Қазақстан Республикасының Заңы
Мемлекеттік статистика туралы (2019.11.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасы 3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 4-бап. Мемлекеттік статистика органдары 5-бап. Мемлекеттік статистиканың принциптері 6-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясат 7-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы міндеттер 8-бап. Ұсынылатын деректердің құпиялылық және қорғалу кепілдіктерін қамтамасыз ету 9-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы халықаралық ынтымақтастық 2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК СТАТИСТИКА САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 10-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің құзыреті 11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік статистика саласындағы құзыреті 12-бап. Уәкілетті органның құзыреті 12-1-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау 12-2-бап. Респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау 15-бап. Уәкілетті органның тәуелсіздігін қамтамасыз ету 16-бап. Әкімшілік дереккөздердің құқықтары мен міндеттері 17-бап. Респонденттердің құқықтары мен міндеттері 18-бап. Пайдаланушылардың құқықтары 19-бап. Статистикалық қызметті жоспарлау 22-бап. Статистикалық әдіснама 23-бап. Статистикалық сыныптауыштар мен тіркелімдер 23-1-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия 24-бап. Статистикалық ақпаратты қалыптастыру дереккөздері 26-бап. Статистикалық ақпаратты тарату 28-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң мемлекеттік статистикалық қызмет процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және қоғамның, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа деген сұранысын қанағаттандыруға бағытталған.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) алғашқы статистикалық деректер - статистикалық нысандарда алынған немесе тіркелген деректер; 2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) арнайы құрылған комиссия - ұлттық санаққа дайындыққа және оны жүргізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаулық мәселелерді шешу үшін құрылған комиссия; 2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды 1-2) ауыл шаруашылығы санағы - ауыл шаруашылығының құрылымы мен жай-күйі туралы деректерді жинау, өңдеу, біріктірілген деректерді талдау және тарату процесін қамтитын статистикалық байқау; 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) әкімшілік дереккөздер - статистикалық қызметті қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық, реттеуіш, іске асыру немесе бақылау функцияларын іске асыру процесінде есепке алу деректерін немесе өзге де деректерді жинауды жүзеге асыратын орталық және жергілікті атқарушы органдар, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және өзге де мемлекеттік органдар; 2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) әкімшілік деректер - алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда, әкімшілік дереккөздер қалыптастыратын жеке немесе заңды тұлға жөніндегі жеке-дара сандық (сандар көмегімен өлшенетін) және (немесе) сапалық (белгілі бір қағидат және (немесе) белгі бойынша құрылған) деректер және шаруашылық бойынша есепке алу деректері; 2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) бағаларды тіркеу - жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағалар (тарифтер) туралы алғашқы статистикалық деректерді жинау; 4) ведомстволық статистикалық байқау - мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органды қоспағанда, статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес статистикалық жұмыс жүргізуге уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін статистикалық байқау; 5) жалпымемлекеттік статистикалық байқау - мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган жүргізетін статистикалық байқау; 2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды 5-1) интервьюер - жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде респонденттер мен үй шаруашылықтарына сауал салуды жүзеге асыратын адам; 6) мемлекеттік статистика - ресми статистикалық ақпаратты түзу; 7) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды 7-1) метадеректер - деректердің дереккөздері, әдіснамалар, анықтамалар, сыныптамалар және деректердің сапасы туралы пайдаланушыларға берілетін ақпаратта статистикалық деректер мен статистикалық процестерді стандартталған түрде сипаттайтын деректер және басқа да құжаттама; 8) пайдаланушы - ресми статистикалық ақпаратты алуға өтініш жасайтын және (немесе) оны пайдаланатын тұлға; 9) ресми статистикалық ақпарат - статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын статистикалық ақпарат; 10) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигі - пайдаланушыларды статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын статистикалық көрсеткіштер туралы мәліметтермен қамтамасыз ететін құжат; 11) респондент - статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық байқау объектісі бойынша деректерді ұсынатын жеке немесе заңды тұлға және оның құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері; 12) респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигі - респонденттердің тобы, статистикалық байқаулардың атаулары, респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну кезеңділігі мен мерзімдері және алғашқы статистикалық деректердің жиналуына жауапты мемлекеттік орган туралы мәліметтерді қамтитын құжат; 13) статистикалық ақпарат - алғашқы статистикалық деректерді және (немесе) әкімшілік деректерді өңдеу процесінде алынып, біріктірілген деректер; 14) статистикалық әдіснама - статистикалық қызметте пайдаланылатын, белгіленген тәртіппен бекітілген ғылыми негізделген амалдардың, тәсілдер мен әдістердің жиынтығы; 15) статистикалық байқау - статистикалық байқау объектісі бойынша алғашқы статистикалық деректерді ғылыми-ұйымдастырып жинау; 16) статистикалық байқау объектісі - өздері туралы сандық және (немесе) сапалық сипаттамалар жиналуға тиіс әлеуметтік-экономикалық объект және (немесе) құбылыс не олардың жиынтығы; 17) статистикалық жұмыс жоспары - ұлттық санақтарды қоспағанда, жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізудің алғашқы статистикалық деректерді жинау мерзімдерін, ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру мерзімдерін айқындайтын жылдық жоспары; 18) статистикалық қызмет - осы қызметті жоспарлауды, статистикалық әдіснаманы әзірлеуді, статистикалық байқау жүргізуді, алғашқы статистикалық және әкімшілік деректерді өндеуді, қорғау мен сақтауды, статистикалық ақпаратты қалыптастыру мен таратуды қамтитын процесс; 19) статистикалық нысан - статистикалық құжаттың алғашқы статистикалық деректерді белгіленген тәртіппен алуға немесе тіркеуге арналған қағаз немесе электрондық жеткізгіштегі формуляры (бланк, есептілік нысаны, сұрақтама, сауал-нама, санақ парағы және басқа да формулярлар); 20) статистикалық сыныптауыш - статистикалық байқау объектісін топтарға, сыныптарға, разрядтарға бөлуге мүмкіндік беретін, жасау және жүйелеу принциптерінің, әдістерінің сипатталуын, сондай-ақ оны сәйкестендіру құралы болып қызмет ететін кодты қамтитын, оның нақты бір белгісі мәндерінің жүйеге түсірілген тізбесі; 21) статистикалық тіркелім - статистикалық байқау объектісі бірліктерінің сандық және (немесе) сапалық сипаттамаларымен қоса жүйеге түсірілген тізбесі; 2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды 21-1) телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі - телефонмен респонденттерге сауал салу арқылы жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе; 2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 22) ұлттық санақ - халық санағын және ауыл шаруашылығы санағын қамтитын, статистикалық жұмыстар жоспарынан тыс Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша уәкілетті орган жүргізетін арнайы ұйымдастырылған статистикалық байқау; 23) үй шаруашылығы - бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкін толықтай немесе ішінара біріктіретін және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді бірлесіп тұтынатын бір немесе одан да көп жеке тұлғалардан құралған экономикалық субъект; 2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды 23-1) халық санағы - белгілі бір уақыт кезіндегі жағдай бойынша респонденттерді сипаттайтын демографиялық, экономикалық және әлеуметтік деректерді жинау, өңдеу, біріктірілген деректерді талдау және тарату процесін қамтитын статистикалық байқау; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 24) шаруашылық бойынша есепке алу - үй шаруашылықтары мен шаруа және (немесе) фермер қожалықтары бойынша әкімшілік деректерді қалыптастыру процесі.
2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және статистикалық ақпаратты түзу мен тарату процесіне байланысты қатынастарға қолданылады. 2. Құқықтық статистика және арнайы есепке алуды жүргізу саласындағы қатынастар «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңмен реттеледі. 3. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4-бап. Мемлекеттік статистика органдары Мемлекеттік статистка органдарына: 2) статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізетін және (немесе) ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыратын мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жатады.
5-бап. Мемлекеттік статистиканың принциптері Мемлекеттік статистиканың негізгі принциптері: 1) мемлекеттік статистиканың жалпы жұрт қабылдаған халықаралық стандарттармен, сыныптамалармен және әдістермен үйлесімді және салыстырмалы болуы; 2) статистикалық қызметті жүзеге асыру кезіндегі кәсіптік тәуелсіздік және дербестік; 3) пайдаланушылардың ресми статистикалық ақпаратқа теңдей қол жеткізуін қамтамасыз ету; 4) алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығы және олардың тек қана статистикалық мақсаттар үшін пайдаланылуы; 5) сапасын, уақтылығын, шығындарды және респонденттерге жүктемені ескере отырып, ақпарат дереккөздерінің барлық түрлерін пайдалану; 6) ресми статистикалық ақпараттың дәйектілігі, ғылыми негізділігі, уақтылы берілуі мен жалпыға бірдей қолжетімділігі; 7) статистикалық ақпараттың, алғашқы статистикалық және әкімшілік деректердің сақталуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
6-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясат 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясаты мемлекеттік статистиканы жасауға, жұмыс істетуге, дамытуға және жетілдіруге бағытталған. 2. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясат мемлекеттік статистиканың принциптеріне негізделеді. 3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға өздерінің осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған құзыреті шегінде қатысады. 4. Орталық және жергілікті атқарушы органдар өздерінің қызметінде ресми статистикалық ақпаратты дереккөзге сілтеме жасай отырып пайдаланады, қандай да бір әлеуметтік-экономикалық объект немесе құбылыс бойынша ресми статистикалық ақпаратты алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана ол бойынша өзге ақпаратты жинайды және пайдаланады.
7-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы міндеттер Мемлекеттік статистика саласындағы міндеттер: 1) статистикалық әдіснаманы қалыптастыру; 2) мемлекеттік статистика принциптерін сақтай отырып, статистикалық қызметті жүзеге асыру; 3) қоғамның, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа деген сұранысын қанағаттандыру болып табылады.
8-бап. Ұсынылатын деректердің құпиялылық және қорғалу кепілдіктерін қамтамасыз ету 1. Алғашқы статистикалық деректер құпия болып табылады және осы баптың 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, оны мемлекеттік статистика органдары тек қана статистикалық ақпаратты түзу мақсатында пайдаланады. Мемлекеттік статистика органдары алғашқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу және сақтау кезінде осы деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді. 2. Мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің респондентке қатысты алғашқы статистикалық деректерді пайдалануына, оның ішінде өздері бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырған кезде пайдалануына жол берілмейді. 3. Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді қалыптастыру жөніндегі қызметіне орталық және жергілікті атқарушы органдардың және өзге де тұлғалардың араласуына жол берілмейді. 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Уәкілетті орган қалыптастыратын дерекқордағы мынадай мәліметтер: 1) дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауы; 2) экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша экономикалық қызмет түрі; 3) кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы сыныптауышы бойынша коды; 4) бизнес-сәйкестендіру нөмірі; 5) әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышы бойынша коды; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ дара кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыскерлер саны жөніндегі мөлшерлік сыныптауышы бойынша коды; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 7) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жалпыға қолжетімді ақпаратқа жататын респонденттер туралы ақпарат құпия болып табылмайды. 2015.08.06. № 317-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, респондентті тікелей немесе жанама анықтауға немесе ол туралы алғашқы статистикалық деректерді айқындауға мүмкіндік беретін статистикалық ақпарат және деректер базалары құпия болып табылады және ол респонденттің келісімі болғанда ғана таратылуы мүмкін. Сыртқы сауда қызметі саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы бойынша мәліметтер Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы заңнамасына сәйкес тергеп-тексеруді жүргізу мақсатында ұсынылады. 6. Деректер базаларын ғылыми мақсаттарда уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, сәйкестендірілмеген түрінде ұсынуға және пайдалануға жол беріледі. 7. Мемлекеттік құпияларды қамтитын статистикалық ақпаратты беру тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.
9-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы халықаралық ынтымақтастық 1. Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер немесе халықаралық ұйымдар арасындағы мемлекеттік статистика саласындағы ынтымақтастық Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік статистика органдарының Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде статистикалық ақпаратты таратуға және пайдаланылатын статистикалық әдіснама бойынша тәжірибе алмасуға құқығы бар.
2-тарау. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік реттеу
10-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің құзыреті Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік статистика саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік статистика саласында: 1) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді; 2) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) ұлттық санақ жүргізу туралы шешім қабылдайды және оны жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді; 4) ұлттық санақтар жүргізудің тәртібі мен мерзімдерін айқындайды; 5) өзіне Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 12-бап. Уәкілетті органның құзыреті 1) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін үйлестіреді; 2) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады; 3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді; 4) халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкес статистикалық әдіснаманы қалыптастырады; 5) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жөніндегі статистикалық әдіснаманы, оның ішінде әдістемелерді бекітеді; 6) статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастырады және жүргізеді; 2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды 6-1) уәкілетті органның қызметіне қанағаттанушылық деңгейін мониторингілеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салу тәртібін айқындайды және оны жүргізеді; 2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды 6-2) жалпымемлекеттік және (немесе) ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандардың және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтардың жобаларын тестілеу және талқылау тәртібін айқындайды және оларды респонденттердің ерікті негізде қатысуымен жүргізеді; 2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) бағаларды тіркеу тәртібін айқындайды және оны жүргізеді; 8) жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды, сондай-ақ оларды бекіту тәртібін бекітеді; 2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды 8-1) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша интервьюерлер санын және олар көрсететін қызметтердің құнын есептеуді бекітеді; 2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды 8-2) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьюер ретінде тарту тәртібін айқындайды; 2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 9) респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін әзірлейді және бекітеді; 10) мемлекеттік органдарда қалыптастырылатын бірыңғай есептілік тізілімін әзірлейді; 11) мемлекеттік органдардың статистикалық ақпарат түзу процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесін әзірлейді және бекітеді; 12) ведомстволық сыныптамаларды жүргізудің үлгілік әдістемесін әзірлейді және бекітеді; 13) мемлекеттік органдардың қолдануы үшін метадеректерді қалыптастырудың үлгілік әдістемесін әзірлейді және бекітеді; 2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 14) респонденттер алғашқы статистикалық деректерді ұсынған кезде оларды статистикалық нысандармен және осы нысандарды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз етеді; 2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 15) респонденттерден алғашқы статистикалық деректерді өтеусіз негізде алады; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 15-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 15-1) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен байланыс операторларынан респонденттер жөнінде байланыс деректерін алады; 2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 16) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен үй шаруашылықтарынан өздерінің кірістері мен шығыстары туралы қажетті алғашқы статистикалық деректерді өтеулі және өтеусіз негізде алады; 2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 17) статистикалық ақпаратты түзу кезінде алғашқы статистикалық деректердің анықтығын растау үшін респонденттерден қосымша ақпарат талап етеді; 2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 18) респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді бұрмалаулары анықталған кезде респонденттерден алғашқы статистикалық деректерді қамтитын статистикалық нысандарға түзетулер енгізуді талап етеді; 2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды 18-1) статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда статистикалық мақсаттар үшін және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде жарияланған ресми статистикалық ақпаратты уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қайта қарайды; 19) әкімшілік деректерді статистикалық ақпаратты түзу және статистикалық тіркелімдерді жаңарту үшін ғана пайдаланады; 20) оларды уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастыру арқылы мемлекеттік статистика органдарын статистикалық сыныптауыштармен қамтамасыз етеді; 21) республиканың және оның өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық статистикалық дерекқор жинақтауды, жүргізуді және оны жаңартуды қамтамасыз етеді; 22) мемлекеттік статистика саласындағы ғылыми-зерттеу әзірлемелерін ұйымдастырады; 2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 23) статистикалық ақпараттың сапасын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік статистика органдарының статистикалық қызметінің уәкілетті орган бекіткен ведомстволық статистикалық байқаулар жөніндегі статистикалық әдіснамаға сәйкестігіне талдау жүргізеді және талдау жүргізу үшін қажет құжаттарды (ақпаратты) сұратады; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 24) мемлекеттік статистика саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысынан тексеруді қоспағанда, респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 24-1) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 25) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және ынтымақтастық шеңберінде шарттар жасасады; 26) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 12-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 12-1-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау 1. Мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау әкімшілік дереккөздерге бармай және бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады. 2. Әкімшілік дереккөздерге бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасы3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы4-бап. Мемлекеттік статистика органдары5-бап. Мемлекеттік статистиканың принциптері6-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясат7-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы міндеттер8-бап. Ұсынылатын деректердің құпиялылық және қорғалу кепілдіктерін қамтамасыз ету9-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы халықаралық ынтымақтастық 2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК СТАТИСТИКА САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ10-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің құзыреті11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік статистика саласындағы құзыреті12-бап. Уәкілетті органның құзыреті12-1-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау12-2-бап. Респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау13-бап. Мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыреті14-бап. Уәкілетті орган15-бап. Уәкілетті органның тәуелсіздігін қамтамасыз ету16-бап. Әкімшілік дереккөздердің құқықтары мен міндеттері17-бап. Респонденттердің құқықтары мен міндеттері18-бап. Пайдаланушылардың құқықтары 3-тарау. СТАТИСТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ19-бап. Статистикалық қызметті жоспарлау20-бап. Статистикалық байқау21-бап. Ұлттық санақтар22-бап. Статистикалық әдіснама23-бап. Статистикалық сыныптауыштар мен тіркелімдер23-1-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия24-бап. Статистикалық ақпаратты қалыптастыру дереккөздері25-бап. Өңдеу және сақтау26-бап. Статистикалық ақпаратты тарату 4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР |