ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 276 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.26.12. № 943 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 462 бұйрығына 2-қосымша
«Құрамында есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Құрамында есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 329 бұйрығымен бекітілген «Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар тауарлардың экспорты мен импортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған). 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі құрамында есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлары бар тауарларды экспорттауға және импорттауға лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу не Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады. Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы ЭСҚ қол қойған электронды құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады. Қажет болған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|