Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 77 бұйрығына 3-қосымша
Мәдениет және өнер саласындағы республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат білім беру ұйымдары қызметінің қағидалары
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2018.31.10. № 311 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2018.31.10. № 311 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы мәдениет және өнер саласындағы республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаттарындағы білім беру қызметінің Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер саласындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаттарындағы білім беру қызметінің қағидаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды және «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі (бұдан әрі - Білім туралы Заң), «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы (бұдан әрі - Мәдениет туралы Заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жүзеге асырады. 2. Республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп - интернаттары (бұдан әрі - Мектеп - интернаттар) дарынды балалардың мәдениет және өнер іс негіздерін терең меңгеруіне бағытталған, элитарлық білім беруді қамтамасыз ететін мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асырады. 3. Мектеп-интернаттар қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі, «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңдарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Қағидаларға және олардың негізінде әзірленген жарғыға сәйкес жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|