Жол саласының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Осы редакция 2022 жылғы 8 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2004.29.12. № 1414 қаулысымен қолданылуы жартылай қалпына келтірілді
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Инжиниринг" автомобиль жолдары ақпарат орталығы" мемлекеттік мекемесi таратылсын. 2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен "Инжиниринг" автомобиль жолдары ақпарат орталығы" мемлекеттік мекемесiн таратуды жүзеге асырсын. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн: 1) "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және автомобиль көлiгi комитетiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 ақпандағы № 151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 5-6, 63-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Автомобиль жолдары және автомобиль көлiгi комитетi туралы ережеде: 1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Комитеттiң облыстарда аумақтық органдары болады"; 12-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: "7-1) республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын соларға қатысты жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы болуға;"; ҚР Үкіметінің 2004.29.12. № 1414 қаулысымен 3-тармағының 2) тармақшасының қолданылуы қалпына келтірілді 2) "Жол саласын реформалау мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 227 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 7, 83-құжат): 1-тармақта "1-қосымшаға сәйкес көлiк-коммуникациялар кешенi жүйесiнде, негiзiнде 674 адам санының лимитiмен" деген сөздер "1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және автомобиль көлiгi комитетiнiң аумақтық органдары "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындарының филиалдары мүлкiнiң негiзiнде олардың қызмет етуi үшiн қажетті 280 адам санының лимитiмен" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақ алынып тасталсын; 4-тармақта "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Автомобиль жолдары және автомобиль көлiгi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "5. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгі нысанасы Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын ұстау көгалдандыру және ағымдағы жөндеу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындау болып белгiленсiн."; көрсетiлген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. ҚР Үкіметінің 05.12.00 ж. № 1809; 07.03.03 ж. № 226 қаулыларымен 4-тармақ өзгертілді 4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі заңнамада белгiленген тәртіппен: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігiмен бiрлесіп, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын ұстау, көгалдандыру және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар мен қызметтер көрсетудi бiр көзден, "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсiпорнынан мемлекеттік сатып алу тәсiлiн қолдану туралы шешiм қабылдануын; "Қазақавтожол" РМК-ның алдындағы 2000 жылдың қаңтар-сәуiрiндегі автомобиль жолдарын ұстау және басқару жөнiндегі орындалған жұмыстар мен қызметтер үшiн құралған берешектi республикалық бюджетте "Жол жүйесiн республикалық деңгейде пайдалану" бағдарламасы бойынша көзделген қаржы есебiнен өтеудi; Қазақстан Республикасының Үкіметіне екi айлық мерзiмде республикалық маңыздағы автомобиль жолдарының тiзбесiн әзiрлеудi және енгізудi; осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi iс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн. ҚР Үкіметінің 2004.29.12. № 1414 қаулысымен 4-1-тармағының қолданылуы қалпына келтірілді 4-1. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитетінің "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорны республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу, ұстау және көгалдандыру жөніндегі сатып алынуы стратегиялық ерекше маңызды жұмыстардың жеткізушісі болып белгіленсін. 5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен 2001 жылға арналған Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі Автомобиль жолдары және автомобиль көлiгi комитетiнiң аумақтық мемлекеттік органдарын қаржыландыруды көздесiн. 6. Осы қаулы, қол қойылған күнiнен бастап күшiне енетiн 4-тармақты қоспағанда, 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2000 жылғы 14 қазандағы № 1527 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және автомобиль көлігі комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық мемлекеттік органдарының Тізбесі
|