ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 276 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.26.12. № 943 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 462 бұйрығына 3-қосымша
«Есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын әкелуге, әкетуге және транзиттеуге рұқсат беру»
1. «Есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын әкелуге, әкетуге және транзиттеуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 329 бұйрығымен бекітілген «Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымына байланысты қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамы электрондық сандық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭСҚ) растаған электронды құжат нысанында есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын әкелуге, әкетуге және транзиттеуге рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) беру болып табылады. Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы ЭСҚ қойған электронды құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|