|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы (2024.17.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 3-бап. Қазақстан Республикасының дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы заңнамасы 4-бап. Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу қағидаттары 5-бап. Дактилоскопиялық және геномдық тіркеудің мақсаты 9-бап. Дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты бұғаттау, иесіздендіру, беру 2-тарау. ДАКТИЛОСКОПИЯЛЫҚ ТІРКЕУДІ ЖҮРГІЗУ 10-бап. Дактилоскопиялық тіркеуге жататын адамдар 11-бап. Дактилоскопиялық ақпаратты жинау тәртібі 12-бап. Дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіштердегі мәліметтер 13-бап. Дактилоскопиялық ақпаратты өзгерту және (немесе) толықтыру 14-бап. Дактилоскопиялық ақпаратты жинақтау және сақтау 15-бап. Дактилоскопиялық ақпаратты сақтау мерзімдері 16-бап. Дактилоскопиялық ақпаратты пайдалану 17-бап. Дактилоскопиялық ақпаратты жою 3-тарау. ГЕНОМДЫҚ ТІРКЕУДІ ЖҮРГІЗУ 18-бап. Геномдық тіркеуге жататын адамдар 19-бап. Геномдық тіркеуді жүргізу тәртібі 20-бап. Биологиялық материалды іріктеу кезінде алынатын мәліметтер 21-бап. Биологиялық материалды іріктеу және пайдалану 22-бап. Биологиялық материалды сақтау мерзімдері 23-бап. Биологиялық материалды жою 24-бап. Геномдық ақпараты бар материалдық жеткізгіштерде қамтылатын мәліметтер 25-бап. Геномдық ақпаратты алу 26-бап. Геномдық ақпаратты өзгерту және (немесе) толықтыру 27-бап. Геномдық ақпаратты жинақтау және сақтау 28-бап. Геномдық ақпаратты пайдалану 29-бап. Геномдық ақпаратты сақтау мерзімдері 30-бап. Геномдық ақпаратты жою 4-тарау. ДАКТИЛОСКОПИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНОМДЫҚ ТІРКЕУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 31-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің дактилоскопиялық және геномдық тіркеу саласындағы құзыреті 36-бап. Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау 39-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы дактилоскопиялық және геномдық тіркеу саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) биологиялық материал - адамның немесе қайтыс болған адам денесінің (сүйегінің) геномдық ақпараты бар тіндері мен шығындылары; 2) биологиялық туыстар - қандас туыстығы бар адамдар: ата-аналар (ата-ана), балалар, ата, әже, немерелер, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек, немере, шөбере аға-інілер мен апа-сіңлілер (қарындастар), нағашы ағалар, нағашы апалар, жиендер; 3) геномдық ақпарат - адамның немесе танылмаған мәйіттің жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін оның дезоксирибонуклеин қышқылының белгілі бір фрагменттері туралы кодталған ақпарат және осы Заңның талаптарына сәйкес дербес деректер (ол болған кезде); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) геномдық тіркеу - дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар геномдық ақпаратты жинау, өңдеу, қорғау, биологиялық материалды іріктеу, сақтау, пайдалану, жою, адамның жеке басын анықтау немесе растау бойынша жүзеге асыратын қызмет; 5) дактилоскопиялық ақпарат - адамның немесе танылмаған мәйіттің жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін оның қолдарының саусақтарының және (немесе) алақандарының папиллярлық бедерлері құрылымының ерекшеліктері туралы биометриялық деректер және осы Заңның талаптарына сәйкес дербес деректер; 6) дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар - өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеуді жүзеге асыратын ішкі істер органдары, сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган, ұлттық қауіпсіздік органдары, көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган; 7) дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты бұғаттау -дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты жинауды, жинақтауды, өзгертуді, толықтыруды, пайдалануды, беруді, иесіздендіруді, жоюды уақытша тоқтату жөніндегі әрекеттер; 8) дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты жою - жасалуы нәтижесінде дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты қалпына келтіру мүмкін болмайтын әрекеттер; 9) дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты иесіздендіру - нәтижесінде дактилоскопиялық немесе геномдық ақпараттың нақты адамға тиесілі екенін айқындау қосымша ақпаратты пайдаланбай мүмкін болмайтын әрекеттер; 10) дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты өңдеу -дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, беруге, иесiздендiруге, бұғаттауға және жоюға бағытталған әрекеттер; 11) дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты пайдалану - дактилоскопиялық немесе геномдық тіркеу мақсатына қол жеткізуге бағытталған дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратпен жасалатын әрекеттер; 12) дактилоскопиялық тіркеу - дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың дактилоскопиялық ақпаратты жинау, өңдеу, қорғау, адамның жеке басын анықтау немесе растау бойынша жүзеге асыратын қызметі; 13) материалдық жеткізгіштер - дактилоскопиялық немесе геномдық ақпараты бар дактилоскопиялық немесе ақпараттық карталар, магниттік, электрондық немесе өзге де жазба түрлерін жеткізгіштер; 14) танылмаған мәйіт - денесі (сүйектері) табылған кезде жеке басы анықталмаған қайтыс болған адамның денесі (сүйектері).
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Осы Заңда көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дактилоскопиялық және геномдық тіркеуге байланысты қатынастар осы Заңмен реттеледі.
3-бап. Қазақстан Республикасының дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
4-бап. Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу қағидаттары Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу: 1) адам мен азаматтың конституциялық құқықтарын және бостандықтарын сақтау; 6) адам денсаулығы үшін қауіпсіздік; 7) жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу қағидаттарына сәйкес жүргізіледі.
5-бап. Дактилоскопиялық және геномдық тіркеудің мақсаты Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу дактилоскопиялық немесе геномдық ақпарат негізінде жеке басын анықтау және (немесе) растау мақсатында жүргізіледі.
6-бап. Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың құқықтары мен міндеттері 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде дактилоскопиялық ақпаратты жинауға, өңдеуге немесе геномдық ақпаратты жинауға, өңдеуге, қорғауға, биологиялық материалды іріктеуге, сақтауға, пайдалануға және жоюға құқығы бар. 2. Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде: 1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және осы Заңға сәйкес дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты қорғау үшін қажетті шараларды, оның ішінде құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қолдануға және сақтауға; 2) осы Заңда белгіленген жағдайларда дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты жинау, жинақтау, сақтау, беру, бұғаттау, иесіздендіру, өзгерту, толықтыру, пайдалану, жою жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
7-бап. Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеуді жүзеге асыру кезіндегі Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен міндеттері 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің, сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдар қорғаншыларының дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеуді жүзеге асыру кезінде: 2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) өзінің дактилоскопиялық және (немесе) геномдық ақпаратымен немесе өздері заңды мүдделерін білдіретін адамның дактилоскопиялық және (немесе) геномдық ақпаратымен танысуға және (немесе) осындай ақпаратты алуға; 7-баптың 2) тармақшасының қолданысы 2023 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) өздерінің дактилоскопиялық және (немесе) геномдық ақпаратын немесе өздері заңды мүдделерін білдіретін адамның дактилоскопиялық және (немесе) геномдық ақпаратын жинауға және (немесе) өңдеуге, қорғауға байланысты мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар. 2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 1-1. Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңда белгіленген жағдайларда дактилоскопиялау және (немесе) биологиялық материалды іріктеу рәсімінен өтуіне құқығы бар. 2. Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеуге жататын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар осы Заңда белгіленген жағдайларда дактилоскопиялау және (немесе) биологиялық материалды іріктеу рәсімінен өтуге міндетті.
8-бап. Дактилоскопиялық және геномдық ақпаратты жинауға, өңдеуге және қорғауға қойылатын негізгі талаптар 1. Дактилоскопиялық және геномдық ақпарат қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге жатады. 2. Дактилоскопиялық және геномдық ақпаратты жинау және өңдеу шарттары оны жоғалту, бұрмалау және оған санкцияланбаған қол жеткізу, сол сияқты дактилоскопиялық немесе геномдық ақпараты бар электрондық ақпараттық ресурстарға құқыққа сыйымсыз және (немесе) әдейі жасалмаған қол жеткізу және (немесе) ықпал ету мүмкіндігін болғызбауға тиіс. 3. Дактилоскопиялық және геномдық ақпарат мемлекет кепілдік беретін қорғауға жатады. Дактилоскопиялық және геномдық ақпаратты жинау және өңдеу оны қорғау қамтамасыз етілген жағдайларда ғана жүзеге асырылады. Дактилоскопиялық және геномдық ақпаратты қорғау Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы, дербес деректер және оларды қорғау, мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 4. Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық ақпаратты жинауды және (немесе) өңдеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар дактилоскопиялық және (немесе) геномдық ақпараттың құпиялылығын сақтауға және оның қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық ақпаратты жинау, өңдеу, қорғау, биологиялық материалды іріктеу, сақтау, пайдалану, жою дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
9-бап. Дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты бұғаттау, иесіздендіру, беру 1. Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты иесіздендіруді, сондай-ақ иесіздендіруді алып тастауды жүзеге асырады. 2. Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты жинау, өңдеу шарттарының бұзылуы туралы ақпарат болған жағдайда оны бұғаттауды, сондай-ақ тексеру іс-шаралары жүргізілгеннен және бұзушылықтар жойылғаннан кейін бұғаттауды алып тастауды жүзеге асырады. 3. Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар жедел-іздестіру, барлау, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен бірлескен нормативтік құқықтық актілердің негізінде дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты бұғаттауды және (немесе) иесіздендіруді, сондай-ақ бұғаттауды және (немесе) иесіздендіруді алып тастауды жүзеге асырады. 4. Дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты соттарға, құқық қорғау органдарына, арнаулы мемлекеттік органдарға, атқарушылық іс жүргізу, анықтау, тергеу органдарына беру дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдары негізінде жүзеге асырылады. 5. Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты шет мемлекеттерге беруі мүмкін.
2-тарауының қолданысы 2023 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды 2-тарау. ДАКТИЛОСКОПИЯЛЫҚ ТІРКЕУДІ ЖҮРГІЗУ
2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10-бап. Дактилоскопиялық тіркеуге жататын адамдар 1. Бірінші рет Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін және (немесе) паспортын алу үшін, сондай-ақ оларды қалпына келтіру не ауыстыру үшін жүгінген Қазақстан Республикасының азаматтары өздерінің келісімімен дактилоскопиялық тіркелуге жатады. 2. Міндетті дактилоскопиялық тіркеуге он алты жасқа толған: 1) өздеріне қатысты Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру туралы шешім қабылданған Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар; 2) Қазақстан Республикасында уақытша немесе тұрақты тұруға рұқсатты ресімдеу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар; 3) бірінші рет шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін алу үшін немесе оны қалпына келтіру, ауыстыру үшін жүгінген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар; 4) пана іздеген адам мәртебесін алу туралы өтінішхат берген, бірінші рет босқын куәлігін және (немесе) жол жүру құжатын алу үшін немесе оларды қалпына келтіру, ауыстыру үшін жүгінген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар; 5) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге шығарып жіберілуге жататын не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардың күші қолданылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар; 10-баптың 2-тармағының 6) тармақшасының күші 2025 ж. 1 шілдеге дейін тоқтатылды 6) Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жатады. 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Дактилоскопиялық тіркеуден өткен адамдар осы баптың 1-тармағында, 2-тармағының 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша қайта жүгінген кезде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары айқындайтын тәртіппен верификациялау рәсімінен өтеді. 4. Он екі жастан он алты жасқа дейінгі балалар Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алу кезінде осы Заңның 11-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен ерікті негізде дактилоскопиялық тіркелуге жатады. Он екі жасқа толмаған балалар дактилоскопиялық тіркелуге жатпайды. 5. Дактилоскопиялауға мүмкіндік бермейтін дене кемістіктері бар адамдар жеке басын куәландыратын құжаттарды ресімдеу кезінде дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы негізінде міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өтуден босатылады. Дактилоскопиялық тіркеуден өтуден босатуға негіз болатын аурулардың тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісу бойынша бекітеді. Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге шығарып жіберілуге жататын не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардың күші қолданылатын, дене кемістіктері бар (екі қолының барлық саусағының болмауы немесе екі қолының барлық саусағының тырнақ фалангаларында папиллярлық бедерлердің болмауы) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қолдарының алақандары бойынша дактилоскопиялық тіркелуге жатады. Егер адамның екі қолының барлық саусағы немесе қолбасы болмаған жағдайда, ол: 1) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, дактилоскопиялық тіркеуден өтуден; 2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке басын растау рәсімінен босатылады.
11-бап. Дактилоскопиялық ақпаратты жинау тәртібі 2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Дактилоскопиялық тіркеуді: 1) осы Заңның 10-бабының 1-тармағында аталған адамдарға қатысты - ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде ресімдеген жағдайда - сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган; 2) осы Заңның 10-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдарға қатысты - көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган; 3) осы Заңның 10-бабы 2-тармағының 2) - 4) тармақшаларында аталған адамдарға қатысты - ішкі істер органдары; 4) осы Заңның 10-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында аталған адамдарға қатысты - өз құзыретіне сәйкес ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары; 5) осы Заңның 10-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында аталған адамдарға қатысты - өз құзыретіне сәйкес сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган, ішкі істер органдары жүргізеді. 2. Он екі жастан он алты жасқа дейінгі балаларға қатысты дактилоскопиялық тіркеу олардың келісімімен баланың заңды өкілінің қатысуымен және жазбаша өтініші негізінде жүргізіледі. 3. Сот әрекетке қабілетсіз деп анықтаған Қазақстан Республикасының азаматын, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды дактилоскопиялық тіркеу оның қорғаншысының қатысуымен және жазбаша өтініші негізінде жүргізіледі. 4. Дактилоскопиялық ақпаратты жинау дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12-бап. Дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіштердегі мәліметтер Жеке басты куәландыратын құжаттарды, Қазақстан Республикасының визаларын ресімдеу, Қазақстан Республикасында тұрақты немесе уақытша тұруға рұқсат беру кезінде дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіштерде қамтылатын мәліметтердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге шығарып жіберілуге жататын не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардың күші қолданылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратында қамтылатын мәліметтердің тізбесі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіппен айқындалады.
13-бап. Дактилоскопиялық ақпаратты өзгерту және (немесе) толықтыру Дактилоскопиялық тіркеуден өткен адамдардың дактилоскопиялық ақпаратын өзгерту және (немесе) толықтыру дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
14-бап. Дактилоскопиялық ақпаратты жинақтау және сақтау Дактилоскопиялық тіркеуді жүргізу кезінде алынған дактилоскопиялық ақпаратты жинақтауды және сақтауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық ақпараттық ресурсты қалыптастыру арқылы ішкі істер органдары жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру туралы өздеріне қатысты шешім қабылданған адамдардың дактилоскопиялық ақпаратын жинақтауды және сақтауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық ақпараттық ресурсты қалыптастыру арқылы көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
15-бап. Дактилоскопиялық ақпаратты сақтау мерзімдері 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Ішкі істер органдары, көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган дактилоскопиялық ақпаратты: осы Заңның 10-бабының 1-тармағында аталған адамдар туралы дерекқорда - олардың қайтыс болу фактісі анықталғаннан кейін, сот азаматты хабарсыз кеткен деп таныған немесе азаматты қайтыс болды деп жариялаған, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған немесе одан шыққан жағдайларда, олар жүз жасқа толған күнге дейін; осы Заңның 10-бабы 2-тармағының 1) - 6) тармақшаларында, 4-тармағында аталған адамдар туралы дерекқорда - тіркелген күнінен бастап он жыл сақтайды. 2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін ішкі істер органдары, көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган осы Заңның 10-бабы 2-тармағының 1) - 6) тармақшалары, 4-тармағы негізінде дактилоскопиялық тіркеуден өткен адамдар туралы дактилоскопиялық ақпаратты архивтерде материалдық жеткізгіштерде қырық жыл сақтайды.
2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-бап. Дактилоскопиялық ақпаратты пайдалану Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық тіркеу кезінде алынған дактилоскопиялық ақпараты: 1) Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жеке басын растау және (немесе) анықтау; 2) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу және бақылау; 3) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін адамдарды дактилоскопиялық ақпарат бойынша адамның жеке басын растау рәсімі арқылы есепке алу және бақылау үшін пайдаланылады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде дактилоскопиялық ақпарат бойынша адамның жеке басын растау рәсімінен дактилоскопиялық тіркеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар арнаулы мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның жазбаша өтініші бойынша, сондай-ақ осы Заңның 10-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда босатылады.
17-бап. Дактилоскопиялық ақпаратты жою 1. Дактилоскопиялық ақпаратты оны жинақтауды және сақтауды жүзеге асыратын ішкі істер органдары, көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жояды. 2. Дактилоскопиялық ақпарат осы Заңның 15-бабында көзделген оның сақталу мерзімдері өткен соң жойылады. 3. Дактилоскопиялық ақпаратты жою ішкі істер органдарының, көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның уәкілетті бөлімшелерінің басшылары бекітетін актілер бойынша: 1) дактилоскопиялық ақпаратты жою күні, негізі; 2) тіркелген адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жынысы, туған күні және жері, жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі; 4) дактилоскопиялық ақпаратты жоюды жүзеге асырған адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы мен қолтаңбасы көрсетіле отырып жүргізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы3-бап. Қазақстан Республикасының дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы заңнамасы4-бап. Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу қағидаттары5-бап. Дактилоскопиялық және геномдық тіркеудің мақсаты6-бап. Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың құқықтары мен міндеттері7-бап. Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеуді жүзеге асыру кезіндегі Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен міндеттері8-бап. Дактилоскопиялық және геномдық ақпаратты жинауға, өңдеуге және қорғауға қойылатын негізгі талаптар9-бап. Дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты бұғаттау, иесіздендіру, беру 2-тарау. ДАКТИЛОСКОПИЯЛЫҚ ТІРКЕУДІ ЖҮРГІЗУ10-бап. Дактилоскопиялық тіркеуге жататын адамдар11-бап. Дактилоскопиялық ақпаратты жинау тәртібі12-бап. Дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіштердегі мәліметтер13-бап. Дактилоскопиялық ақпаратты өзгерту және (немесе) толықтыру14-бап. Дактилоскопиялық ақпаратты жинақтау және сақтау15-бап. Дактилоскопиялық ақпаратты сақтау мерзімдері16-бап. Дактилоскопиялық ақпаратты пайдалану17-бап. Дактилоскопиялық ақпаратты жою 3-тарау. ГЕНОМДЫҚ ТІРКЕУДІ ЖҮРГІЗУ18-бап. Геномдық тіркеуге жататын адамдар19-бап. Геномдық тіркеуді жүргізу тәртібі20-бап. Биологиялық материалды іріктеу кезінде алынатын мәліметтер21-бап. Биологиялық материалды іріктеу және пайдалану22-бап. Биологиялық материалды сақтау мерзімдері23-бап. Биологиялық материалды жою24-бап. Геномдық ақпараты бар материалдық жеткізгіштерде қамтылатын мәліметтер25-бап. Геномдық ақпаратты алу26-бап. Геномдық ақпаратты өзгерту және (немесе) толықтыру27-бап. Геномдық ақпаратты жинақтау және сақтау28-бап. Геномдық ақпаратты пайдалану29-бап. Геномдық ақпаратты сақтау мерзімдері30-бап. Геномдық ақпаратты жою 4-тарау. ДАКТИЛОСКОПИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНОМДЫҚ ТІРКЕУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ31-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің дактилоскопиялық және геномдық тіркеу саласындағы құзыреті32-бап. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының дактилоскопиялық және геномдық тіркеу саласындағы құзыреті33-бап. Сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның дактилоскопиялық тіркеу саласындағы құзыреті34-бап. Көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның дактилоскопиялық тіркеу саласындағы құзыреті35-бап. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының дактилоскопиялық тіркеу саласындағы құзыреті36-бап. Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау 5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР37-бап. Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі38-бап. Қазақстан Республикасының дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық39-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі |