Қазақстан Республикасының (2021.27.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 19 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының бағалы металдар мен асыл тастар саласындағы заңнамасы 3-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті 4-бап. Уәкілетті органның құзыреті 5-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыреті 8-бап. Бағалы металдарды өндіру 11-бап. Инвестициялық алтын айналымының ерекшеліктері 12-бап. Сараптама жүргізу тәртібі 13-бап. Зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізудің ерекшеліктері 15-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң бағалы металдарды өндіру және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымы саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) асыл тастар - табиғи алмастар, зүбәржаттар, лағылдар, жақұттар және александриттер, сондай-ақ шикі (табиғи) және өңделген түрдегі табиғи інжу. Асыл тастарға бірегей кәріптас түзілімдері теңестіріледі; 2) асыл тастардың, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың сараптамасы (бұдан әрі - сараптама) - асыл тастарды сәйкестендіруді және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардағы бағалы металдарды сынамалауды, сынамалау таңбалары бедерлерінің төлнұсқалығын тексеруді қамтитын, уәкілетті ұйымдар жүзеге асыратын сынақтарды ұйымдастыру және жүргізу; 3) асыл тастарды сәйкестендіру - асыл тастардың сыныптамалық және құндық сипаттамаларының нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін белгілеу; 4) атаулы таңба - бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға салынатын және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды дайындаушыны куәландыратын арнайы белгі; 5) аффинаждау - бағалы металдарды қоспалардан және ілеспе құрауыштардан тазалау, бағалы металдарды ұлттық немесе халықаралық стандартқа сәйкес келетін сапаға дейін жеткізу процесі; 6) аффинирленген алтын - аффинаждау нәтижесінде құймалар, тілімдер, түйіршіктер және ұнтақтар түрінде алынған алтын; 7) бағалы металдар - кез келген күйдегі және түрдегі алтын, күміс, платина және платина тобындағы металдар (палладий, иридий, родий, рутений және осмий); 8) бағалы металдардың аффинаждауға жатпайтын саф түрлері - осы нақты кен орнындағы бағалы металдың басым бөлшектерінен өз мөлшері бойынша бірден ерекшеленетін және массасы 0,3 грамнан асатын, бағалы металдардың минералды шикізатынан бөлініп алынған, ішкі және сыртқы нарықтардағы айналысқа, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени мақсаттарда пайдалануға арналған бағалы металдардың саф түрлері; 9) бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары - жөнделмейтін ақауды қоса алғанда, бағалы металдарды алу мақсатында кейіннен қайта өңдеу үшін пайдалануға болатын, жарамсыз болып қалған, пайдаланылу құндылығын жоғалтқан немесе жоюға жататын, құрамында бағалы металл бар бұйымдар және (немесе) олардың құрауыш бөліктері, сондай-ақ техникалық және тұрмыстық мақсаттағы өнімді өндіру және пайдалану кезінде түзілген, құрамында бағалы металл бар материалдардың, металлургиялық өндірістің аралық өнімдерінің қалдықтары; 10) бағалы металдарды өндіру - құрамында бағалы металдар бар өндірілген кешенді кендерден, концентраттардан және басқа да жартылай өнімдерден, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарынан бағалы металдарды алу, сондай-ақ бағалы металдарды аффинаждау; 11) бағалы металдарды өндіру субъектілері - Қазақстан Республикасының аумағында бағалы металдарды өндіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары; 12) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдар (бұдан әрі - зергерлік және басқа да бұйымдар) - бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда, асыл тастардан және табиғи немесе жасанды жолмен алынған басқа да материалдардан жасалған көздері бар не онсыз, әртүрлі көркемдік өңдеу түрлерін пайдалана отырып, асыл тастардан, бағалы металдардан және олардың қорытпаларынан жасалған, әртүрлі әшекейлер, тұрмыстық кәдеге жарататын заттар ретінде және (немесе) діни әрі декоративтік мақсаттарда қолданылатын бұйымдар; 2021.02.07. № 62-VII ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13) бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымы - бағалы металдар мен асыл тастарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын, зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру, әкелу, әкету, олармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасау, мемлекеттің аффинирленген алтынды басым құқық шеңберінде сатып алуы, сондай-ақ бағалы металдар мен асыл тастарды инвестициялық және басқа да мұқтаждар үшін қолдану; 14) зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектілері - зергерлік және басқа да бұйымдарды дайындауды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар; 15) инвестициялық алтын - мынадай шарттарға сәйкес келетін алтын: алтын монеталар үшін: мұндай алтын монеталардың нумизматикалық құндылығы болмайды; алтын монеталардың тазалығы жалпы массасының 1000 үлесінің 900 мыңдық үлесіне тең немесе одан асады (бұл 900-сынамаға, 900 промиллеге, 90,0 пайызға немесе 21,6 каратқа сәйкес келеді). Бұл ретте алтын монета мынадай шарттардың біріне сәйкес болған кезде: 1800 жылға дейін соғылған; «пруф» (proof) сапасымен бетінің айнадай болып шығуын қамтамасыз ететін технология бойынша соғылған; шығарылымының таралымы 1000 данадан аспаған; оның нарықтық бағасы монета құрамындағы алтын құнының 80 пайызынан асқан жағдайда, оның нумизматикалық құндылығы бар деп танылады. Монетаның құрамындағы алтынның құны алтын монетаны өткізу күні Лондон бағалы металдар нарығының қауымдастығы белгілеген (белгіленген) алтынның таңертеңгі фиксингін (баға белгіленімін) көрсетілген күні белгіленген валюта айырбасының нарықтық бағамына көбейту арқылы айқындалады. Қалған алтын үшін: мұндай алтын аффинирленген болып табылады (мұндай алтынның тазалығы лигатуралық массаның 1000 үлесінің 995 мыңдық үлесіне тең немесе одан асады (бұл 995-сынамаға, 995 промиллеге, 99,5 пайызға немесе 23,88 каратқа сәйкес келеді); мұндай алтын ұлттық немесе халықаралық стандартқа сәйкес келеді, өлшеуіш немесе стандартты құйма және (немесе) тілім түрінде дайындалып, мынадай таңбалау салынады: стандартты құйма және (немесе) тілім үшін: сериялық нөмірі (дайындалған жылы қамтылуы мүмкін); дайындаушының тауар белгісі; алтынның тазалығы (массалық үлесі); егер сериялық нөмірге енгізілмеген болса, дайындалған жылы; өлшеуіш құйма үшін: металдың атауы; дайындаушының тауар белгісі; алтынның тазалығы (массалық үлесі); құйманың массасы; 16) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары - өңделмеген бағалы металдар (оның ішінде, құйма түріндегі Доре қорытпасы, катодты металл), мырыш шөгінділері, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары, бағалы металдардың кендері мен концентраттары, құрамында бағалы металдар бар түсті металдардың кендері, концентраттары және күлі, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдері; 17) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәндері - құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде мемлекеттік бақылау мақсатында белгіленетін, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларынан өнеркәсіптік алу мүмкіндігін айқындайтын, Қазақстан Республикасының аумағында бағалы металдарды өндіру субъектілері құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеу мүмкіндігін (мүмкін еместігін) айқындау үшін пайдаланылатын зиянды қоспалардың жол берілетін барынша жоғары құрамы және бағалы металдардың ең аз құрамы; 18) өңделмеген табиғи алмас - табиғи күйдегі, өңделмеген және (немесе) ішінара өңделген (шағылған, арамен тілінген, рундист жағылған) алмас; 19) сынама - бағалы металл қорытпасының мың массалық бөлігіндегі таза бағалы металдың массалық бөліктерінің саны; 20) сынамалау - бағалы металдардың, зергерлік және басқа да бұйымдардың сынамасын белгіленген әдістермен айқындау немесе растау; 21) сынамалық таңба - зергерлік және басқа да бұйымдарға салынатын, осындай бұйымдардағы бағалы металл сынамасын куәландыратын белгіленген үлгідегі белгі; 22) таңбалау - зергерлік және басқа да бұйымдарға сынамалық таңба бедерін салу; 23) уәкілетті орган - бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 24) уәкілетті ұйым - Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес сараптама жүргізуге аккредиттелген заңды тұлға.
2-бап. Қазақстан Республикасының бағалы металдар мен асыл тастар саласындағы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының бағалы металдар мен асыл тастар саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінен тұрады. 2. Бағалы металдар мен асыл тастарды барлау және өндіру саласындағы қоғамдық қатынастар Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасымен реттеледі. 3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзге де нормалар белгіленген болса, онда халықаралық шарттың нормалары қолданылады.
3-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) бағалы металдарды өндіру, бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оларды жүзеге асыруды ұйымдастырады; 2) бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикiзат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кiрмейтiн елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларын бекітеді; 3) асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларын бекітеді; 4) Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларын бекітеді; 5) Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
4-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті орган: 1) бағалы металдарды өндіру, бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 2) бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикiзат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кiрмейтiн елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларын әзірлейді; 3) асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларын әзірлейді; 4) Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларын әзірлейді; 5) сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды 5-1) атаулы таңбаны уәкілетті ұйымда міндетті тіркеу және тіркелген атаулы таңбалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 6) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларына нормативтік құжаттарды бекітеді; 7) қайта өңдеу үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде ұсынылған құжаттарда көрсетілген бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларынан қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормаларын растайды; 8) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәнін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 9) шикізат тауарларының түрлері бойынша жеке-дара технологиялық мүмкіндіктерін ескере отырып, уәкілетті орган бекітетін тізбедегі әрбір бағалы металдарды өндіру субъектісі үшін құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәнін белгілейді; 10) бағалы металдарды өндіру субъектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды 10-1) аффинаждауға дейінгі минералды шикізатқа және (немесе) өңделмеген бағалы тастарға меншік құқығының өтуіне, сондай-ақ оларды кепіл ретінде пайдалануға байланысты мәмілелерді есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
5-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыреті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі: 1) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асырады; 2) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру тәртібін айқындайды; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бағалы металдардың және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сынамаларына (үлгілеріне) бақылау сынақтарын жүзеге асырады; 4) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
6-бап. Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымы кезіндегі мемлекеттік бақылау 1) құрамында бағалы металдар бар түсті металдар кендерін, концентраттары мен күлдерін, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдерін қоспағанда, бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету кезінде; 2) асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды, бағалы металдардан жасалған монеталарды Еуразиялық экономикалық одаққа кiрмейтiн елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету кезінде; 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) құрамында бағалы металдар бар түсті металдар кендерін, концентраттары мен күлдерін, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдерін Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. 4) 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген мемлекеттік бақылау Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және мыналарды: 1) түсті металдар кендерін, концентраттары мен күлдерін, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдерін қоспағанда, бағалы металдар, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары партиясының ілеспе құжаттарда, оның ішінде нормативтік техникалық және (немесе) техникалық құжаттамада көрсетілген деректерге сәйкестігін тексеруді; 2) әлемдік нарықтағы бағаларды ескере отырып, бағалы металдар құнын бағалауды; 3) бағалы металдардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының шығу көзін айқындауды; 4) бағалы металдармен және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен мәмілелер жасау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды; 5) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы бағалы металдар мен ілеспе алынатын металдар құрамын бақылауды; 6) бағалы металдар мен ілеспе алынатын металдар құрамы туралы құжаттар негізінде Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігін (мүмкін еместігін) және экономикалық тұрғыдан орындылығын (орынсыздығын) тексеруді немесе Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан орынсыздығын немесе мүмкін еместігін тексеруді қамтиды. 3. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген мемлекеттік бақылау Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын кедендік бекеттер арқылы жүзеге асырылады. 4. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген мемлекеттік бақылау Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және осы баптың 2-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген әрекеттерді қамтиды. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда 5. Зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізу саласындағы мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жоспардан тыс тексеру мен профилактикалық бақылау және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 5-1, 5-2, 5-3, 5-4, 5-5, 5-6, 5-7, 5-8 және 5-9-тармақтармен толықтырылды; 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 5-1-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-1. Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектісіне беру және бақылау субъектісіне әкімшілік жүктемені төмендету бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары болып табылады. 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 5-2-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-2. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді, оның ішінде: 1) мемлекеттік бақылау субъектілері, мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар берген; 2) ақпараттық жүйелерден алынған; 3) бұқаралық ақпарат құралдарынан және өзге де ашық көздерден, жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарынан алынған мәліметтер негізінде зерделеу, талдау, салыстыру арқылы жүзеге асырады. 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 5-3-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей жүзеге асырады. 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 5-4-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, анықталған бұзушылықтардың сипаттамасын қоса бере отырып, хабарлама ресімдейді және жібереді. 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 5-5-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-5. Хабарлама бақылау субъектісіне қолын қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту мен алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс. Бұл ретте төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген хабарлама мынадай жағдайларда: 1) қолма-қол - бақылау субъектісі алғаны туралы хабарламада белгі қойған күннен бастап; 2) поштамен - тапсырысты хатпен; 3) электрондық тәсілмен - бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап бақылау субъектісіне табыс етілді деп есептеледі. 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 5-6-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-6. Сұрау салудың өзінде орындаудың неғұрлым ұзақ мерзімі көрсетілген жағдайларды қоспағанда, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны бақылау субъектісі ол табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындауға тиіс. 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 5-7-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-7. Бақылау субъектісі хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, хабарламаны жіберген техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға хабарлама табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы. 5-8. 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 5-9-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді. 1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген мемлекеттік бақылау нәтижелерін уәкілетті орган: әкелу кезінде - тауардың әрбір партиясына берілген мемлекеттік бақылау актісі нысанында; қайта өңдеуге әкелу кезінде - тауардың әрбір партиясына берілген мемлекеттік бақылау актісі, тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжат нысанында; әкету кезінде - тауардың әрбір партиясына берілген мемлекеттік бақылау актісі, экспортқа берілген лицензия және Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және экономикалық тұрғыдан орындылығы (орынсыздығы) туралы қорытынды нысанында; |
Содержание 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының бағалы металдар мен асыл тастар саласындағы заңнамасы3-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті4-бап. Уәкілетті органның құзыреті5-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыреті6-бап. Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымы кезіндегі мемлекеттік бақылау7-бап. Бағалы металдарды, асыл тастарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын, зергерлік және басқа да бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету ерекшеліктері8-бап. Бағалы металдарды өндіру9-бап. Бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін аффинирленген алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығы10-бап. Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын аффинаждау11-бап. Инвестициялық алтын айналымының ерекшеліктері12-бап. Сараптама жүргізу тәртібі13-бап. Зергерлік және басқа да бұйымдарды өткізудің ерекшеліктері14-бап. Қазақстан Республикасының бағалы металдар мен асыл тастар саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық15-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі |