|
|
|
Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шаралары туралы Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 14 Қаулысы
Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 16 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирус инфекциясы (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 07 шілдедегі Кодексінің 9-, 36-, 102-, 104- және 107- баптарына, «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығына және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» (бұдан әрі - ҚР БМСД-нің қаулысы) 2022 жылғы 14 наурыздағы № 12, ««Ashyq» жобасын енгізу туралы» 2022 жылғы 14 наурыздағы № 14 қаулыларына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Аудандар мен Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларының әкімдері, «Атамекен» ӨКП, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар: 1) ҚР БМСД-нің № 12 қаулыға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдарға (ұйымдарға), ұлттық компанияларға, бизнес-орталықтарына және басқа да кеңселерге қойылатын талаптарды сақтауды; 2) ҚР БМСД-нің № 12 қаулыға 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарын аймаққа бөлуді және жұмыс режимін сақтауды; 3) ҚР БМСД-нің № 12 қаулыға 3-қосымшаға сәйкес COVID-19 кезінде жеке қорғаныш құралдарын пайдалану алгоритмін сақтауды; 4) ҚР БМСД-нің № 12 қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарын пайдалану және кәдеге жарату алгоритмін сақтауды; 5) ҚР БМСД-нің № 12 қаулыға 5-қосымшаға сәйкес өнімді көтерме және бөлшектеп сату (сақтау) объектілеріне қойылатын талаптарды сақтауды; 6) ҚР БМСД-нің № 12 қаулыға 6-қосымшаға сәйкес шектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде компьютерлік клубтарға, бильярд залдарына және боулингтерге қойылатын талаптарды сақтауды; 7) ҚР БМСД-нің № 12 қаулыға 7-қосымшаға сәйкес қызмет көрсету саласы объектілерінің (сұлулық салондары, шаштараздар) қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды; 8) ҚР БМСД-нің № 12 қаулыға 8-қосымшаға сәйкес халық үшін фитнес қызметін көрсету бойынша объектілердің, спорт кешендерінің қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды; 9) ҚР БМСД-нің № 12 қаулыға 9-қосымшаға сәйкес мәдениет объектілеріне қойылатын талаптарды сақтауды; 10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы объектілерге (қонақүйлер, отельдер) қойылатын талаптарды сақтауды; 11) ҚР БМСД-нің № 12 қаулыға 11-қосымшаға сәйкес әуежайлардың, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің жұмыс алгоритмін сақтауды; 12) ҚР БМСД-нің № 12 қаулыға 12-қосымшаға сәйкес тұрақты жолаушылар тасымалын (жолаушылар мен багаж тасымалының автомобиль, теміржол электр жылжымалы құрамдары (метрополитен)) жүзеге асыратын ұйымдардың жұмысына қойылатын талаптарды сақтауды; 13) ҚР БМСД-нің № 12 қаулыға 13-қосымшаға сәйкес шектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде банкет залдарының, түнгі клубтардың, караокенің жұмысына қойылатын талаптарды сақтауды; 14) ҚР БМСД-нің № 12 қаулыға 14-қосымшаға сәйкес СПА және массаж салондарының, моншалардың, сауналардың, бассейндердің, жағажайлардың қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды; 15) ҚР БМСД-нің № 12 қаулыға 15-қосымшаға сәйкес санаториялық-курорттық мақсаттағы объектілерге, демалыс үйлеріне қойылатын талаптарды сақтауды; 16) ҚР БМСД-нің № 12 қаулыға 16-қосымшаға сәйкес балаларды сауықтыру лагерьлерінің (мектеп жанындағы, қала сыртындағы) қызмет алгоритмін сақтауды; 17) ҚР БМСД-нің № 12 қаулыға 17-қосымшаға сәйкес діни объектілерде санитариялық-дезинфекциялық режим алгоритмін сақтауды; 18) ҚР БМСД-нің № 12 қаулыға 18-қосымшаға сәйкес қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс алгоритмін сақтауды; 19) ҚР БМСД-нің № 12 қаулыға 19-қосымшаға сәйкес профилактикалық дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу алгоритмін сақтауды; 20) ҚР БМСД-нің № 12 қаулыға 20-қосымшаға сәйкес пенитенциарлық (қылмыстық-атқарушы) жүйе мекемелерінде COVID-19-дың таралу тәуекелін азайтуды сақтау алгоритмі; 21) ҚР БМСД-нің № 12 қаулыға 21-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік кәсіпорындарда және өндірістік объектілерде, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін объектілерде санитариялық-дезинфекциялық іс-шаралар алгоритмін сақтауды; 22) ҚР БМСД-нің № 12 қаулыға 22-қосымшаға сәйкес медициналық-әлеуметтік объектілерде санитариялық-дезинфекциялық режим алгоритмін сақтауды; 23) ҚР БМСД-нің № 14 қаулының қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің қызметі әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу критерийлеріне сәйкес келуі тиіс; 24) ҚР БМСД-нің 14 қаулысына 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері «Ashyq» жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етсін; 25) ҚР БМСД-нің № 12 қаулыға 23-қосымшаға сәйкес COVID-19 инфекциясынан қайтыс болған адамның мәйітін жерлеуді қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізуді; 26) ҚР БМСД-нің № 12 қаулыға 24-қосымшаға сәйкес COV1D-19 диагностикасына арналған зертханаларды ашуға арналған уақытша ұсынымдарды сақтауды; 27) ҚР БМСД-нің № 12 қаулыға 25-қосымшаға сәйкес COVID-19-ды қадағалау шеңберінде ПТР әдісімен тестілеуді ұйымдастыру және ПТР зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар жағдайлар туралы хабарлау алгоритмін сақтауды; 28) ҚР БМСД-нің № 12 қаулыға 26-қосымшаға сәйкес тексеруге жататын контингентті COVID-19-ға зертханалық тексеруді; 29) ҚР БМСД-нің № 12 қаулыға 27-қосымшаға сәйкес COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары адамдар үшін оқшаулау тәртібін сақтауды; 30) халық арасында COVID-19-дың таралуының профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді; 31) COVID-19 профилактикасы мәселелері бойынша халықты тұрақты ақпараттандыруды қамтамасыз етсін. 2. Аудандар мен Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларының әкімдері, «Атамекен» ӨКП (келісім бойынша) құзыретке сәйкес шаралар қабылдасын және: 1) ҚР БМСД-нің № 14 қаулының 1 және 2-тармақтарына сәйкес объектілерде «Ashyq» жобасын енгізуді; 2) ҚР БМСД-нің № 14 қаулының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жобаны іске асыруға қатысатын объектілердің тізбесін айқындауды; 3) халықты, жеке және заңды тұлғаларды жобаға қатысатын объектілерге кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформаларды (мысалы, eGov mobile, Aitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк платформасындағы аналогы, www.ashyq.kz сайты) пайдалану қажеттігі туралы хабардар етуді; 4) «Ashyq» жобасына қатысушылар туралы ақпаратты әкімдіктердің сайтына орналастыруды; 5) зертханалардың COVID-19-ға ПТР-тестілеу нәтижелері бойынша зертханалық ақпараттық жүйелерге мәліметтерді уақтылы енгізуін және оларды Ұлттық сараптама орталығының Бірыңғай интеграцияланған порталына (ҰСО БИП) беруді; 6) Call-орталықтарды ұйымдастыру арқылы халықты және кәсіпкерлерді оқыту бойынша техникалық қолдауды; 7) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және ҚР БМСД-нің № 14 қаулыда белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік туралы жобаға қатысушылардың назарына жеткізуді; 8) «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс және демалыс күндері уақыт бойынша шектеулер белгілемей жұмыс режимін; 9) ҚР БМСД-нің № 14 қаулыға 3-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес мынадай өңірлерде орналасқан келушілерде бейтарап («көк») немесе қауіпсіз («жасыл») мәртебе болған жағдайда: - «жасыл» (эпидемиологиялық тәуекелі төмен) және «сары» (эпидемиологиялық тәуекелі орташа) аймақтарда - қызметі шектеусіз; - «қызыл» аймақта (эпидемиологиялық тәуекелі жоғары) - объектілерді толтыру бойынша шектеулер арқылы жұмыс режимін қамтамасыз етсін. Эпидемиологиялық бағалау матрицасына сәйкес «жасыл» және «сары» аймақтарда орналасқан өңірлерде ҚР БМСД-нің № 14 қаулының 1-тармағында көрсетілген объектілерде «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану міндетті болып табылмайды және қызметін шектемей, субъектінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Эпидемиологиялық тәуекелі жоғары аймақта («қызыл» аймақ) орналасқан өңірлерде «Ashyq» жобасына қатысушылар қызметін шектеусіз жүзеге асыруы үшін қызметкерлер мен келушілерге қауіпсіз («жасыл») мәртебе бойынша талапты ерікті түрде енгізе алады; 10) Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешімінің негізінде эпидемиологиялық тәуекелі жоғары аймақта («қызыл» аймақта) орналасқан өңірлерде қатаңдату бойынша қосымша шаралар қабылдауды; 11) жобаға қатысушылардың арасында бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз етсін. 3. Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулылары талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін. 4. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің көліктегі департаментінің, аумақтық департаменттерінің басшылары: 1) COVID-19-бен ауыратын науқастан сауал алуды; 2) эпидемиологиялық тергеп-тексеру картасын ресімдей отырып, COVID-19 жағдайларын эпидемиологиялық тергеп-тексеруді қамтамасыз етсін. Пациент туралы деректер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 Веб-қосымшасына енгізіледі; 3) ҚР БМСД-нің № 12 қаулыға 29-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Веб-қосымшасына сауалнамаларды бере отырып, оларды тану жүйесімен деректерді өңдеуді; 4) инфекциялық стационарларда және өзге де денсаулық сақтау ұйымдарында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды; 5) халықты COVID-19-дың таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірлерде қолданылатын шаралар туралы хабардар етуді; 6) ҚР азаматтары, шетел азаматтарының жалпы саны бойынша бөле отырып, сырқаттанушылық бойынша ҚР шекарасын кесіп өтетін адамдар туралы күнделікті мониторингті; 7) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (оның ішінде ҰҚК Шекара қызметінің) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы (оның ішінде азаматтық персонал) арасында COVID-19 жағдайлары анықталған кезде аталған ведомстволардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерін хабардар етуді; 8) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарының сақталуын бақылауды; 9) «Ashyq» жобасын ұйымдастыруға және пайдалануға қойылатын талаптарды бұзу фактілері бойынша жобаға қатысушыларға қатысты және шектеу және карантиндік шараларды бұзуға жол берген адамдарға қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдауды қамтамасыз етсін. 5. Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының, аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақмола облысы бойынша филиалының, меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан зертханалардың басшылары ҚР БМСД-нің № 12 қаулыға 26-қосымшаға сәйкес ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуді ұйымдастыруды және ҚР БМСД-нің № 12 қаулыға 25-қосымшаға сәйкес ПТР зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар жағдайлар туралы хабарлауды қамтамасыз етсін. 6. «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақмола облысы бойынша филиалы Қазақстан Республикасы мен Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын орындауды қамтамасыз етсін. 7. Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы, аудандар мен Көкшетау, Степногорск және Қосшы қалаларының әкімдері: 1) бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы 2 күн ішінде қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы халыққа хабардар етуді; 2) халық үшін қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы жаднамалар, оның ішінде шұғыл және апат қызметтерінің барлық қажетті байланыстарын көрсете отырып, шектеу іс-шаралары кезеңінде көшелерде қауіпсіздік шараларын, жүріс-тұрыс ережелерін сақтау туралы азаматтарға арналған нұсқаулықтар әзірлеуді; 3) облыс тұрғындары арасында жұқтыру ошақтарын оқшаулау және оның таралу қаупін азайту бойынша қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат жариялау жүргізуді қамтамасыз етсін. 8. «Ақмола облысының аумағында шектеу карантиндік шараларын қатаңдату туралы» Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 3 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 9. Тәуекелі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлерде карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қабылдайды. Карантиндік шараларды жеңілдету туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қабылдайды. Бұл ретте, шектеу шараларын күшейту 5 күн ішінде эпидемиологиялық жағдай күрделенген жағдайда («жасыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа көшу) жүргізіледі, карантиндік шараларды жеңілдету «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа көшкеннен кейін 5 күннен ерте емес уақытта жүргізіледі. 10. Меншік нысанына қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалар Қаулыны орындауға міндетті. 11. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволар назарына жеткізілсін, халыққа бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін. 12. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 14 қаулысына қосымша
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары *
«+» - қызметіне рұқсат етілген; «✓» - қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен); * - объектілерге келушілерде бейтарап («көк») немесе қауіпсіз («жасыл») мәртебе болған жағдайда кіру; ** - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес); *** - «жасыл» және «сары» аймақтарда орналасқан өңірлердегі объектілерде «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану міндетті болып табылмайды және қызметін шектемей, субъектінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |