|
|
|
Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын алып тастау туралы
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, 104-бабы 1-тармағына және 7-тармағының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасындағы коронавирус инфекциясының профилактика шаралары туралы» 2022 жылғы 25 наурыздағы № 16 қаулысына сәйкес (бұдан әрі - ҚР БМСД-нің қаулысы) ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Аудандар мен Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларының әкімдері, «Атамекен» ӨКП (келісу бойынша), мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, ұлттық компаниялар, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың халықтың көп жиналатын орындарында, қоғамдық және әуе көліктерінде, ұйымдасқан ұжымдарда медициналық маскаларды пайдалануын ұсынсын. 2. Аудандар мен Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларының әкімдері, «Атамекен» ӨКП (келісім бойынша) құзыретіне сәйкес шаралар қабылдасын және: 1) ҚР БМСД-нің № 14 қаулының 1 және 2-тармақтарына сәйкес объектілерде «Ashyq» жобасын енгізуді; 2) ҚР БМСД-нің № 14 қаулының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жобаны іске асыруға қатысатын объектілердің тізбесін айқындауды; 3) халықты, жеке және заңды тұлғаларды жобаға қатысатын объектілерге кіру үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын, оның ішінде басқа да платформаларды (мысалы, eGov mobile, Aitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, Альфа-Банк платформасындағы аналогы, www.ashyq.kz сайты) пайдалану қажеттігі туралы хабардар етуді; 4) «Ashyq» жобасына қатысушылар туралы ақпаратты әкімдіктердің сайтына орналастыруды; 5) зертханалардың COVID-19-ға ПТР-тестілеу нәтижелері бойынша зертханалық ақпараттық жүйелерге мәліметтерді уақтылы енгізуін және оларды Ұлттық сараптама орталығының Бірыңғай интеграцияланған порталына (ҰСО БИП) беруді; 6) Call-орталықтарды ұйымдастыру арқылы халықты және кәсіпкерлерді оқыту бойынша техникалық қолдауды; 7) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және ҚР БМСД-нің № 14 қаулыда белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік туралы жобаға қатысушылардың назарына жеткізуді; 8) «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс және демалыс күндері уақыт бойынша шектеулер белгілемей жұмыс режимін; 9) ҚР БМСД-нің № 14 қаулыға 3-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес мынадай өңірлерде орналасқан келушілерде бейтарап («көк») немесе қауіпсіз («жасыл») мәртебе болған жағдайда: - «жасыл» (эпидемиологиялық тәуекелі төмен) және «сары» (эпидемиологиялық тәуекелі орташа) аймақтарда - қызметі шектеусіз; - «қызыл» аймақта (эпидемиологиялық тәуекелі жоғары) - объектілерді толтыру бойынша шектеулер арқылы жұмыс режимін қамтамасыз етсін. Эпидемиологиялық бағалау матрицасына сәйкес «жасыл» және «сары» аймақтарда орналасқан өңірлерде ҚР БМСД-нің № 14 қаулының 1-тармағында көрсетілген объектілерде «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану міндетті болып табылмайды және қызметін шектемей, субъектінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Эпидемиологиялық тәуекелі жоғары аймақта («қызыл» аймақ) орналасқан өңірлерде «Ashyq» жобасына қатысушылар қызметін шектеусіз жүзеге асыруы үшін қызметкерлер мен келушілерге қауіпсіз («жасыл») мәртебе бойынша талапты ерікті түрде енгізе алады; 10) Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешімінің негізінде эпидемиологиялық тәуекелі жоғары аймақта («қызыл» аймақта) орналасқан өңірлерде қатаңдату бойынша қосымша шаралар қабылдауды; 11) жобаға қатысушылардың арасында бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз етсін. 3. Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулылары талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін. 4. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары: 1) COVID-19-бен ауыратын науқастан сауал алуды; 2) эпидемиологиялық тергеп-тексеру картасын ресімдей отырып, COVID-19 жағдайларын эпидемиологиялық тергеп-тексеруді қамтамасыз етсін. Пациент туралы деректер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 Веб-қосымшасына енгізіледі; 3) ҚР БМСД-нің № 16 қаулыға 11-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Веб-қосымшасына сауалнамаларды бере отырып, оларды тану жүйесімен деректерді өңдеуді; 4) инфекциялық стационарларда және өзге де денсаулық сақтау ұйымдарында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды; 5) халықты COVID-19-дың таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірлерде қолданылатын шаралар туралы хабардар етуді; 6) ҚР азаматтары, шетел азаматтарының жалпы саны бойынша бөле отырып, сырқаттанушылық бойынша ҚР шекарасын кесіп өтетін адамдар туралы күнделікті мониторингті; 7) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (оның ішінде ҰҚК Шекара қызметінің) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы (оның ішінде азаматтық персонал) арасында COVID-19 жағдайлары анықталған кезде аталған ведомстволардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерін хабардар етуді қамтамасыз етсін. 5. Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының, аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақмола облысы бойынша филиалының, меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан зертханалардың басшылары: 1) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуді ұйымдастыруды және осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес ПТР зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар жағдайлар туралы хабарлауды; 2) «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-105 бұйрығының 8-тарауына сәйкес COVID-19-дың диагностикасына арналған зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етсін. 6. «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақмола облысы бойынша филиалы Қазақстан Республикасы мен Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын орындауды қамтамасыз етсін. 7. Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы, аудандар мен Көкшетау, Степногорск және Қосшы қалаларының әкімдері: 1) бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы 2 күн ішінде қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы халыққа хабардар етуді; 2) халық үшін қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы жаднамалар, оның ішінде шұғыл және апат қызметтерінің барлық қажетті байланыстарын көрсете отырып, шектеу іс-шаралары кезеңінде көшелерде қауіпсіздік шараларын, жүріс-тұрыс ережелерін сақтау туралы азаматтарға арналған нұсқаулықтар әзірлеуді; 3) облыс тұрғындары арасында жұқтыру ошақтарын оқшаулау және оның таралу қаупін азайту бойынша қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат жариялау жүргізуді қамтамасыз етсін. 8. «Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын туралы» Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 14 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 9. Тәуекелі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлерде карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қабылдайды. Карантиндік шараларды жеңілдету туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қабылдайды. Бұл ретте, шектеу шараларын күшейту 5 күн ішінде эпидемиологиялық жағдай күрделенген жағдайда («жасыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа көшу) жүргізіледі, карантиндік шараларды жеңілдету «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа көшкеннен кейін 5 күннен ерте емес уақытта жүргізіледі. 10. Меншік нысанына қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалар Қаулыны орындауға міндетті. 11. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволар назарына жеткізілсін, халыққа бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін. 12. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 16 қаулысына қосымша
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары *
«+» - қызметіне рұқсат етілген; «✓» - қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен); * - объектілерге келушілерде бейтарап («көк») немесе қауіпсіз («жасыл») мәртебе болған жағдайда кіру; ** - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес); *** - «жасыл» және «сары» аймақтарда орналасқан өңірлердегі объектілерде «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану міндетті болып табылмайды және қызметін шектемей, субъектінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |