|
|
|
2023-2024 жылдарға арналған «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық жобасын іске қосу жөніндегі жол картасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 506-НҚ бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 29 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 28 шілдедегі кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанда жасалған» (Made in KZ) жалпыұлттық жобасын іске қосу жөнінде ұсыныстар енгізу бойынша тапсырмасын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған 2023-2024 жылдарға арналған «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық жобасын іске қосу жөніндегі жол картасы (бұдан әрі - Жол картасы) бекітілсін. 2. Жол картасының орындалуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдар, мүдделі ұйымдар (келісім бойынша): 1) Жол картасын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын; 2) жартыжылдық және жыл қорытындылары бойынша есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 15 күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын. 3. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі жартыжылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 25 күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 506-НҚ бұйрығымен бекітілген
2023-2024 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН «ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫН ІСКЕ ҚОСУ ЖӨНІНДЕГІ ЖОЛ КАРТАСЫ
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |