Аудиторлық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған аудиторлық қызметті лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті аудиторлық қызметті жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті орган –лицензиар (лицензиялар (оның ішінде телнұсқалар) беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру) болып айқындалсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының сандық даму, инновациялық және аэроғалымдық өнеркәсібінің министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық зкономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 79 бұйрығымен бекітілген
Аудиторлық қызметті лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|