«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы (2020.04.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 6 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкімі 4-тармағының 1) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысымен бекітілген
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидалары ҚР Үкіметінің 2018.26.10. № 690 Қаулысымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2018.26.10. № 690 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі - конкурс) өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. Конкурс жылдың басында жарияланады және «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына сәйкес Отбасы күніне орай қорытындыланады. Конкурсты өткізудің мақсаттары: 1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану; 2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру; 3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу, және кеңінен насихаттау; 4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|