«Тауар белгілерін мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде айрықша құқықтарды беру, тауар белгісін пайдалануға құқық беру туралы қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1345 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Тауар белгілерін мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде айрықша құқықтарды беру, тауар белгісін пайдалануға құқық беру туралы қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1345 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17331 болып тіркеліп, 2018 жылғы 4 қыркүйекте нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: Жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Тауар белгілерін мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде айрықша құқықтарды беру, тауар белгісін пайдалануға құқық беру туралы қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|