Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 463 Қаулысымен күші жойылды
Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016.29.04. № 172 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.23.08. № 368 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 168 қаулысымен бекітілді
«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2017.03.10. берілген өзгерістермен)
1. «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушімен, регламенттің 1 - қосымшасында көрсетілген облыстық және аудандық маңызы бар кәсіпкерлік бөлімдерімен (бұдан әрі - Бағдарламаның жергілікті үйлестірушілері) ұсынылады. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны - қағаз түрінде. Ақтөбе облысының әкімдігінің 2017.17.05. № 142 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - грант беру туралы шарт не Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11181 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|