Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер жөніндегі заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы (2010.25.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің қатысушыларының арасындағы қатынастарды реттейтін заңнаманы біркелкі қолдану және қатысушылардың үлестеріне қатысты дауларды шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: ҚР Жоғарғы Сотының 2010.25.06. № 3 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің қызметін, оның қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін реттейтін заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен (бұдан әрі - АК) «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңынан (бұдан әрі - Заң) және басқа нормативтік құқықтық актілерден тұрады. ҚР Жоғарғы Сотының 2010.25.06. № 3 Нормативтік қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. 1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы серіктестік құрылтайшыларының (қатысушыларының) АК-нің 115-бабының 2-тармағында, 117-бабында және Заңның 23-бабының 3-тармағында көрсетілген мүлкінен және мүліктік құқықтарынан, оның ішінде жеке тұлғаның шартты жер үлесіне құқығын енгізуден құралады. Шартты жер үлесiне құқық Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 103-бабының 5-тармағында белгіленген тәртіпте берілген куәлікпен расталуға тиіс. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|