«Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 98 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 98 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы туралы ереже осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының құрамы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Энергетика министрінің 2023 жылғы 4 тамыздағы № 295 бұйрығына 1-қосымша
Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 5- тарауында, 109-бабының 1 және 4-тармақтарында, 121- бабының 14-тармағында және 278-бабының 12-тармағында көзделген жағдайларда құзыретті органның рұқсат беруге арналған өтініштерді қарауы кезінде ұсынымдарды әзірлеуді жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Комиссия қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Кодексіне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2-тарау. Комиссияның міндеттері
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|