Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы туралы (2023.04.08. берілген өзгерістермен)
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 45-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) Осы бұйрыққа 1 қосымшаға сәйкес Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы туралы ереже; 2) Осы бұйрыққа 2 қосымшаға сәйкес Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының құрамы бекітілсін. 2. «Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптаму комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 94 бұйрығының күші жойылсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі қолданысқа енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Энергетика министрінің 2023.04.08. № 295 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 98 бұйрығына 1 - қосымша
Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 5- тарауында, 109-бабының 1 және 4-тармақтарында, 121- бабының 14-тармағында және 278-бабының 12-тармағында көзделген жағдайларда құзыретті органның рұқсат беруге арналған өтініштерді қарауы кезінде ұсынымдарды әзірлеуді жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|