Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім (2007.26.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 11 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған мыналар бекітілсiн: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мемлекеттік саяси қызметшiлерi мен өзге де басшы лауазымды адамдары лауазымдарының тiзбесi; 2) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келiсім бойынша тағайындалатын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мемлекеттік саяси қызметшiлерiн және өзге де басшы лауазымды адамдарды қызметке келiсу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ереже. 2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) "Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын және бекiтетiн немесе олармен келісім бойынша тағайындалатын және бекiтілетiн мемлекеттік органдар басшы қызметкерлерінің лауазымдар тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 29 наурыздағы № 373 қаулысы; 2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 4 маусымдағы № 101 өкімі. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысына 1-қосымша ҚР Үкіметінің 08.05.03 ж. № 437 (бұр. ред. қара); 31.12.03 ж. № 1369 (бұр. ред. қара); 29.01.04 ж. № 100 (бұр. ред. қара); 02.09.04 ж. № 928 (бұр. ред. қара); 2005.04.05 № 423 (2005.17.01 бастап қолданысқа ендi); 2005.06.05 № 439 (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 44 (бұр.ред.қара); 2007.19.01. № 38 ; 2007.26.12. № 1298 (бұр. ред. қара) қаулыларымен тізбе өзгертілді
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|