|
|
|
Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік және ведомстволық архивтердің ақылы қызмет көрсету және түскен қаржыны пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 8 ақпандағы № 183 Қаулысы (2018.19.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 605 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2018.19.02. № 66 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2018.19.02. № 66 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2018.19.02. № 66 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік және ведомстволық архивтердің ақылы қызмет көрсету және түскен қаржыны пайдалану қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
ҚР Үкіметінің 2018.19.02. № 66 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік және ведомстволық архивтердің ақылы қызмет көрсету және түскен қаржыны пайдалану қағидалары
1. Осы Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік және ведомстволық архивтердің ақылы қызмет көрсету және түскен қаржыны пайдалану қағидалары мемлекеттік және ведомстволық архивтердің (бұдан әрі - архивтік мекемелер) архив құжаттарын жасаушылармен және пайдаланушылармен қоғамдық қарым-қатынастарды реттейді. 2. Архивтік мекемелер жеке және заңды тұлғаларға ақылы қызметті мына бағыттар бойынша көрсетеді: 1) архив ісін және құжаттамалық қамтамасыз етуді жетілдіру жөніндегі ғылыми зерттеулер жүргізу және әдістемелік әзірленімдер енгізу; 2) құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу; 3) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтініштері) бойынша құжаттау мен құжаттамаларды басқарудың қазіргі заманғы негіздеріне оқыту жөніндегі курстар мен семинарлар өткізу; 4) архив құжаттарын сақтаудың температуралық-ылғалдылық және физикалық-химиялық параметрлерін қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдар әзірлеу, әдістемелік және практикалық көмек көрсету; 5) архивтік істер мен құжаттарды қайта қалпына келтіру, түптеу, архивтік қораптар дайындау; 6) архив құжаттарының сақтық көшірмелерін дайындау, мәтіндерін қалпына келтіру; 7) архив қорларына ғылыми-анықтамалық аппарат жасау мен жетілдіруде әдістемелік және практикалық көмек көрсету; 8) тапсырыстар (өтініштер) бойынша тектану және тақырыптық сипаттағы ақпаратты анықтауды жүргізу және архив құжаттарын пайдалануды қоспағанда архив құжаттарын көшірмелеу. 3. Архивтік мекемелер жеке немесе заңды тұлғалармен жасасқан шарттардың негізінде ақылы қызмет көрсетеді. Бұл ретте ақылы қызмет көрсету жөніндегі келісімшартта заңнамада белгіленген талаптардан басқа, қызмет түрлері, олардың көлемі, баға көрсеткіші бойынша құны, қызмет көрсету мерзімдері және келісуші тараптардың жауапкершілігі туралы мәліметтер болуы тиіс. 4. 2-тармақта көрсетілген ақылы қызметтің баға көрсеткішін архив ісі саласындағы Қазақстан Республикасының уәкілетті орталық атқарушы органы бекітеді. 5. Архивтік мекемелерде ақылы қызметтен түсетін қаржы мемлекеттік мекеменің ағымдағы «Ақылы қызмет көрсетуден алынатын қаражат» шотына есептеледі және кірістер мен шығыстар сметасына сәйкес қатаң түрде нысаналы бағыты бойынша жұмсалады. Оларға бюджет қаражатына билік ету құқығы берілген мемлекеттік мекемелердің басшылары иелік етушілер болып табылады. 6. Архивтік мекемелер ақылы қызмет көрсетуден түскен қаржыны мыналарға: 1) мемлекеттік және ведомстволық архивтердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға; 2) ақылы қызмет көрсетуге қажетті жабдықтар мен керек-жарақтарды сатып алуға және оларды жөндеуге; 3) ақылы қызмет көрсетуге тартылған мамандардың еңбегіне ақы төлеуге; 4) шаруашылық шығыстарға (жылуға, электр энергиясына, сумен жабдықтауға ақы төлеу және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы және шаруашылық мақсаттағы заттар мен материалдарды сатып алу, көліктік қызметке ақы төлеу); 5) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар тапсырыстары (өтініштері) бойынша құжаттау мен құжаттамаларды басқарудың қазіргі заманғы негіздеріне оқытуды жүргізу үшін және үй-жайды жалға алуға, оқу құралдарын, көрнекі материалдарды сатып алуға; 6) архивтану, құжаттану, археография және қосалқы тарихи пәндер бойынша ғылыми және әдістемелік әдебиеттер шығаруға пайдаланылуы мүмкін. 7. Ақылы қызмет көрсетуден түскен қаржының кірістер мен шығыстар сметалары қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалады және бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекітеді. 8. Ақылы қызметтен түсетін қаржыны есепке алу, оның есептілігі және бақылау заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |