|
|
|
Павлодар облысы аумағында шектеулі карантиндік шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 38, 104-баптарының 2-тармағының 3) тармақшасына, «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен бекітілген «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына (бұдан әрі - СҚ), Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» СҚ, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» № 36 Қаулысына (бұдан әрі - БМСДҚ), ҚР БМСД 2021 жылғы 02 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» № 38 Қаулысына, ҚР БМСД 2021 жылғы 10 қыркүйектегі «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» № 42 Қаулысына, ҚР БМСД 2022 жылғы 13 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы» № 2 Қаулысына, ҚР БМСД 2022 жылғы 13 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирус инфекциясы ауруларының алдын алу шараларын одан әрі күшейту туралы» № 3, ҚР БМСД 2022 жылғы 21 қаңтардағы «2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 4, ҚР БМСД 2022 жылғы 21 қаңтардағы «Білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42 Қаулысына 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 5 Қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 10 ақпандағы «Білім беру ұйымдарындағы шектеу іс-шараларын алып тастау туралы» № 8 Қаулысына, ҚР БМСД «Ashyq» жобасын енгізу туралы» 2022 жылғы 18 ақпандағы № 10, ҚР БМСД «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кейбір Қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 18 ақпандағы № 11 Қаулыларына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Павлодар облысының Әкімдігі, облыстың қалалары мен аудандары әкімдері, Павлодар облысының полиция Департаменті, Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық Басқармасы, Павлодар облысының кәсіпкерлер Палатасы, кәсіпкерлік субьектілері, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар, Павлодар облысындағы тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты, коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін ҚР БМСД № 38 Қаулысының 1 тармағы 3 тармақшасына сәйкес инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі өңірлік жедел штабта мынадай шешім қабылданды: 1) Өнеркәсіптік кәсіпорындардың COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды алмаған (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) жұмыскерлерді күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектеуді. Бұл ретте, ұйымдардың вакцина алмаған қызметкерлері үшін (соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және COVID-19 ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) міндетті ПТР-тестілеуді (7 күнде 1 рет) көздеу. 2. Павлодар облысының Әкімдігі, облыстың қалалары мен аудандары әкімдері, Павлодар облысының полиция Департаменті, Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық Басқармасы, Павлодар облысының кәсіпкерлер Палатасы, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалары, кәсіпкерлік субъектілері, заңды тұлғалар қамтамасыз етсін («Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін): 1) «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің қызметі, ҚР БМСД № 10 Қаулысына сәйкес, ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын сақтай отырып; 2) «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс және демалыс күндерінде уақыт бойынша шектеулер белгіленбей жұмыс режимі белгіленсін; 3) осы Қаулының 1-қосымшасына сәйкес, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес өңірлерде келушілердің бейтарап («көк») немесе қауіпсіз («жасыл») мәртебесі болған жағдайда рұқсат етіледі. 3. Павлодар облысының Әкімдігі, облыстың қалалары мен аудандары әкімдері, Павлодар облысының білім беру Басқармасы, Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық Басқармасы, Павлодар облысының кәсіпкерлер Палатасы, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің, заңды және жеке тұлғалардың басшылары қамтамасыз етсін («Ashyq» жобасына қатыспайтын объектілер үшін): 1) «Ashyq» жобасына қатыспайтын объектілердің қызметіне шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу критерийлеріне сәйкес, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, ҚР БМСД № 38 Қаулысының 2-қосымшасына сәйкес талаптарын сақтаған жағдайда рұқсат берілсін; 2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің актісіне сәйкес уақыты мен саны бойынша шектей отыра қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат берілсін; 3) ҚР БМСД № 42 Қаулысының 3-қосымшасына сәйкес алгоритмді сақтай отырып, кеңестерді (отырыстар) көзбе-көз режимде өткізуге рұқсат берілсін (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда); 4) ҚР БМСД № 36 Қаулысының, СЕ№ ҚР ДСМ-76 талаптарын орындай отыра, 2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқытуға рұқсат берілсін; 5) ҚР БМСД № 36 Қаулысының талаптарын сақтай отыра, мектепке дейінгі мекемелердің қызметіне рұқсат берілсін; 6) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, Ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорт базаларында тұру) рұқсат берілсін; 7) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда, спортшылар мен жаттықтырушылар құрамының COVID-19 ға қарсы вакцинациясының толық курсын алғандығы туралы құжаттық дәлелдемелерін ұсынған жағдайда облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізуге рұқсат берілсін; 8) өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» және «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы» РМҚК қызметіне рұқсат берілсін; 9) қарттар мен мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер, сәбилер үйлері, балалар үйлері, әлеуметтік оңалту орталықтары, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындары санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отыра жұмыс істейді. Әлеуетті ата-аналарға жетім балалармен оларды одан әрі асырап алуы, қорғаншылықта болуы, қамқоршысы болу үшін балалар үйіне және сәбилер үйіне баруына әлеуетті ата-аналарға берілуінен 3 тәуліктен аспаған COVID-19 ға ПТР зертханалық тексерісі теріс нәтиже көрсеткен немесе COVID-19 ға қарсы вакцинациясының толық курсын алғандығы туралы немесе екінші компонент алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде құжатты ұсынған кезде немесе соңғы 3 ай ішінде COVlD-19-бен ауырғандығы туралы құжатты ұсынған кезде рұқсат беріледі. Медициналық-әлеуметтік объектілердің (қарттар, мүгедектер үйі, балалар үйі және басқалар) пациенттеріне келушілерге, ұлттық превентивті механизм қатысушыларының баруына ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар құжатты берген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен кезде немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде, COVID-19-ға ревакцинация немесе толық вакцинация курсын алғаны туралы құжатты немесе соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырғандығы туралы құжатты ұсынған кезде рұқсат беріледі. 10) ҚР БМСД № 38 Қаулысының талаптарын орындай отыра, барлық сауда нысандарына, қоғамдық көліктерге, таксиге, өнеркәсіптік аумақтарға, дәліздерге, лифт кабиналарына, ұйымдарға, басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізілсін; 11) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткізу пункттері арқылы автоөткелдерде Қазақстан Республикасына COVID-19-ға ПТР арқылы анықтамасыз келген және Қазақстан Республикасында ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алмаған, егер Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өту сәтінде екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспаған болса Қазақстан Республикасының азаматтары карантинді стационарға орналастырылсын. 1) бес жасқа дейінгі балаларды және әлеуметтік арақашықтықты сақтай отыра спортпен айналысатын тұлғаларды қоспағанда, қоғамдық орындарда болған кезде, халық баратын, қызмет көрсетілетін және демалуға арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте (соның ішінде, такси ішінде) болған кезде медициналық немесе тоқыма бетперделерді міндетті түрде кисін; 2) объектілерге барғанда, қоғамдық көлікті пайдаланған кезде, сонымен қатар, жұмыс орындарында төмендегілерді сақтасын: - қол алыспау, адамдар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтап, қорғаныс бетперделерін дұрыс кисін; - жеке гигиенаны (қолды жуғыш құралдармен жуу, санитайзерлерді (қолға арналған антисептиктер) пайдалану) сақтау, түшкіру және жөтелу этикетін сақтау; 3) респираторлық инфекцияның (тұмау, түшкіру, дене қызуы) алғашқы симптомдары пайда болған жағдайда медициналық ұйымдарға бармай, 103 нөмірі арқылы жедел медициналық жәрдемді үйге шақырту арқылы медициналық көмекке шұғыл жүгінсін. 5. Павлодар облысының әкімдігіне, облыстың қалалары мен аудандарының әкімдеріне, полиция Департаменті, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалары қамтамасыз етсін: 1) қызметіне рұқсат берілген объектілерде карантиндік іс-шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақыласын. Бұзушылықтарды анықтаған жағдайда Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қолданылсын». 6. Павлодар облысының полиция Департаменті: 1) жұмысты жалғастырсын және бетперделік режим мен әлеуметтік арақашықтықты сақтау мәніне тұрғын үй секторының, парктердің, скверлердің, аулаішілік балалар ойын алаңдарының, демалыс аймақтарының, қоғамдық көліктің патрульдеуін қамтамасыз етсін, учаскелік қызмет жұмысын жасырып отбасылық, ұжымдық іс-шараларды анықтауға бағыттасын; 2) COVID-19 бойынша байланысқа түскен адамдарды карантинге жабу орындары мен провизорлық госпитализациялау орындарының күзетін қамтамасыз етсін; 3) COVID-19 бойынша байланысқа түскен адамдарды, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасына келген COVID-19-ға зертханалық зерттеуінің оң нәтижесі бар адамдарды іздестіру және карантинге орналастыру бойынша шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін. 7. Денсаулық сақтау басқармасы қамтамасыз етсін: 1) эпидемияға қарсы режимді сақтай отыра, COVID-19-бен сырқаттанған адамдарды оқшаулау үшін инфекциялық стационарда жеке төсек-орындарды бөлсін; 2) серіктестің нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, ПТР әдісімен COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтамасы болған кезде серіктес босануды жүргізу; 3) көрсетілетін медициналық көмек ерекшелігін ескере отыра, COVID-19 ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациентті анықтаған жағдайда, барлық денсаулық сақтау ұйымдарында оңашалауға арналған үй-жайларды бөлсін; 4) COVID-19 сырқатына күдігі бар пациенттермен кездесуіне жол бермей, пациенттердің күн сайынғы ағымын бөлсін (басқа нозологиялық сырқаттар бойынша); 5) босандыру ұйымдарына босанатын әйелдер, сондай-ақ, көп бейінді стационарларға өмір көрсеткіштері бойынша шұғыл көмек көрсетілуіне мұқтаж пациенттер келіп түскен жағдайда, медициналық көмек COVID-19-ға зертханалық зерттеу нәтижелерін күтпей-ақ, эпидемияға қарсы режимді сақтаумен, жеке қорғаныс құралдарын пайдаланумен, оңашаланған бөлмеде көрсетіледі. Пациентте COVID-19 диагнозы расталған жағдайда, COVID-19 ға қарсы вакцина алмаған, медициналық көмек көрсетуге тартылған қызметкерлер № 4 Қаулының 34 қосымшасына сәйкес, үй карантинінде оңашалауға және COVID-19-ға зертханалық тексерілуге жатады. 6) жүкті әйелдер мен балалардың босандыру және балалық медициналық ұйымдарға шұғыл түсу кезінде COVID-19 талдауы болмаса, орташа және ауыр коронавирустық инфекцияның клиникалық белгілері бойынша мамандандырылған мамандармен медициналық көмек көрсету үшін мамандандырылған бөлімге жатқызылады, басқа жүкті әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін эпидемияға қарсы режим сақталынады; 7) пациенттерді, оның ішінде жүкті әйелдерді, босанатын әйелдерді және балаларды стационарға жоспарлы түрде госпитализациялау (оның ішінде күндізгі стационар) қолында тапсырған күнінен бастап 5 күннен аспайтын COVID-19 тестілеу нәтижелері немесе COVID-19 ға қарсы вакцинациясының толық курсын алғандығы, соның ішінде екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өтпеген туралы құжаты болған кезде жүзеге асырылады (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды және соңғы 3 ай ішінде COVID-19 ауырып жазылған адамдарды қоспағанда); 8) ҚР БМСД № 4 Қаулысының 33 қосымшасына сәйкес COVID-19-ға зертханалық зерттеу жүргізу; 9) ҚР БМСД № 4 Қаулысының 33 қосымшасына сәйкес зертханалық тексеру үшін COVID-19-ға күдігі бар науқастардан материалдың қауіпсіз алынуын ұйымдастыру; 10) инфекциялық және өзге медициналық ұйымдарда эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтау; 11) үйде карантинде отырған адамдар үшін қажет болған жағдайда медициналық ұйымдарға бармай, еңбекке уақытша жарамсыздығының парақтары (емдеу парағы) толтырылсын; 12) денсаулық сақтау ұйымдарын COVID-19-ға шалдыққан пациенттерді емдеу үшін қажетті дәрілік заттармен, медициналық бұйымдар мен медициналық мақсаттағы қажетті материалдармен қамтамасыз етсін; 13) ҚР БМСД № 38 Қаулысының 2 қосымшасына сәйкес таза және лас аймақтарға болумен барлық медициналық ұйымдары инфекциялық стационар қағидаты бойынша қызмет етсін; 14) денсаулық сақтаудың стационарлық ұйымдарында карантин сақталсын; 15) ҚР БМСД № 4 Қаулысының 34 қосымшасына сәйкес COVID 19 шараларын өткізуге қатысушы медицина қызметкерлерінің инфекциялық қауіпсіздігі алгоритмі орындалсын; 16) өліктерді сою кезінде (аутопсия) патологоанатомиялық, сот-медициналық сараптама қызметі саласындағы жұмысты жүзеге асырып отырған ұйымдарда жұмыстан шығар жерде дене қызуын өлшеуді қоса есептегенде, одан кейін денсаулығын бақылай отыра, қызметкерлерді оңашалаусыз, ҚР БМСД № 38 Қаулысының 29 қосымшасына сәйкес, эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау - жеке қорғаныс құралдарын пайдалансын; 17) пациенттердің бүкіл ағынының дене қызуын өлшеу үшін тепловизорлармен қамтамасыз ете отыра, барлық денсаулық сақтау ұйымдарында шлюздер ұйымдастырылсын; 18) көп бейінді ауруханалардың қабылдау бөлімшесінде пациенттердің күн сайынғы ағынын жоспарлық және шұғыл госпитальдау бойынша жекелей бөлсін; 19) ҚР БМСД № 4 Қаулысының 3 қосымшасына сәйкес жұмыстары COVID-19-ға күдігі бар науқастарды тасымалдаумен, ошақта жұмыс жасаумен, емдеу және қызмет көрсетумен байланысты медицина қызметкерлері мен персоналдың тиісті қорғаныс деңгейі бар ЖҚҚ қолдануын бақыласын; 20) COVID-19 эпидемиологиясы, клиникалық белгілері, диагностика мәселелері, эпидемиологиялық және биологиялық қауіпсіздік, стандартталған операциялық процедураларды (СОП) орындау бойынша денсаулық сақтау ұйымдарына арналған семинарларды ұйымдастырсын және өткізсін; 21) COVID-19 кезінде жеке қорғаныс құралдарын пайдалану жөнінде эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу бойынша өңірдегі медициналық ұйымдардың барлық қызметкерлерін толықтай қамтумен нұсқаулық жүргізсін; 22) ҚР БМСД № 4 Қаулысының 35 қосымшасына сәйкес COVID-19-ды жұқтырудың жоғары қаупіне ие тұлғалар үшін оқшаулау; 23) ҚР БМСД № 38 Қаулысының 36 қосымшасына және клиникалық протоколға сәйкес COVID-19 симптомы жоқ вирус тасымалдаушыларды оқшаулау шарттары болған жағдайда үйдегі карантин мен медициналық бақылауды қамтамасыз етсін; 24) тұрғын үйдің үй карантинін ұйымдастыруға арналған талаптарына сәйкестігін бағаласын; 25) үйдегі медициналық бақылаудың жүргізілуін және үй карантинінің талаптарын сақтауды бақыласын; 26) шетелден келген, дене қызуы жоғары тұлғаларды Анықтамасының болуына қарамастан, COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін инфекциялық стационарға жатқызуды қамтамасыз етсін; 27) шетелден COVID-19-ға ПТР арқылы анықтамасыз келген және Қазақстан Республикасында ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алмаған, егер Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өту сәтінде екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспаған болса Қазақстан Республикасының азаматтары карантинді стационарға орналастырылсын; 28) үйде оңашалау жағдайында (үй карантині) COVID-19 науқаспен байланысқа түскен (жақын байланыс) адамдардың зертханалық тексеруі мен медициналық бақылауын қамтамасыз етсін; 29) ҚР БМСД № 38 Қаулысының 36 қосымшасына сәйкес, амбулаториялық жағдайда ем алатын COVID-19 науқастарын және үй карантиніндегі COVID-19 науқастарымен байланыста болған адамдарды үйде оқшаулау (үй карантині) қағидаларын сақтау қажеттілігі туралы қолхат бере отырып, қолын қойғызумен хабардар ету; 30) ҚР БМСД № 38 Қаулысының 39 қосымшасына сәйкес тұрғындарға профилактикалық екпелер жүргізсін; 31) ҚР БМСД № 4 Қаулысының 33, 35 қосымшаларына сәйкес байланысқа түскен адамдар мен симптомы жоқ вирус тасымалдаушылардың медициналық бақылауы мен зертханалық тексеруін қамтамасыз етсін; 32) диагнозды анықтаған соң, 6 сағат ішінде COVID-19-бен сырқаттанудың әр жағдайына, соның ішінде, «COVID-19 Коронавирустық инфекциясы (Вирус теңдестірілмеген)» U07.2 коды бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Комитетінің аумақтық бөлімшелеріне шұғыл хабарлама берілсін; 33) сот сараптамасы барысында алынған мүрде материалын ПТР әдісі арқылы COVID-19-ға зертханалық тексеруді қамтамасыз етсін. (түпнұсқаға сәйкес) биоқауіпсіздік шараларын сақтауды түсіндірумен және тиісті қолхат алу арқылы мәйіт жерлеу үшін қайтыс болған адамның туыстарына беріледі. 8. Денсаулық сақтау басқармасы, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалары, шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ұлттық сараптама орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны, меншік формасына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан зертханалар қамтамасыз етсін: 1) № 4 Қаулының 33-қосымшасына сәйкес ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуді ұйымдастыру, оның ішінде профилактикалық мақсатта жататын контингенттің эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша, сондай-ақ № 4 Қаулының 32-қосымшасына сәйкес ПТР зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар жағдайлар туралы хабарласын; 2) зертханалардың COVID-19-ға арналған ПТР тестілеу нәтижелері бойынша зертханалық ақпараттық жүйелерге уақытында ақпарат енгізуді және оларды Ұлттық сараптама орталығының Бірыңғай ақпараттық порталына (ҰСО БАП) жіберуді қамтамасыз етсін. 9. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Павлодар облысы аумағында шектеулі карантиндік шаралар туралы» 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 2, 2022 жылғы 10 ақпандағы № 3 Қаулылары күшін жойды деп танылсын. 10. Меншік түріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар үшін осы Қаулыны орындау міндетті болып саналады. Заң бұзушылықтар анықталса, құзыреті мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шегінде жедел шаралар қабылдансын. 11. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 12. Осы Қаулы 2022 жылдың 28 ақпанынан бастап күшіне енеді.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 25 ақпандағы № 4 Қаулысына 1-қосымша
«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы «18» ақпандағы № 10 қаулысына 4-қосымша»
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары *
«+» - қызметіне рұқсат етілген; «✓» - қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен); * - объектілерге келушілерде бейтарап («көк») немесе қауіпсіз («жасыл») мәртебе болған жағдайда кіру; ** - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |