Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер жөніндегі заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 10 шілдедегі № 2 Нормативтік Қаулысы (2018.29.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің қатысушыларының арасындағы қатынастарды реттейтін заңнаманы біркелкі қолдану және қатысушылардың үлестеріне қатысты дауларды шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: ҚР Жоғарғы Сотының 2010.25.06. № 3 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.31.03. № 2 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің қызметін, оның қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін реттейтін заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен (бұдан әрі - АК) «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220-I Заңынан (бұдан әрі - Заң) және басқа нормативтік құқықтық актілерден тұрады. ҚР Жоғарғы Сотының 2018.29.06. № 11 Нормативтік қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1-1. Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 27-бабының бірінші бөлігіндегі корпоративтік даулардың анықтамасы субъектілік және нысаналы өлшемшарттар арқылы ашылған. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысуымен корпоративтік даулардың субъектілері: заңды тұлға ретінде серіктестік, оның органы атынан шешім қабылдағанда; серіктестіктің лауазымды адамдары - алқалы немесе жеке-дара атқарушы органның мүшелері, байқау кеңесінің мүшелері (Заңның 41-бабының 2-тармағы, АПК-нің 27-бабы бірінші бөлігінің 3), 5) және 10) тармақшалары); серіктестікке қатысушылар (құрылтайшылар), оның ішінде бұрынғы қатысушылар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|