Найти
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1317 бұйрығы (2022.18.09. берілген өзгерістермен)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1317 бұйрығы

(2022.18.09. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Әділет министрінің 2022.31.08. № 736 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 3-1-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының Патент заңы» Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 2-тармағына, «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына және «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидалары бекітілсін.

2. Зияткерлік меншік құқығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

М. Бекетаев

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2018 жылғы 28 тамыздағы

№ 1317 бұйрығымен бекітілген

 

 

Апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау

 қағидалары

 

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Вы можете купить этот документ
Как купить документ?
800 тг