Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Осы редакция 2016 жылғы 29 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8544 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 4 қыркүйектегі № 203 (28142) санында жарияланған): көрсетілген бұйрықпен бекітілген отбасы үлгісіндегі балалар үйі қызметінің үлгілік қағидаларында: 18-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «11) Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 16 бұйрығына сәйкес нысан бойынша балаға арналған сауалнама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10280 тіркелген)»; 2) «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 508 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10186 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 33 (28511) санында жарияланған); 2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|