Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2020-2024 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы (2023.07.02. берілген өзгерістермен)
Астана қаласы әкімдігінің 2023.23.01. № 107-120 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 7 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 3-тармағының 7-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» 2022 жылғы 17 қыркүйектегі № 1017 Жарлығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Астана қаласы әкімдігінің 2023.23.01. № 107-120 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 7 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Мыналар: 1) 2020-2024 оқу жылдарына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы (бұдан әрі - мемлекеттік білім беру тапсырысы) 1-қосымшаға сәйкес; 2) Конкурс шарттары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының тізбесі 2 - қосымшаға сәйкес; 3) «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) – «360 024 000 «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандарды даярлау»; «Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі – «353 043 000 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінде мамандар даярлау» және «353 044 000 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқитындарға әлеуметтік қолдау көрсету» деген бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып бекітілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|