Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2022 жылғы 2 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 шілдедегі № 511 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде: 82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «82. Aлдағы жылға арналған Жоспардың жобасын жыл сайын 1 шілдеге дейін мемлекеттік органдар Әділет министрлігіне ұсынатын заң жобалары тұжырымдамаларының жобалары бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) оң қорытындысы негізінде Әділет министрлігі қалыптастырады. Бұл ретте заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын Ведомствоаралық комиссия жыл сайын 1 тамызға дейін мақұлдауға тиіс. Жоспар жобасында: 1) алдағы жылы әзірлеу болжанатын, оның деңгейін, реттеу нысаны мен нысанасын көрсететін заң жобасының атауы; 2) заң жобасын әзірлеу және оны Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсыну мерзімдері; 3) заң жобасын әзірлеуге жауапты органдар, ұйымдар және лауазымды адамдар көрсетілуге тиіс. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін іске асыру үшін әзірленетін заң жобаларын қоспағанда, заң жобасын Парламентке енгізу мерзімі оны Үкіметке енгізудің белгіленген мерзімінен екі айдан кем болмауға тиіс. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|