не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардың күші қолданылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратында қамтылатын мәліметтердің тізбесі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіппен айқындалады.»; 5) 15-бапта: 1-тармақта: екінші абзацтағы «10-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында» деген сөздер «10-бабының 1-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші абзацтағы «1-тармағының 2) - 7) тармақшаларында, 2-тармағында» деген сөздер «2-тармағының 1) - 6) тармақшаларында, 4-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтағы «1-тармағының 2) - 7) тармақшалары, 2-тармағы» деген сөздер «2-тармағының 1) - 6) тармақшалары, 4-тармағы» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) 16-баптың екінші бөлігінде: «растау рәсімінен» деген сөздерден кейін «дактилоскопиялық тіркеуден өткен» деген сөздермен толықтырылсын; «3-тармағында» деген сөздер «5-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын; 7) 39-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында визаларды және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне бармай электрондық форматта берілетін визаларды ресімдеу және беру бөлігінде осы Заңның 10-бабы 2-тармағының 6) тармақшасының күші 2025 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын.». 17. «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына: 4-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;». 1) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3, 4, 10, 15 және 16-тармақтарын; 2) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2 және 14-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 23 желтоқсан № 50-VІІІ ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |