Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбір мәселелерi туралы (2020.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 18 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2009.11.09. № 1348 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған мыналар бекітілсiн: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдары лауазымдарының тiзбесi; 2) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келiсім бойынша тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдарды қызметке келiсу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ереже. 3) Бірінші басшылары Премьер-Министрдің ұсынуы (ұсынымы) бойынша немесе онымен келісім бойынша қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын ұлттық холдингтердің, компаниялардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізімі. 2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын және бекiтетiн немесе олармен келісім бойынша тағайындалатын және бекiтілетiн мемлекеттік органдар басшы қызметкерлерінің лауазымдар тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 29 наурыздағы № 373 қаулысы; 2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 4 маусымдағы № 101 өкімі. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|