Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы
Осы редакция 2016 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 40-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасы бекітілсін. 2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын. 3. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева), Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков), Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова) және Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Р.П. Шер) осы бұйрықты білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.А. Әбеновке жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығымен бекітілген
Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасы
Білім беру ұйымдарының түрлері: 1. Мектепке дейінгі ұйымдар: 1) бөбекжай; 2) балабақша; 3) отбасылық бөбекжай; 4) санаторлық бөбекжай; 5) «мектеп-балабақша» кешені; 6) мектепке дейінгі шағын орталық.
2. Жалпы орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта): 1) білім деңгейі бойынша: бастауыш мектеп; негізгі орта мектеп; жалпы орта білім беретін мектеп; 2) оқыту бейіні бойынша: гимназия; лицей; бейіндік мектеп; 3) оқуды ұйымдастыру жағдайы бойынша: шағын жинақты мектеп; тірек мектеп (ресурстық орталық); түзеу мекемелері жанындағы жалпы білім беретін мектеп; кешкі мектеп; девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымы; ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы; аурухана жанындағы мектеп; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|