Cот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау қағидаларын, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібін, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібін бекіту туралы
«Cот-сараптама қызметі туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Cот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау қағидалары, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібі, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің мына: 1) «Сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау және күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 46 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10306 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 наурызда жарияланған); 2) «Сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау және күрделілік санаттарына қарай сот сараптамаларын жүргізу мерзімдерін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 46 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2015 жылғы 20 қарашадағы № 585 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12323 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 желтоқсанда жарияланған) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті: 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|