|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы Қазақстан Республикасының 1999 ж. 26 шілдедегі № 456-1 Заңы (2024.08.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-тарау. Тауар таңбасын құқықтық қорғау және оны тіркеу шарттары 4-бап. Тауар белгілерін құқықтық қорғау 5-бап. Тауар таңбасы ретiнде тiркелетiн белгiлер 6-бап. Тауар таңбасын тiркеуге жол бермейтiн абсолюттiк негiздер 7-бап. Тауар таңбасын тiркеуден бас тартудың өзге де негiздерi 9-бап. Тауар белгісін тіркеуге арналған өтінімге қойылатын талаптар 10-бап. Тауар таңбасының басымдығы 3-тарау. Тауар таңбасының сараптамасы 11-бап. Сараптаманы жүргiзу тәртiбi 11-1-бап. Өтінім туралы мәліметтерді жариялау 11-2-бап. Белгілемені тауар белгісі ретінде тіркеуге қарсы қарсылықтар 12-бап. Өтінім сараптамасының нәтижелерi бойынша шешiмдер 13-бап. Өтiнiм берушiнiң құқықтары 4-тарау. Тауар таңбасын тіркеу 14-бап. Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімі 15-бап. Тiркеудiң қолданылу мерзiмi 16-бап. Тiркеу туралы мәлiметтердi жариялау 17-бап. Тауар таңбасын қайта тiркеу шарттары 18-бап. Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме 18-1-бап. Тауар белгісін жалпыға бірдей белгiлi деп тану 5-тарау. Тауар таңбасын пайдалану 19-бап. Тауар белгісін пайдалану шарттары 21-бап. Тауар белгісіне айрықша құқық және оны пайдалануға құқық беру 22-бап. Заңды тұлғаны бөлу түрiнде қайта ұйымдастыру кезiнде тауар таңбасына құқықты беру 6-тарау. Тауар таңбасын тіркеудің қолданылуын тоқтату 23-бап. Тауар белгісін тiркеуге дау айту және оны жарамсыз деп тану 24-бап. Тауар белгісінің тiркелуiн қолдануды тоқтату және оны жарамсыз деп тану 7-тарау. Тауарлар шығарылған жер атауларын құқықтық қорғау және оларды тіркеу шарттары 25-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын құқықтық қорғау 8-тарау. Географиялық нұсқамаға және тауар шығарылған жердің атауына сараптама 30-бап. Сараптама жүргiзу тәртiбi 31-бап. Сараптама нәтижелерi бойынша шешiмдер 32-бап. Өтiнiм берушiнiң құқықтары 35-бап. Тіркеу туралы мәліметтерді жариялау 36-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы 10-тарау. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану 37-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану шарттары 41-1-бап. Қарсылықты апелляциялық кеңесте қараудан бас тарту негіздері 41-3-бап. Апелляциялық кеңестiң шешiмiндегі қате жазуларды және айқын техникалық қателерді түзету 41-4-бап. Қарсылықты қараусыз қалдыру 43-1-бап. Тауар белгісіне айрықша құқықты түбегейлі пайдалану 45-бап. Сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге ақы төлеу 46-бап. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер 46-1-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің құқықтары мен міндеттері 48-бап. Шетелдіктердің, шетелдік заңды тұлғалардың және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «тауар белгісінің немесе тауар шығарылған жердің атауын», «тауар таңбасының немесе тауар шығарылатын жердің атауын» деген сөздер тиісінше «тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе тауар шығарылған жердің атауын», «тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе тауар шығарылған жердің атауын» деген сөздермен ауыстырылды, бүкіл мәтін бойынша «араласып кеткен дәрежеге дейiн оларға ұқсас белгiлердi», «олар араласып кеткен дәрежеге дейiн бiрдей немесе ұқсас белгiлер», «айырғысыз дәрежеге дейін бірдей немесе ұқсас», «аумайтындай дәрежеде онымен бiрдей немесе ұқсас», «бiрдей немесе араласып кету дәрежесiне дейiн ұқсас», «араласып кеткен дәрежеге дейiн олармен ұқсас белгiлердi», «араласып кеткен дәрежеге дейiн олармен ұқсас белгiлердi», «араласып кеткен дәрежеге дейiн онымен ұқсас белгiнi», «олармен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеме», «олармен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемені», «онымен айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемені» деген сөздер тиісінше «оларға айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгiлемелердi», «бiрдей немесе олар айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемелер», «бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас», «бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас», «бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас», «оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемелердi», «оған айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеменi», «оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеменi», «оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеме», «оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеменi», «оған айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлеменi» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) Осы Заң Қазақстан Республикасында тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге, құқықтық қорғауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) айрықша құқық - тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жердiң атауын өз қалауы бойынша кез келген тәсiлмен пайдалануға оның иесінің мүліктік құқығы; 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 1-1), 1-2) және 1-3) тармақшалармен толықтырылды 1-1) айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілер - жекелеген элементтерінің айырмашылығы бар және тұтынушы ұқсастық тұрғысында бірдей деп қабылдайтын ұқсас белгілер немесе белгілемелер; 1-2) бірдей тауар белгілері - барлық элементтері сәйкес келетін белгілер немесе белгілемелер; 1-3) бiртектес тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер - бір функцияны орындайтын, бір тектеске (түрге) жататын, тауарларда бiрдей немесе ұқсас белгілерді қолданған кезде тұтынушыда олардың бір өндірушіге тиесілі екені туралы пікір тудыруы мүмкін тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер; 2) бюллетень - тауар таңбалары мен тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау мәселелері жөніндегі ресми мерзімдік басылым; 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) географиялық нұсқама - географиялық объектінің аумағынан шығарылатын, белгілі бір сапасы, репутациясы немесе басқа да сипаттамалары едәуір дәрежеде оның географиялық шығу тегімен байланысты тауарды сәйкестендіретін белгілеме. Осы географиялық объектінің аумағында тауардың сипаттамаларының қалыптасуына елеулі әсер ететін, оны өндірудің кем дегенде бір сатысы жүзеге асырылуға тиіс; 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) жалпыға бiрдей белгiлi тауар белгісі - уәкілетті органның мүдделi тұлғалар дәлелдемелеріне негiзделген шешiмiмен жалпыға бірдей белгілі деп танылған, тауар белгісі ретiнде пайдаланылып жүрген белгiлеме немесе тауар белгісі; 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) Мадрид келісімі - 1891 жылғы 14 сәуірдегі Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі; 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды 4-2) Мадрид келісіміне хаттама - 1989 жылғы 28 маусымдағы Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне хаттама; 2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) өтініш беруші - тауар белгісін тіркеуге немесе географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуге және беруге арналған өтінімді берген заңды немесе жеке тұлға; 6) патенттiк сенiм білдірілген өкiлдер - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган мен сараптама жасау ұйымы алдында жеке және заңды тұлғалардың өкiлi болу құқығы берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары; 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды 6-1) Сингапур шарты - 2006 жылғы 27 наурыздағы Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шарты; 7) Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық сыныптамасы - 1957 жылғы 15 маусымда Ницце келiсiмiмен қабылданған, кейiннен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген сыныптама; 8) тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы (бұдан әрi - тауар таңбасы) - осы Заңға сәйкес тiркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тiркеусiз қорғалатын, бiр заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын (көрсететін қызметтерiн) басқа заңды немесе жеке тұлғаның бiртектес тауарларынан (көрсететін қызметтерiнен) ажырату үшiн қызмет ететiн белгi; 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді; 2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9) тауар белгісін, географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану - тауар белгісін, географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын олар қорғалатын тауарларда және қызметтер көрсету кезінде олардың қаптамаларында орналастыру, тауар белгісінің, географиялық нұсқаманың және тауар шығарылған жердің атауының белгiлемесi бар тауарды жасау, қолдану, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, сату, маңдайшажазуларда, жарнамада, баспа өнiмiнде немесе өзге де iскерлiк құжаттамада қолдану, сондай-ақ оларды айналымға өзгеше енгiзу; 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10) тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының иесі - осы Заңға сәйкес тауар белгісіне айрықша құқыққа немесе географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалануға айрықша құқыққа ие жеке немесе заңды тұлға; 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11) тауар шығарылған жердің атауы - елдің, елді мекеннің, жергілікті жердің немесе басқа да географиялық объектінің қазіргі немесе тарихи, ресми немесе бейресми, толық немесе қысқартылған атауын білдіретін не атауы бар, осындай атауды қамтитын немесе осындай атаудан шыққан және ерекше қасиеттері тек қана немесе негізінен осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адами факторлармен айқындалатын тауарға қатысты оны пайдалану нәтижесінде белгілі болған белгілеме. Осы географиялық объектінің аумағында тауар өндірудің тауардың ерекше қасиеттерінің қалыптасуына елеулі әсер ететін барлық сатысы жүзеге асырылуға тиіс; 12) ұжымдық тауар таңбасы - бұл заңды тұлғалардың және (немесе) дара кәсiпкерлердiң (бұдан әрi - бiрлестiк) қауымдастығының (одағының) немесе өзге де бiрлестiгiнiң немесе бiрыңғай сапалық немесе басқа да сипаттамалары бар олар шығаратын немесе сататын тауарларды (көрсетілетін қызметтердi) белгiлеу үшiн қызмет ететiн тауар таңбасы.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара); 2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 2-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-бап. Қазақстан Республикасының тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы заңнамасы 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасының тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзге ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бап өзгертілді; 2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 3-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3-бап. Тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердiң атауларын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган 2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) -Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын және тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердiң атауларын қорғау саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган. 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Уәкiлеттi органның құзыретiне мыналар жатады: 2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердiң атауларын құқықтық қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысу; 2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) мыналарды: тауар белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауарлар шығарылған жерлердің атауларына арналған өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларын; тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде, Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінде және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, тіркеудің қолданысын тоқтату және оны жарамсыз деп тану қағидаларын; тауар белгісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға құқықты табыстауды Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын; Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен, Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінен және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмелер беру қағидаларын; апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидаларын; Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес тауар белгілеріне арналған өтінімдерді қарау қағидаларын; аттестаттау комиссиясы туралы ережені; апелляциялық кеңес туралы ережені; апелляциялық комиссия туралы ережені; тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссия туралы ережені әзірлеу және бекіту; 2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге қатысты мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібін айқындау; 2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау, оларды патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығару, патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміндегі мәліметтердің күшін жою; 5) аттестаттау комиссиясының, апелляциялық кеңестің, апелляциялық комиссияның және тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп тану жөніндегі комиссияның қызметін ұйымдастыру; 6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-1-баппен толықтырылды; 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 3-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-1-бап жаңа редакцияда 3-1-бап. Сараптама ұйымы 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы: 1) тауар белгілеріне және тауар шығарылған жерлердiң атауларына арналған өтінімдерге сараптама жүргізеді; 2) тауар белгілерін және тауар шығарылған жерлердiң атауларын Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде және Тауар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттік тізілімінде тіркейді және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын береді, тіркеудің қолданысын тоқтатуды және оны жарамсыз деп тануды жүзеге асырады; 3) тауар белгісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға құқықты табыстауды Тауар белгілерінің мемлекеттік тiзiлiмінде тіркейді; 4) Тауар белгілерінің мемлекеттік тiзiлiмін және Тауар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттік тізілімін, бюллетеньді жүргізеді және оларды өзінің интернет-ресурсына орналастырады; 5) Тауар белгілерінің мемлекеттік тiзiлiмінен және Тауар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмелер береді; 6) тауар белгілерін және тауар шығарылған жерлердiң атауларын тіркеуге жататын мәліметтерді бюллетеньде жариялайды; 7) тіркелген тауар белгілерінің және тауар шығарылған жерлердің атауларының мәліметтерін мүдделі тұлғалардың өтініштері негізінде іздеуді жүзеге асырады; 8) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес тауар белгілеріне және тауар шығарылған жерлердің атауларына арналған өтінімдерді қарайды; 9) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады. 2. Уәкілетті органмен келісу бойынша сараптама ұйымы тауар белгілерін, тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау саласында қызметтер көрсеткені үшін осы ұйым шеккен шығындарды толық өтеу, оның қызметінің шығынсыздығы және өз кірістері есебінен қаржыландыру қамтамасыз етілген жағдайда, көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекітеді.
2-тарау. Тауар таңбасын құқықтық қорғау және оны тіркеу шарттары
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара) 4-бап. Тауар белгілерін құқықтық қорғау 1. Қазақстан Республикасында тауар белгілерін құқықтық қорғау осы Заңда белгiленген тәртiпте оларды тiркеу негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына орай тiркеусiз берiледi. 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда 2. Тауар белгілерін құқықтық қорғау жеке немесе заңды тұлғаларға берiледі. Тауар белгісіне айрықша құқық тауар белгісі Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген күннен бастап туындайды. 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда 3. Тауар белгісіне құқық куәлiкпен куәландырылады және Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмемен расталады. Куәлiктiң нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi. 4. Тауар белгісінің иесi куәлiкте көрсетiлген тауарлар мен қызметтерге қатысты өзiне тиесiлi тауар белгісін пайдалану мен оған иелiк етудің айрықша құқығына ие болады. Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар белгісін оның иесiнiң келісімiнсiз ешкiм де пайдалана алмайды. 5-бап. Тауар таңбасы ретiнде тiркелетiн белгiлер 1. Тауар таңбасы ретiнде бейнелеу, сөз, әрiп, цифр, көлем белгiлерi және өзге де белгiлер немесе бiр тұлғалардың тауарлары мен қызметтерiн басқа тұлғалардың бiртектес тауарларынан немесе қызметтерiнен ажыратуға мүмкiндiк беретiн олардың аралас үлгiлерi тiркелуi мүмкiн. 2. Тауар таңбасы кез келген бояулы түсте немесе бояулы түстер үйлесiмiнде тiркелуi мүмкiн. 6-бап. Тауар таңбасын тiркеуге жол бермейтiн абсолюттiк негiздер 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Ажыратылатын реңкi жоқ немесе тек мынадай: 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 1) тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) белгiлi бiр түрiн белгiлеу үшiн жалпыға ортақ қолданысқа енген; 2) жалпыға ортақ қабылданған рәмiздер мен терминдер болып табылатын; 3) тауарлардың түрiн, сапасын, санын, қасиетiн, мақсатын, құндылығын, сондай-ақ олардың шығарылған немесе өткiзілген жерi мен уақытын көрсететiн; 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) дәрілік заттардың патенттелмейтін халықаралық атауларын білдіретін; 4) 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды; 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 6) тармақша өзгертілді; 2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6) тауарларды немесе көрсетiлген қызметтердi белгiлеу үшiн пайдаланылатын олармен тiкелей сипаттамалық байланысы бар элементтерден тұратын белгілемелерді тауар белгілері ретінде тіркеуге жол берілмейді. 7) - 13) 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) Егер көрсетілген белгілемелер тауар белгісінде үстем жағдайда болмаса, оның қорғалмайтын элементтерi ретiнде пайдаланылуы мүмкiн. Егер өтінім берілген күнге белгілеме пайдалану нәтижесінде ажыратылатын реңкке ие болса, көрсетілген белгілемелер тауар белгісі ретінде тіркелуі мүмкін. Ажыратылатын реңк деп бір жеке және (немесе) заңды тұлғалардың тауарларын (көрсетілетін қызметтерін) басқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардың біртектес тауарларынан (көрсетілетін қызметтерінен) ажыратуға мүмкіндік беретін белгілемелердің сипаттамалары түсініледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы заңнамасы3-бап. Тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердiң атауларын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган3-1-бап. Сараптама ұйымы 2-тарау. Тауар таңбасын құқықтық қорғау және оны тіркеу шарттары4-бап. Тауар белгілерін құқықтық қорғау5-бап. Тауар таңбасы ретiнде тiркелетiн белгiлер6-бап. Тауар таңбасын тiркеуге жол бермейтiн абсолюттiк негiздер7-бап. Тауар таңбасын тiркеуден бас тартудың өзге де негiздерi8-бап. Өтiнiм беру9-бап. Тауар белгісін тіркеуге арналған өтінімге қойылатын талаптар10-бап. Тауар таңбасының басымдығы 3-тарау. Тауар таңбасының сараптамасы11-бап. Сараптаманы жүргiзу тәртiбi11-1-бап. Өтінім туралы мәліметтерді жариялау11-2-бап. Белгілемені тауар белгісі ретінде тіркеуге қарсы қарсылықтар12-бап. Өтінім сараптамасының нәтижелерi бойынша шешiмдер13-бап. Өтiнiм берушiнiң құқықтары 4-тарау. Тауар таңбасын тіркеу14-бап. Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімі15-бап. Тiркеудiң қолданылу мерзiмi16-бап. Тiркеу туралы мәлiметтердi жариялау17-бап. Тауар таңбасын қайта тiркеу шарттары18-бап. Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме18-1-бап. Тауар белгісін жалпыға бірдей белгiлi деп тану 5-тарау. Тауар таңбасын пайдалану19-бап. Тауар белгісін пайдалану шарттары20-бап. Ескертпе таңбалау21-бап. Тауар белгісіне айрықша құқық және оны пайдалануға құқық беру22-бап. Заңды тұлғаны бөлу түрiнде қайта ұйымдастыру кезiнде тауар таңбасына құқықты беру 6-тарау. Тауар таңбасын тіркеудің қолданылуын тоқтату23-бап. Тауар белгісін тiркеуге дау айту және оны жарамсыз деп тану24-бап. Тауар белгісінің тiркелуiн қолдануды тоқтату және оны жарамсыз деп тану 7-тарау. Тауарлар шығарылған жер атауларын құқықтық қорғау және оларды тіркеу шарттары25-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын құқықтық қорғау26-бап. Географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары ретінде тіркелетін белгілемелер27-бап. Географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары ретінде тіркелмейтін белгілемелер28-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын тіркеуге және (немесе) оларды пайдалану құқығын беруге арналған өтінімді беру және оны кері қайтарып алу29-бап. Географиялық нұсқамаға арналған өтінімге, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінімге қойылатын талаптар 8-тарау. Географиялық нұсқамаға және тауар шығарылған жердің атауына сараптама30-бап. Сараптама жүргiзу тәртiбi30-1-бап. Географиялық нұсқамаға арналған өтінім, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінім туралы мәліметтерді жариялау30-2-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын тіркеуге және (немесе) оларды пайдалану құқығын беруге қарсы қарсылықтар31-бап. Сараптама нәтижелерi бойынша шешiмдер32-бап. Өтiнiм берушiнiң құқықтары 9-тарау. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеу және беру33-бап. Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімін, Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібі34-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын тіркеудің, географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзімдері35-бап. Тіркеу туралы мәліметтерді жариялау36-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы 10-тарау. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану37-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану шарттары38-бап. Ескертпе таңбалау 11-тарау. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын құқықтық қорғаудың қолданылуын тоқтату39-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын және (немесе) оларды пайдалану құқығының ұсынылуын тіркеуге дау айту40-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын құқықтық қорғауды тоқтату және оларды жарамсыз деп тану 12-тарау. Тауар белгілері иелерінің құқықтарын және географиялық нұсқамалар мен тауарлар шығарылған жерлердің атауларын пайдалану құқықтарын қорғау41-бап. Апелляциялық кеңес41-1-бап. Қарсылықты апелляциялық кеңесте қараудан бас тарту негіздері41-2-бап. Қарсылықты қарау41-3-бап. Апелляциялық кеңестiң шешiмiндегі қате жазуларды және айқын техникалық қателерді түзету41-4-бап. Қарсылықты қараусыз қалдыру42-бап. Дауларды қарау43-бап. Қазақстан Республикасының тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық43-1-бап. Тауар белгісіне айрықша құқықты түбегейлі пайдалану44-бап. Тауар белгісі иесiнiң (құқық иеленушінің) немесе географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы иесінің құқығын қорғау тәсілдері45-бап. Сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге ақы төлеу 13-тарау. Қорытынды ережелер45-бап. Мемлекеттiк баж46-бап. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер46-1-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің құқықтары мен міндеттері46-2-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығару, патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміндегі мәліметтердің күшін жою47-бап. Халықаралық тіркеу48-бап. Шетелдіктердің, шетелдік заңды тұлғалардың және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары |