«Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы» Ақмола облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақмола облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 4 Қаулысы
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 4, «Білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42, 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 5 (осы қаулының 4-тармағының күші жойылды), ««Ashyq» жобасын енгізу туралы» 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 7 қаулыларына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы» Ақмола облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
2) қоғамдық тамақтану объектілерінде, үйде, сонымен қатар ашық ауада отбасылық, ас беру (банкет, үйлену той, мерейтой, дұға) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын;
4-тармақтың 1), 23), 24), 25), 31), 33) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
1) көпшілік іс-шараларын (мерекелік, діни, көпшілік спорт, ойын-сауық мәдени-көпшілік іс-шараларды, форум, конференция және т.б. өткізуге), отбасылық іс-шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтой, мерекелік корпоратив) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде, сонымен қатар ашық ауада өткізуге тыйым салуды;
23) жалпы білім беру мектептерінде («қызыл» аймақ):
- 1-4 бастауыш сыныптар (халықаралық мектептерде 1-6-сыныптар) - штаттық форматта;
- 600 оқушыға дейінгіні қоса алғанда - штаттық форматта;
- 600 оқушыдан жоғары - мектептердің жобалық қуатының 50%-нан аспайтын жүктемемен штаттық форматта.
Білім беру ұйымдарының әкімшісінің қалауы бойынша вакцинацияның толық курсын алған мектеп оқушыларын штаттық форматта оқытуға жол беріледі.
24) жоғары оқу орындарында және колледждерде аралас форматта - практикалық, зертханалық, семинар сабақтар, өндірістік практика икемді кесте бойынша штаттық режимде, дәріс онлайн.
25) мектептен тыс ұйымдарда - штаттық форматта.
33) - келушілер арасындағы периметр бойынша кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтау; үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 1,5 м. және орындықтар арасында 60 см болған кезде;
- «Ashyq» жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда, көпшілік жиналатын салтанатты, отбасылық, ас беру, ұжымдық және т.б. іс-шараларды өткізбей;
- ҚР БМСД-нің № 38 қаулы талаптарын сақтай отырып, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан артық емес, режимі сағат 9-дан 22-ге дейін талаптарын сақтай отырып;
- сағат 22-ден 09-ға дейін өнімді жеткізіліп қана сатуға жол бере отырып;
- «Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан, қоғамдық тамақтандыру нысандарында бар үлдірігінде қызмет көрсетуге тыйым сала отырып,
дәмхана, мейрамхана типі бойынша, дүкендердегі және (жайлардағы) барлар және банкет залдары, стрит-фуд (отыратын орынсыз бөлек тұратын палатка/ларек, дүңгіршек) т.б. қоғамдық тамақтандыру нысандарының қызметіне рұқсат беруді;
4-тармақ 62) тармақшамен толықтырылып, мынадай редакцияда жазылсын:
62) ҚР БМСД-нің № 5 қаулы талаптарын сақтай отырып, сағат 22.00-ге дейінгі жұмыс режимімен сауда алаңы 6000 ш.м-ге дейін (азық-түлік) сауда желілерінің қызметіне рұқсат.
Осы қаулының қосымшасы мынадай редакцияда жазылсын.
2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қызметті жүзеге асыратын Ақмола облысы қалалары мен аудандардағы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы.
3. Меншік нысанына қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалар Қаулыны орындауға міндетті.
4. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволар назарына жеткізілсін, халыққа бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Ақмола облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері | А. Мусина |
Ақмола облысы
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2022 жылғы 28 қаңтардағы
№ 4 қаулысына қосымша
Әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары
(нөмірленуі түпнұсқаға сәйкес)
№ | Объектілер/ салалар*** | «Ashyq» жобасының қатысушысы болып табылмайтын объектілер үшін | «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін | Персонал мен келушілердегі қауіпсіз «жасыл» мәртебе бойынша «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін |
1. | Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар* | тыйым салынады | + | |
2. | Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар * | тыйым салынады | + | |
4. | Облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар* | тыйым салынады | + | |
5. | Туризм объектілері мен адамдар орналасып тұратын салада қызмет көрсететін ұйымдар (қонақ үй, отель, демалыс үй, туристік база және т.б.) * | ✓ толықтырылуы 80%-артық емес | + | |
6. | ХҚКО-ы* | ✓ жұмысын сенбі және жексенбі күндері тоқтата тұрып, жұмыс күндері (дүйсенбі - жұма) сағат 9-дан 18-ге дейін. Көкшетау қаласында жұмыс режимі сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ХҚКО кезекші бөлімшелерін ұйымдастыруға жол беріледі. | + | |
7. | «Қазпошта» АҚ бөлімшелері * | ✓ жұмыс күндері сағат 09-дан 18-ге дейін, сенбі күні 09-дан 14-ке дейін және онлайн форматта барынша қызмет көрсету | + | |
8. | Банктер * | + рұқсат | + | |
9. | Сұлулық салондары, шаштараз, маникюр және педикюр қызметтері, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін объектілер (жазылу бойынша) * | ✓ алдын ала жазылу бойынша, сағат 07-ден 22-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат. | + | |
10. | СПА орталықтары * | ✓ сенбі және жексенбі күндері жұмысын тоқтата тұрып, сағат 07-ден 22-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат. | + | |
11. | Сауналар, моншалар* | ✓ сенбі және жексенбі күндері жұмысын тоқтата тұрып, сағат 07-ден 22-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат. | + | |
12. | Сауда алаңы 1000 ш.м-ге дейінгіні қоса алғанда (азық-түлік емес) сауда желілері * | сенбі және жексенбі күндері жұмысын тоқтата тұрып, жұмыс режимі сағат 18-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат | + | |
13. | (базар үлгісіндегі сауда үйлері, сауда орталықтары, павильон, дүкен және т.б.) жабық азық-түлік емес және азық-түлік базарлары | + сағат 07-ден 22-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат. ҚР БМСД-нің № 38 қаулы талаптарын сақтай отырып, толтырылуы 30%-дан артық емес және бір келушіге кемінде 4 ш.м. орын сақталған, (базар үлгісіндегі сауда үйлері, сауда орталықтары, павильон, дүкен және т.б.) сенбі және жексенбі күндері қызметін тоқтата тұрып, жабық азық-түлік емес және азық-түлік базарлары қызметіне рұқсат | + | |
14. | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары (ата-аналардың өтініштері бойынша) * | тыйым салынады | + | |
15. | Қосымша білім беру ұйымдар, білім беру орталықтары * | тыйым салынады | + | |
16. | Білім беру ұйымдарында білім алушылардың тұруына арналған жатақханалар (педагогтар, персонал, ата-аналар (заңды өкілдері), келушілер, 18 жастағы және одан асқан білім алушылар үшін)* | тыйым салынады | + | |
17. | Балаларды сауықтыру ұйымдары * | ✓ 30%-дан артық емес толтырылған кезде | ✓ 60%-ға дейін толтырылған кезде | |
18. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар * | тыйым салынады | ✓ 60%-ға дейін толтырылған кезде | |
19. | Бильярд * | тыйым салынады | ✓ 60%-ға дейін толтырылған кезде | |
20. | PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар * | тыйым салынады | 60%-ға дейін толтырылған кезде | |
21. | Боулинг * | тыйым салынады | 60%-ға дейін толтырылған кезде | |
22. | Лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар * | тыйым салынады | ✓ бір келушіге кемінде 4 ш.м. алаң қамтамасыз ету кезде | |
23. | Букмекерлік конторалар * | тыйым салынады | ✓ бір келушіге кемінде 4 ш.м. алаң қамтамасыз ету кезде | |
24. | Балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары * | тыйым салынады | ✓ бір келушіге кемінде 10 ш.м. алаң, 60%-ға дейін толтырылған кезде | |
25. | ЖОО, колледждер * | тыйым салынады | ✓ практикалық, зертханалық, семинар сабақтары, өндірістік практика икемді кесте бойынша штаттық режимде, дәрістер онлайн | |
26. | Орта білім беру ұйымдары*: | тыйым салынады | + | |
1 - 4 бастауыш сыныптары (халықаралық мектептерде 1-6-сыныптар) |
600 оқушыға дейінгіні қоса алғанда |
600 оқушыдан жоғары | ✓ мектептердің жобалық қуатының 50%-нан аспайтын жүктемемен | |
27. | Алкоголь ішімдіктері сатылмайтын асхана типі бойынша (үй-жайдағы) қоғамдық тамақтандыру объектілері * | ҚР БМСД-нің № 38 қаулы талаптарын сақтай отырып, көпшілік жиналатын салтанатты, отбасылық, ас беру, ұжымдық және басқа да іс-шараларды өткізбестен, сағат 7-ден 24-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат | + | |
28. | Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда), банкет залдары (мейрамханалар мен дәмхана типі бойынша қызмет көрсету) | ✓ толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай сағат 9-дан 20-ға дейін жұмыс істеуге рұқсат. Сағат 20-дан 09-ға дейін өнім ғана жеткізіліп сатылады. Қоғамдық тамақтандыру нысандарында бар үлдірігінде қызмет көрсетуге тыйым салынады. | ✓ 60%-ға дейін толтырылған кезде | |
29. | Салтанатты, ас беру, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, ас беру) өткізу ** | тыйым салынады | - | + шектеусіз |
30. | Конференциялар, форумдар, адамдар көп жиналатын ойын-сауық және өзге де іс-шаралар ** | тыйым салынады | - | + шектеусіз |
31. | Көрмелер ** | тыйым салынады | - | + шектеусіз |
32. | Марафондар (ашық ауада) ** | тыйым салынады | - | + шектеусіз |
33. | Көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар ** | тыйым салынады | - | + шектеусіз |
34. | Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары (жаттығулар) ** | ✓ сенбі және жексенбі күндері қызметті тоқтата тұрып, сағат 07-ден 22-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат. | - | + шектеусіз |
35. | Діни объектілер (жабық үй-жайларда ұжымдық құдайға құлшылық етуді өткізу) ** | ✓ жабық үй-жайларда ұжымдық діни іс-шаралардың, оның ішінде «жұма намазы», діни шараларды, күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын өткізбей | - | + шектеусіз |
36. | Ойын клубтары (казино) ** | тыйым салынады | - | + шектеусіз |
37. | Түнгі клубтар ** | тыйым салынады | - | + шектеусіз |
38. | Караоке ** | тыйым салынады | - | + шектеусіз |
39. | Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда алаңы 1000 ш.м-ден асатын (азық-түлік емес) сауда желілері ** | сенбі және жексенбі күндері жұмысын тоқтата тұрып, жұмыс режимі сағат 22-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат | - | + шектеусіз |
40. | Сауда алаңы 6000 ш.м-ден асатын (азық-түлік) сауда желілері ** | сенбі және жексенбі күндері жұмысын тоқтата тұрып, жұмыс режимі сағат 22-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат | - | + шектеусіз |
41. | Бассейндер ** | ✓ сенбі және жексенбі күндері жұмысын тоқтата тұрып, сағат 07-ден 22-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат. | - | + шектеусіз |
«+» - қызметіне рұқсат етілген;
«✓» - қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен);
* - объектілерге келушілерде бейтарап («көк») немесе қауіпсіз («жасыл») мәртебе болған жағдайда кіру;
** - объектілерге қызметкерлер мен келушілерде (вакцинация немесе ревакцинация салдырған, сынамаларды іріктеу сәтінен бастап 7 тәуліктен аспаған теріс нәтижесі бар тест ПТР, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар, соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан адамдар) қауіпсіз («жасыл») мәртебе болған жағдайда, объектілердің жұмыс істеу режиміне және толтыруына шектеусіз кіру;
*** - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес).
ХҚКО - Көкшетау қаласында жұмыс режимі сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ХҚКО кезекші бөлімшелерін ұйымдастыруға жол беріледі.