ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024.18.04. № 142 бұйрығымен 3-қосымша жаңа редакцияда (2024 ж. 25 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 22 мамырдағы № 117 бұйрығығына 3-қосымша
«Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (2024.25.06. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және «Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды. 2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетi (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 3. Қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электронды түрде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - Портал) және/немесе «мinerals.gov.kz» жерқойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасы арқылы арқылы (бұдан әрі - платформа) отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беруге арналған өтініш береді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|