Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінiң арасындағы темір жол көлiгiнiң (2009.21.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 4 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінiң 1997 жылғы 15 шiлдедегі № 1114 Қаулысымен бекітілді 1999 ж. 23 сәуірде күшіне енді
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі бұдан былай Жақтар деп аталады, мыналарға байланысты: 1992 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы темір жол көлiгiнiң қызметiн реттеу туралы Келісімге. 1992 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінiң арасындағы көлiк саласындағы ынтымақтастық принциптер мен қарым-қатынастар шарттары туралы Келісімге. 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының экономикалық ынтымақтастығын бұдан әрi түбегейлендiру мен интеграциялау туралы Шартты, 1995 жылғы 20 қаңтардағы кедендiк одақ туралы Келісімге, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясындағы темір жолдардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында төмендегiлер туралы осы келісімге қол қойды:
2009 ж. 21 мамырдағы Хаттамамен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап
Тараптар бір Тарап мемлекетінің теміржолдарының құрамына кіретін, бірақ екінші Тарап мемлекетінің аумағында орналасқан теміржол көлігінің мүлкі бірінші Тарап мемлекетінің меншігі екендігін мойындайды. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының меншік құқығы болып танылған мүлікке қатысты теміржол учаскелерінің тізбесі осы Келісімнің ажырағысыз бөлігі болып табылатын 1-қосымшада келтірілген. Теміржол көлігінің көрсетілген мүлкін Тараптар тең бағалы деп таниды. Бұл ретте көрсетілген мүліктің нарықтық құнын бағалау жасалмайды және меншік құқығының ауысуына байланысты өтемақы жүргізілмейді. Теміржол көлігінің көрсетілген мүлкі үшінші тұлғаның кез-келген құқығынан еркіндігіне Тараптар кепілдік береді. Осы Келісімнің мақсаттары үшін «теміржол көлігінің мүлкі» деп Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы теміржолдарының құрамына кіретін учаскелерде орналасқан, қызметтер ұсынуды әрі жолаушылар мен жүктердің тасымалын, оның ішінде жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға, теміржолшыларға және олардың отбасының мүшелеріне қызметтердің көрсетілуін қамтамасыз ететін кәсіпорындар, сондай-ақ жекелеген мүлік объектілері ұғынылады. Осы баптың 1-абзацында көрсетілген теміржол көлігі мүлкінің тізбелерін осы Келісімнің іске асырылуына жауапты құзыретті органдар жасайды және бекітеді. Осы Келісімнің іске асырылуына жауапты құзыретті органдар мыналар болып табылады: Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті; Ресей Федерациясында - Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі федеральдық агенттік.
2009 ж. 21 мамырдағы Хаттамамен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 2-бап
Темір жол көлiгiнiң жаңадан салынған объектiлерi мен жаңадан сатып алынған жылжымалы мүлiктерi қаржысына салынған немесе сатып алынған мемлекеттiң меншiгi болып табылады.
2009 ж. 21 мамырдағы Хаттамамен 3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3-бап
Осы Келісімнің қолданылу кезеңінде теміржолдар мен станцияларға (бөлінген алапты қоса алғанда), құрылыстарға, ғимараттарға, қорғағыш және нығайтқыш екпе ағаштарға және теміржол көлігі мүлкінің өзге объектілеріне бөлінген бір Тарап мемлекетінің жерлері (бұдан әрі - теміржол көлігінің жерлері деп аталатын) жер қатынастары саласындағы тиісті уәкілетті органның не жер учаскесі меншік иесінің хабарламасымен жер учаскесі меншік иесінің келісімінсіз оларды жалға алушыға беру құқығымен мемлекет меншігінде теміржол көлігінің тиісті мүлігі бар екінші Тарап мемлекетінің жалдауында болады. Осы Келісім бойынша бірінші Тарап берген теміржол көлігінің жерлеріне жалдау ақысы екінші Тараптың теміржол көлігі жерлерін қарсы жалға беруі болып табылады. Бұл ретте теміржол көлігінің жері үшін жалға алу ақысының мөлшері бірдей деп танылады.
Жер салығы аумағында темір жол көлiгiнiң жерлерi орналасқан мемлекеттік заңдарына сай белгiленедi.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының, сондай-ақ Ресей Федерациясының темір жолдарының кәсiпорындары, мекемелерi мен ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру мен жою Жақтардың немесе Жақтармен жарияланып, олармен өкiлеттенген мемлекет органдарының келісімi бойынша солар орналасқан аумақтағы мемлекеттiң заңдарына сәйкес жүргiзiледi. Кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар қызметiн қаржыландыру солар енетiн темір жолдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Осы Келісімнiң қызмет аясына қатысты темір жол учаскелерi бойынша жолаушылар мен жүктердi тасымалдауға темір жол тарифтерiн қолдану тәртібі осы Келісімнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын № 2 Қосымшада келтiрiледi.
Кәсiпорындардың, мекемелердiң және ұйымдар қызметкерлерiнiң еңбегi мен еңбекақысының мәселелерi осы кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар құрамына кiретiн темір жолдардың мемлекеттік заңдарына сәйкес реттеледi. Аталмыш кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерi мен еңбек ардагерлерiне осы кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдарда жұмыс iстеген қызметкерлерге өздерi тұратын аумақтағы мемлекеттік азаматтары үшiн белгiленген барлық әлеуметтiк жеңiлдiктер мен кепiлдемелер жарамды.
Осы Келісімнiң қызмет аясына қатысты кәсiпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда сақтандыру қызметi өздерi орналасқан аумақтағы мемлекеттiң заңдарына сәйкес белгiленген тәртiпте жүзеге асырылуы мүмкiн.
2009 ж. 21 мамырдағы Хаттамамен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 9-бап
Бiр жақ мемлекетiнiң аумағынан сол мемлекеттiң аумағына, сондай-ақ бiр Жақ мемлекетiнiң аумағынан екiншi Жақ мемлекетiнiң аумағында орналасқан темір жол учаскелерi бойынша және сол темір жол шеңберiнде екiншi Жақ мемлекетiнiң аумағына тасымалданатын жолаушылар мен жүкке байланысты мемлекет шекарасының өту кезiнде ерiп жүретiн күзет қызметтерінің қарулы нарядтарын, жолаушы пойыздарына ерiп жүретiн милиция нарядтарын және жолаушы жүк пойыздарына ерiп жүретiн әскери нарядтарын (қарауылдарын), сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің орталық (ұлттық) банктерінің арнайы жүктерді алып жүретін инкассаторларын өткізу Жақтардың тиiстi органдарымен алдын ала мәлiмдей отырып, құзырлы органдармен қаруға берiлетiн құжаттарды ұсыну бойына кедергiсiз жүзеге асырылады. Күзет қызметтерінің, оның ішінде ведомстволық күзеттің қызметкерлері, Тарап мемлекеттерінің орталық (ұлттық) банктерінің инкассаторлары, қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі әскери нарядтардың (қарауылдардың) әскери қызметшілері және милиция (полиция) қызметкерлері жолаушылар мен жүкке еріп жүруге байланысты қызметтік міндеттерін атқару кезінде поезд жүріп өтетін аумақ бойынша сол мемлекеттің заңдарына сәйкес жолаушылар мен теміржол персоналдарын қорғау, айдауылдағы адамдардың қашып кетуінің жолын кесу, тасымалданатын жүктерді ұрланудан сақтауды және оларды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, өзін-өзі қорғауды қамтамасыз ету мақсатында табельдік қаруын қолдануға құқығы бар.
2009 ж. 21 мамырдағы Хаттамамен 9-1-баппен толықтырылды 9-1-бап
Теміржол учаскелерінің инфрақұрылымына, жылжымалы құрамға қызмет көрсету және жөндеу, техногендік сипаттағы төтенше оқиғаларды жою және алдын алу үшін Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасының аумағына және Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясының аумағына өтетін тауарлардың, (арнайы машиналар мен тетіктердің, жұмсалатын материалдардың, қосалқы бөлшектердің, құрал-саймандардың, мүкәммалдың) және көлік құралдарының орын ауысуын кедендік ресімдеу, кедендік және шекаралық бақылау сәйкес мемлекеттік органдардың лицензияларын, әкелуге немесе әкетуге рұқсаттарын және басқа рұқсаттарын ұсынбай, сондай-ақ баж алымдары мен салықтарды алмай, жеңілдетілген тәртіппен жүзеге асырылады. Теміржол учаскелерінің инфрақұрылымы объектілерін, жылжымалы құрамын жөндеу, қайта жаңарту, төтенше оқиғаларды жою және алдын алу үшін пайдаланылған, бірақ көрсетілген мақсаттарда жұмсалмаған тауарлар, (материалдар, қосалқы бөлшектер, құрал-саймандар, мүкәмммал, арнайы машиналар мен тетіктер) сондай-ақ көрсетілген жұмыстардың аяқталуы бойынша, көлік құралдары олар қай мемлекеттің аумағынан әкелінсе, сол мемлекеттің аумағына қайтарылуы тиіс. Теміржол учаскелерінің инфрақұрылымын (жөнделетін объектілерден алынған мүлік, материал, оның ішінде рельс-шпалдық тор) және жылжымалы құрамын жөндеу нәтижесінде пайда болған қалдықтар осы учаске темір жолы құрамына кіретін мемлекеттің аумағына ауыстырылуы тиіс. Екінші Тарап мемлекетінің аумағында орналасқан бірінші Тарап мемлекетінің темір жол учаскелеріндегі техногендік сипаттағы төтенше оқиғаларды жою және оның алдын алу үшін жолды, темір жол көлігі инфрақұрылымының өзге объектілерін, жылжымалы құрамды жөндеу және темір жол қатынасындағы өзге кедергілерді жою бойынша жұмыстармен айналысатын, персонал санатынан тұлғалардың осы екінші Тарап мемлекетінің аумағына кіруі визасыз режимде тұлғаны куәландыратын құжаттар көрсету кезінде жүзеге асырылады. Көрсетілген персонал құрамына кіретін және визасыз кіру режимін пайдаланатын тұлғалардың тізбесі тиісті теміржол учаскелерін пайдаланатын теміржол көлігі ұйымдары жасайтын тізімдер негізінде анықталады. Тізімдердің нысаны мен мазмұнын, оларды екінші Тарап мемлекетінің уәкілетті органдарымен келісу тәртібін, сондай-ақ мұндай қызметкерлер санаттарының тізбесін және олардың екінші Тарап мемлекетінің аумағына келу шарттарын Тараптардың уәкілетті органдары белгілейді.
2009 ж. 21 мамырдағы Хаттамамен 9-2-баппен толықтырылды 9-2-бап
Осы Келісімге 1-қосымшада көрсетілген теміржол объектілерін, сондай-ақ теміржол учаскелерінде тасылатын жүктерді қорғау жөніндегі күзет қызметін тиісті учаске немесе объект мемлекеттің теміржолы құрамына кіретін Тараптың таңдауы бойынша күзет қызметінің бөлімшелері жүзеге асырады. Бірінші Тарап мемлекетінің теміржолы құрамына кіретін, бірақ екінші Тарап мемлекетінің аумағында орналасқан теміржол көлігінің кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдары осы Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес екінші Тарап мемлекетінің аумағындағы күзет қызметіне лицензия алуға және күзет қызметін құруға құқылы.
2009 ж. 21 мамырдағы Хаттамамен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10-бап
Осы Келісімнің пәрменділік саласына қатысты мәселелер бойынша Тараптар арасындағы пікір-таластар мен даулар екіжақты келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.
Осы Келісім жақтардың өзаралық келісімi бойынша жазбаша түрде өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн.
Осы Келісім күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекет iшiнiң процедуралары орындалғаны туралы жақтардың соңғы мәлiмдеме жасаған күнiнен бастап күшiне енедi және жақтардың бiреуiнiң жазбаша түрде оның күшiн тоқтататыны туралы ниетiн мәлiмдеген күннен бастап алты ай өткенге дейiн пәрмендi болады.
1996 жылғы 18 қазанда Москва қаласында, екi данада, әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде, әрi екi мәтiннiң де күшi бiрдей болып жасалды. Осы Келісімдi түсiнуде өзгешелiктер туындаған жағдайда орыс тiліндегі мәтiн басымшылық алатын болады.
2009 ж. 21 мамырдағы Хаттамамен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы темір жол көлiгi кәсiпорындарының, мекемелерiнiң және ұйымдарының қызметiн реттеудiң ерекшелiк құқығы жөніндегі Келісімге № 1 Қосымша
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының меншік құқығы танылатын мүлікке қатысты мемлекет теміржол учаскелерінің тізбесі
А. Ресей темір жолдарының құрамына кіретін, Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан, мүлкі Ресей Федерациясының меншігі болып табылатын учаскелер: Привольжск темір жолы Мемлекеттік шекара - Молодость разъезі — мемлекеттік шекара (Верхний Баскунчак - Урбах желісі) Мемлекеттік шекара — Жәнібек станциясы - мемлекеттік шекара (Верхний Баскунчак - Урбах желісі) Оңтүстік Орал темір жолы Мемлекеттік шекара - Исян аялдау пункті - Еманкино аялдау пункті - мемлекеттік шекара (Қарталы - Золототая Сопка желісі) Мемлекеттік шекара - Орленок аялдау пункті - Петропавл станциясы қоса алғанда - Қарақоға станциясы - мемлекеттік шекара (Қорған - Петропавл желісі) Мемлекеттік шекара — Союзная станциясы - мемлекеттік шекара (Разведка - Рудный клад желісі) Батыс Сібір темір жолы Мемлекеттік шекара - Өрлітөбе басып озу пункті - Қызылтұз басып озу пункті - мемлекеттік шекара (Ертіс — Қарасу желісі) Б. Қазақстан темір жолдарының құрамына кіретін, Ресей Федерациясының аумағында орналасқан, мүлкі Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын учаскелер: Мемлекеттік шекара - Уютный разъезі — Қосарал разъезі - мемлекеттік шекара (Озинки — Илецк - Қандыағаш желісі) Мемлекеттік шекара - Локоть станциясы (Локоть - Семей желісі) Локоть станциясы - Третьяково станциясы - мемлекеттік шекара (Локоть - Защита желісі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы темір жол көлiгi кәсiпорындарының, мекемелерiнiң және ұйымдарының қызметiн реттеудiң ерекшелiк құқығы жөніндегі Келісімге № 2 Қосымша
Осы Келісімнiң қызмет аясына қатысты темір жол учаскелерi бойынша жолаушылар мен жүктердi
Ресей Федерациясының өз iшiнде және Қазақстан Республикасының өз iшiнде жолаушылар мен жүктердi транзитпен тасымалдауы кезiнде құрамына осы учаскелер енетiн темір жолдың тарифтерi № 1 қосымшаға сәйкес қолданылатын болады. Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ресейлiк темір жол стансаларына бағытталған, және керi қарай, және Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстанның темір жолы стансаларынан Ресей темір жол стансаларына және керi қарай бағытталған жолаушылар мен жүктердi тасымалдау кезiнде Ресей Федерациясының темір жолдарындағы пәрмендi тарифтерi қолданылады. Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясының аумағында орналасқан қазақстандық темір жол стансаларына бағытталған, және керi қарай, және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ресейлiк темір жол стансаларынан Қазақстанның темір жол стансаларына, және керi қарай бағытталған жолаушылар мен жүктердi тасымалдау кезiнде Қазақстан Республикасының темір жолдарындағы пәрмендi тарифтер қолданылады. Аталмыш тасымалдаулар үшiн валюта төлемi жақтардың мемлекетiнде пәрмендi ережелерге сәйкес белгiленедi. Осы Келісімнiң № 1 Қосымшасында көрсетiлген темір жол учаскелерiнде жолаушылар мен жүктердi тасымалдау кезiнде аумағында осы учаскелер орналасқан сол мемлекеттiң iшкi тарифтерi қолданылады. Бұл жағдайда тасымалдау үшiн төлемдер аумағында тасымалдау орындалатын мемлекеттiң валютасымен алынады. Халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауда пәрмендi халықаралық Келісімдерге сәйкес белгiленген тарифтер қолданылады.
|