Осы редакция 2019 жылғы 3 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 3/539 қаулысына 8-қосымша
Алматы қаласы әкімдігінің 2016.31.08. № 3/420 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.04.12. № 4/499 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2018.18.04. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығыменбекітілген «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аудандық бөлімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты мекенжайы бойынша көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация); 2) көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тұрғылықты тіркелген жері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің аудандық бөлімдері арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті беруші арқылы мыналар болып табылады: 1) Қазақстан Республикасының азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендер деп тану туралы шешім; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|